Лекция. КӨркем сюжет пен оның ҚҰрамдас белгӏлерӏ. КӨркем шығарманың композициясы және оның элементтерӏ



бет4/8
Дата12.04.2022
өлшемі28,07 Kb.
#139028
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТЕОРИЯ ЛЕК4-1

Тура экспозицияда – автор оқырманды болашақ оқиғалар орнымен, адамдар тiршiлiк ететiн ортаман бiрден, тура таныстырады.
Мысалы, Б.Майлиннiң “Шұғаның белгiсiнде” сюжет бiрден басталмайды. Бiрiншi тарау түгелдей әңгiме iшiндегi әңгiмеге, яғни Қасымжан жайын, оның автор мен бiрге жолға шығуын баяндауға кетедi. Автор одан әрi де сюжеттегi тартыс басталмас бұрын оқушысын елмен, жермен, оқиғаға қатысатын адамдардың тiршiлiгiмен, оқиға өтетiн ортадағы жалпы жағдаймен таныстырып алады.
Сюжеттiк байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттiң басы, тартыстың басталуы iспеттi. “Шұғаның белгiсiнде” сюжеттiк байланыс Әбдiрахманның Есiмбек аулына алғаш келген, оны Шұғанның көрген жерiнен басталады.
− Әбдiрахман ғой – дедiм.
− Әбдiрахманың кiм?
− Қазақбайдың баласы.
Иә, әлгi учитель баласы ма? ...
Сюжеттiң дамуы адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетiнен туған түрлiше жағдайларға байланысты (фр. -ситуация), шиеленiстерге (интрига) байланысты.
Шарықтау шегi (кульминация) –сюжеттiк дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-харекеттiң мейлiнше күшейiп, өрбiп жеткен жерi, шығармадағы драмалық тартыстың өрiсiнен шыққан биiгi. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам мiнездерi жан-жақты ашылады. Сайып келгенде, сюжеттiк шарықтау –шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзектi оқиғалардың шоғырлануы. “Шұғаның белгiсiндегi” сюжеттiк шарықтау шегi – Шұғаның қатты құса болып, ауруға шалдығуы; қызының оңалмас түрiн көрген Есiмбектiң Әбдiрахманды амалсыз тұтқыннан босатуы. –Жазылып керегi не? –дейдi ол Қасымжанға . Бәрiбiр мен бақытты бола алмаймын … Бұл Шұғаның соңғы сөзi. Шығарма сюжетiн ширықтырып әкеп, шарықтау шегiне жеткiзiп тұрған да осы.
Шешiм (орысша развязка) –шығарма сюжетiнiң шешушi кезеңдерiнiң бiрi; суреткердiң өзi суреттеп отырған өмiр шындығына шығарған “үкiмi”, адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделi күрестердiң бiтуi, түрлiше тартыстардан туған нәтиже, оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал- күйi.
“Шұғаның белгiсiндегi” сюжеттiк шешiм –Шұғаның қайтыс болуы.
-Есiттiң бе, Шұға қайтыпты –ау, -дедi. Суық суды төбемнен құйып жiбергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым … Жиналған жұрттың бәрi де бастарын шайқасты:
-Өй, Шұға десе – Шұға едi – ау! – дестi.
Бұл шешiмнiң күштiлiгiн оқып, әсерiне бөленген адам анық аңғарады.
Мiне, солайынша көркем сюжеттiң жүрегi болған конфликт байланыстан басталып, шығарманың кульминациясында өзiнiң ең жоғарғы нүктесiне жетедi де, шешiмде үзiлдi-кесiлдi аяқталады.
Пролог (гр. сөз басы, алғашқы сөз) –көркем шығармадағы кiрiспенiң бiр түрi болып, бұндай кiрiспе оқырманды автордың мақсат-ниетiмен, оқиғалардан ең алғашқыларының қысқаша мазмұнымен, драмалық шығармаларда болса, персонаждармен (қатынасушылар) таныстырады. С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Ә.Нұршайықовтың “Махаббат, қызық мол жылдар” романдарында прологтың жақсы үлгiлерi бар.
Эпилог – (гр. - соңғы сөз) - көркем шығарманың соңында қаһармандардың кейiнгi тағдырын айтып беретiн қорытынды. М.Әуезовтың “Абай жолы”, С.Мұқановтың “Ботакөз”, Ғ.Мүсiреповтың “Ұлпан” т.б. шығармаларда эпилог берiлген.
Көркем сюжеттiң барлық элементтерiн, түрлерiн кез келген шығармадан iздей беруге болмайды. Себебi, бiр қатар шығармаларда сюжет элементтерiнiң бiреуi не екеуi болмауы да ықтымал. Ал кейбiр шығармаларда сюжеттiң элементтерiн бiр-бiрiнен айырып та болмауы мүмкiн.
Әдебиеттану ғылымында “сюжет” пен “фабула” атауын қолдануда айырмашылық бар. Бiр қатар әдебиетшiлер бұл екi атаманы –синоним ретiнде қарайды, ал басқалары бұларды ажыратып қарастырады. Әсiресе, Россия формал мектебi өкiлдерi – “фабула” дегенде шығармаларда суреттелетiн оқиғалардың өмiрде болған тәртiбiн, “сюжет” дегенде олардың шығармада орналасу тәртiбiн түсiнедi. Оқиғалардың өмiрдегi тәртiбi мен олардың көркем шығармада орналасу тәртiбiн айыра бiлу – көркем шығарманың құрылысын үйренуде ерекше маңызға ие.
Композиция. Композиция (латын сөзi –kompositio – құрастыру, тәртiпке келтiру) –көркем шығарманың құрылысы.
Көркем әңгiме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегенiмiз – шығармадағы адамдардың бiр-бiрiмен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары – шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейдi; белгiлi бiр тәртiппен дамиды.Бiр оқиға себеп болса, екiншiсi оның нәтижесi. Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмiр шындығы, өмiрге екi түрлi көзқарас, екi түрлi мiнездiң түйiсуi екендiгi аңғарылады. Оқиғаның белгiлi бiр мекенде, белгiлi мезгiлдерде болғандығы көрсетiледi.
Әңгiме адамдар туралы болғандықтан, олардың сыртқы пiшiнi, кескiнi, мiнез-құлқы, iс-әрекетi, күйiнiш, сүйiнiшi, сөйлеген сөзi - қысқасы, өмiрдегi адам қандай болса, көркем шығармада да бiз тап сондай адамдарды кездестiремiз. Сөйтiп шығармада кездесетiн оқиғаның осылар тәрiздi, әр алуан бөлшектердiң қалауын тауып жазушы асқан шеберлiкпен қиюластырып, бiр бүтiн нәрсе етiп шығарады. Мiне, осыны шығарманың композициясы – құрылысы – деп атайды.
Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы не нашар шығарма деп баға беруде шешушi роль атқарады. Оқығанда бас алғызбай тартып әкететiн оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей, ерекше көзге түсетiн образы – типi – ұнамды образдардың рух берерлiк ерлiктерi, ұнамсыз образдардың жан түршiктiктiрерлiк жауыздықтары және өзектi өртерлiк трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғи заңдылықпен мүлтiксiз шебер қиюласуы – композицияның iсi. Егер ол болмаса, бiр-бiрiмен байланыссыз оқиға да, әдемi пейзаж, портреттер де, үздiк жасалған әдеби мiнездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар едi. Ондай шығармалардың оқиға дамуларында композициялық бүтiндiк жоқ, сондықтан көркемдiк дәрежеге көтерiле алмаған әлсiз, құнсыз шығарма дер едiк.
Сонымен қатар композиция, сюжет деген терминдердiң мағыналарын аша түсетiн бiрнеше жайттарға тоқтала кетуге тура келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет