Лекция Лекция тақырыбы: Математикалық есептерді шешуге арналған қолданбалы программалар пакеттері. Maple жүйесі Жоспар: Кіріспе. Қолданбалы программалар пакеттері жайлы түсінік


Maple жүйесінің тарихы және интерфейсі



бет2/7
Дата27.10.2023
өлшемі72,14 Kb.
#188735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-8-Maple

2. Maple жүйесінің тарихы және интерфейсі
Мaple жүйесін Канаданың Waterloo университетінің бір топ программист – зерттеушілерінің бағдарламасы есебінде бірінші рет 1980 жылы жарияланған. Бұл жүйені ойлап тапқан программистердің негізгі мақсаты математика есептерін шешу кезінде бағдарламашы-мамандар яғни математиктер немесе инженерлердің талаптарын қанағатандыру, сонымен бірге жоғары математиканы оқу, үйрену кезінде қолданылатын компьютерлік жүйе жарату болған. Бастапқы уақытта Maple жүйесі математик–студенттерге ғана арналған болса, оның кейінгі жылдары мүмкіншіліктерінің дамуы нәтижесінде, ерекше айтқанда оның графикалық интерфейсі күшейгеннен кейін бұл бағдарламадан пайдаланушылар саны математикадан басқа салада оқитын студент және аспиранттар есебінен артып келеді. Қазіргі күнде Maple жүйесінің 10-нан астам версиясы жасалынып, оның Математика, Графика, Студент, Инженерлік және Ғылыми есептер және де басқа пакеттері жасалынған. Бұл пакеттер математика есептерін шешуде қолданылатын дайын бұйрық процедураларды сақтайды. Сонымен қатар, бағдарламашы - мамандардың ерекшелігін есепке ала отырып, бұл жүйеде күшті программалау тілі де жасалған.
Maple жүйесі Microsoft Windowsтің кез-келген қолданбалы жүйесі сияқты стандартты бұйрықтар, панельдер пернелерімен қамтамасыз етілген. Бұл бұйрық және пернелер Maple жүйесінің ерекшелігін есепке алған болса да Windows программаларының жалпы интерфейсі сақталған болып, пайдаланушылар жүйемен жұмыс істеген кезде ерекше дайындығы болуы шарт емес.
Жүйемен жұмыс істеу интерактивті режимде жургізіледі: мұнда пайдаланушы бұйрықты ендіреді, кейін пернесын шертеді- орындалған амал нәтижесі экрандағы жұмыс парағына шығады.
Бұйрықтар топтарға бөлініп, олар жазылу тәртібімен орындалады. Орындалған бұйрықтардың нәтижесі графика болса да, сандық шамалар болса да экранда айқын көрінеді. Қазіргі таңда жүйеде жалпы 3000-ға жуық бұйрықтар іске қосылған, олар жүйенің базалық тілі болып табылады. Бұл бұйрықтар функцияларды интегралдау, дифференциалдау, теңдеулерді шешу және сол сияқты проблемаларға қатысты. Бұл бұйрықтар әдейі мақсатта жасалынған пакеттерде сақталынады және олардың көпшілігі пакеттердің атын жазған кезде ғана орындалады. Жүйенің әрбір жаңадан версиясы жасалған кезде оның мүмкіншіліктері артады. Соның нәтижесінде Maple жүйесі көмегімен теориялық физика, математика, қаржы, статистика, биология, медицина есептерін шешу мүмкін болып отыр. Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың дамуын есепке алып, бұл жүйеде Web-технологиялар да есепке алынған. Дайындалған құжаттарды HTML, Word, Latex форматтарына өткізуге болады. Мұнда дайындалған құжаттарда сақталған графика және басқа мәліметтерді жоғарыда айтылған программаларға өткізіп және керісінше Maple жүйесінде қайта пайдалануға да болады.
Maple құрамында көптеген библиотекалар бар. Оларды with(библиотека аты) бұйрығы көмегімен қосамыз. Мысалы DETools библиотекасында дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған функциялар бар.
Maple тілінің алфавиті 26 кіші және 26 үлкен латын әріптерінен, 10 араб сандарынан 32 арнайы символдар мен кілттік сөздерден тұрады.
Әрбір енгізілген сөйлем (;) немесе (:) аяқталуы керек. Егер сөйлем (;) аяқталса, онда бірден нәтиже шығады, ал егер де (:) аяқталса, онда экранға нәтиже шығарылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет