Лекция. КӨркем сюжет пен оның ҚҰрамдас белгӏлерӏ. КӨркем шығарманың композициясы және оның элементтерӏ



бет3/8
Дата12.04.2022
өлшемі28,07 Kb.
#139028
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТЕОРИЯ ЛЕК4-1

Сюжет элементтерi.
Өмiрдегi барша оқиғалар сияқты сюжет те бiрдеңеден басталады, дамиды және бiр нәрсемен аяқталады. Осыған орай сюжетті өзара байланысты бөлiктерге ажыратып үйрену мүмкiн. Ірi көлемдi, классикалық туындыларда сюжеттiң экспозиция, байланыс, оқиғаның дамуы, кульминация және шешiмi тәрiздi негiзгi элементтерi болады. Кейбiр шығармаларда сюжеттiң қосымша элементтерi –пролог пен эпилогтар да кездеседi.
Экспозиция (лат. exposito -түсiндiру) – сюжеттiң кiрiспе, басталу бөлiмi, шығармадағы оқиға болып өтетiн мекен, кейiпкерлердiң конфлiктiге дейiнгi уақыттағы келбетiн, жай-күйiн көрсететiн жағдай суретi. Экспозиция әрекеттi белгiлемейдi, керiсiнше iс-әрекет үшiн фон болып қызмет етедi.
Экспозиция сюжеттiң байланысы сияқты шығармадағы оқиғаның кейiнгi дамуына әсер етпейдi.
Экспозиция шығармадағы орнына орай әртүрлi болады:
а) тура экспозиция – шығармада оқиғаның басталуынан бұрын келедi.
ә) кешiктiрiлген экспозиция –сюжеттiң байланысынан соң жазушының кейiпкер туралы беретiн мәлiметi.
б) керi экспозиция – сюжеттiң шешiмiнен соң кейiпкер туралы берiлетiн қосымша мәлiмет. (Гогольдiң “Өлi жандарында” соңынан Чичиков туралы берiлетiн мәлiмет).
Кейбiр iрi көлемдегi шығармаларда экспозициялық мәлiмет сюжеттiң әртүрлi орындарында берiлуi ықтымал. Мысалы, Л.Толстойдың “Соғыс және бейбiтшiлiк” романында бiрқатар кейiпкерлерге тиiстi экспозициялық мәлiметтер сюжеттiң әр жерiнде шашыратып берiлген. Бұндай экспозицияларды шартты түрде шашыраңқы экспозициялар деп атаса болады.
Әр түрлi жанрдағы шығармаларда экспозиция әр түрлi болады. Драмалық шығармада экспозициялық мәлiмет автор тiлiмен емес, керiсiнше кейiпкер туралы мәлiмет басқа образдардың сөздерiмен берiледi яки сездiрiледi. Өте шағын әңгiмелерде әдетте, экспозиция өз алдына берiлмейдi, бiрақ оқырман оны сезе алады.
Сюжеттiң басталуы (латынша экспозиция) оның кiрiспесi iспеттi, мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тiршiлiк, қоғамдық орта суреттеледi. Экспозицияның бiр ерекшелiгi – ол шығарманың сюжеттiк желiсiндегi өмiрлiк тартысқа тiкелей ықпал жасамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет