Нәтиже экранда: 120 120
> signum(0); signum(-2.5); signum(1234.780);
Нәтиже экранда: 0 –1 1
Мысал:
> ((2*a^2-4*a-6)/(9*a^2-16))*((6*a-8)/(a+1));
Бұл өрнекті ықшамдау үшін simplify(%) бұйрығын беруге болады.
> simplify(%);
4. Maple жүйесінде өрнектерді түрлендіру бұйрықтары
Maple жүйесінде алгебралық өрнектерді көбейткіштерге жіктеудін әр түрлі бұйрықтарын қолдануға болады.
simplify(өрнек) – өрнекті ықшамдау бұйрығы. Бұл бұйрық әр түрлі өрнектерді ықшамдауға арналған. Мысалы: алгебралық, тригонометриялық функциялары бар, логарифм бар т.т. өрнектер.
Simplify(өрнек, assumе=қасиет); Мұнда қасиет деген параметр төмендегі мәндердің бірін қабылдауы мүмкін:
complex – комплекс облыс;
real – нақты облыс;
positive – оң нақты сандар;
integer – бүтін сандар;
RealRange(a,b) – (a,b) нақты сандар интервалы.
Simplify() бқйрығын қолдану мысалдарын қарастырайық.
> f:=ln(exp(x));
> simplify(f);
> simplify(f, assume=real);
> a:=1/sqrt(5)*(((1+sqrt(5))/2)^3-((1-sqrt(5))/2)^3);
> simplify(a);
2
Ал егерде өрнекті ықшамдағанда қандай да бір мүшесі нөлге тең болу керек болса, онда анықтама тізіміне өрнекті теңдіксіз енгіземіз.
Мысал:
> g:=a^2+b^2+3*c;
> simplify(g, {b^2, a^2+c=1});
2c+1
expand() – өрнекте жақшаларды ашу, көбейтіндіні қосынды түрінде көрсету, яғни бұл бұйрық көмегімен алгебралық өрнекте жақшаларды ашуға болады. Ол кез келген полином үшін орындалады. Бұл бұйрық көптеген математикалық функциялармен жұмыс істей алады және де sin(x), cos(x), tg(x), sh(x), ch(x), th(x), ln(x), exp(x) функциялары бар өрнектерде жақшаны аша алады. Бұл бұйрықтың синтаксисі төмендегідей:
expand(өрнек, өрнек1, өрнек2, ..., өрнекn); – мұндағы өрнекте жақшаларды ашу қажет, ал қалған параметрлері өрнек1, өрнек2, ..., өрнекn жүйеге өрнектегі жақшаны ашудың қажеті жоқ екендігін көрсетеді.
> expand((x+1)*(x+2));
> expand((x+1)^3/(x+2)^2);
> expand(sin(x+y));
> expand(exp(a+ln(b)));
> expand((x+1)^2*(y+z),x+1);
Достарыңызбен бөлісу: |