3. Maple жүйесінде математикалық формулаларды енгізу
Maple жүйесінде жұмысты restart бұйрығын жазумен бастаңыз. Бұл бұйрық Maple жүйесін қайтадан іске қосады.
Кейбір бастапқы түсініктер
Біз Maple 10 символдық математика жүйесін қарастырамыз.
Кейбір тұрақтылар:
Pi – бұл = 3,1415926... саны,
exp(1) – бұл e = 2,71828182... саны,
infinity – бұл (+) сымволы,
I –жорамал бір (i2 = –1),
false – бұл логикалық “жалған ”,
true – бұл логикалық “ақиқат”.
Айнымалының аты (идентификатор). Идентификатор – бұл ағылшын әріптерінен, сандардан, белгілерден құрылған сөз. Үлкен және кіші әріптер ажыратылып тұрады. Мысалы: x, x1, x_1, ss2, integral_10, urav1, my_solve_1. Maple жүйесінің кез келген объектісі идентификатормен белгіленеді. ss1:=x^2+4*x–5=0 өрнегінде x2+4x–5=0 квадрат теңдеуі ss1 идентификаторымен белгіленеді дегенді білдіреді. Мұндағы := меншіктеу белгісін білдіреді. Енді, егерде қандайда бір Maple-мәтінінде ss1 атауын кездестірсек, онда оның орнына теңдеу жазылады деп түсінуіміз керек.
Cандар
Cандар бүтін, ондық бөлшекті, жай бөлшекті, нақты, комплексті түрде болады.
123, –9999, 100000 – бүтін сандар,
123.56, 0.987, .987, –.987, 1.0, 1. – ондық бөлшекті сандар,
1/2, 345/23, –5/34 – жай бөлшекті,
12e–2, –0.0345е3 – нақты сандар (біріншісі 1210–2 = 0,12,екіншісі –.0345103 = –34,5).
3-5*I, 2.4*I, 3e–1+6*I – комплекс сандар.
Амалдар
Арифметикалық амалдар:
+ (қосу амалы),
– (алу немесе таңба өзгерту амалы),
* (көбейту амалы),
/ (бөлу амалы),
^ (дәрежелеу амалы).
Логикалық амалдар:
< (салыстыру амалы «кіші»),
> (салыстыру амалы «үлкен»),
Достарыңызбен бөлісу: |