Лекция Лекция тақырыбы: Математикалық есептерді шешуге арналған қолданбалы программалар пакеттері. Maple жүйесі Жоспар: Кіріспе. Қолданбалы программалар пакеттері жайлы түсінік



бет7/7
Дата27.10.2023
өлшемі72,14 Kb.
#188735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-8-Maple

factor() – полиномды көбейткіштерге жіктеу. Бұл бұйрық бірнеше айнымалыдан тәуелді полиномды көбейтіштерге жіктейді.
Мысалы:
>factor(x^3*y-x^3*b-x^2*a*y+x^2*a*b+2*x^2*y^2-2*x^2*y*b-2*x*y^2*a+
2*x*y*a*b+y^3*x-y^2*x*b-y^3*a+y^2*a*b);



normal() командасының мақсаты – алгебралық бөлшектерді қамтитын өрнекті ортақ бөлімге келтіру және шыққан алгебралық бөлшекті алымы мен бөлімін ең үлкен ортақ бөлгішке қысқартып ықшамдау. Бұл команданы екі түрлі формада шақыруға болады:
normal(f);
normal(f, expanded);
мұнда – алгебралық бөлшек, ал expanded параметрі арқылы бөлшекті қысқартқаннан кейін алымы мен бөлімінде жақшалардың ашылатындығын көрсетуге болады.
Мысал:
>fr:=1/(x+1)+1/x+x/(x+1);

>fr:=normal(fr);

>f:=(x^2-y^2)/(x-y)^3;

>normal(f);

>normal(2/x+y/3=0);

combine() командасы – белгісіздердің қосындысы, көбейтіндісі немесе дәрежелері арқылы берілген өрнектердің бірнеше мүшесін әр алуан ережелерді пайдалана отырып бір мүшеге келтіреді. Бұл ережелер expand() командасы арқылы қолданатын ережелерге қарама-қарсы. Мысалға, белгілі тригонометриялық қатынасты қарастырайық:


.
expand() командасы бұл қатынасты солдан оңға қарай қолданады, ал combine() командасы керісінше әрекет етеді, яғни синустар мен косинустар көбейткіштерінің қосындысын бір ғана тригонометриялық функция ретінде береді.
collect() – командасы бірнеше айнымалылары бар жалпыланған полиномдарымен жұмыс істейді, яғни полиномда белгісіздер ретінде Maple-дің белгісіз шамалары болып табылатын аргументі бар функциялар болуы мүмкін. Бұл команданың синтаксисі келесі үш формада болады:
collect(өрнек, x);
collect(өрнек, x, form, func);
collect(өрнек, x, func);
Мұндағы x параметрі белгісіз шаманың атауы.
Мысалы:
>g:=int(x^2*(exp(x)+sin(x)),x);

>collect(g,x);

>collect(g,exp(x));

>collect(g, cos(x));

assume() командасы – белгісіз шамаларға шектеулер қояды. Оның синтаксисі төмендегідей:
assume(x, қасиет);
Мұндағы x – Maple-дің кез келген анықталмаған айнымалысын білдіреді немесе осындай айнымалылары бар өрнекті білдіреді. Ал қасиет параметрі қасиеттердің атауларына тең мәндерді (айнымалғы немесе бірінші параметрі арқылы анықталған өрнектекрге әр алуан шектеулерді беру үшін Maple жүйесі белгілеп қойған арнайы симводық атаулар), мәліметтер түріне байланысты атаулар және сандық диапазонды қабылдай алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет