Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет164/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Жоспарлаудың критерийлері

Қиындықтың болуын жою.Күрделі процесті азайту

  1. Инерциялау қызметі

  2. Болжау қызметі

  3. Басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б.

    1. Жоспарлаудың құраушылары

Жоспарлау процесімен қатар бірге жүретін және оның механизмін жүзеге асыратын бірнеше экономикалық элементтер бар. Бұл элементтер жоспардың құраушылары болып табылады. Жоспарлаудың құрушылары мақсаттар, саясаттар, әдіс, бюджет, бағдарлама, нормативтер, ережелеры, әдістер және сметалар болып табылады.
Мақсаттар
Мақсат алдын ала күтілген нәтиже болып табылады. Жоспарлауда табысқа жету үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Кәсіпорынның барлық іс-шаралары мен жұмыстары осы мақсатқа сай жоспарланады.
Саясат
Саясат “басқарушылар шешім қабылдағанда басшылыққа алатын қағидалар тізбегі” болып табылады. Бұл қағидалар кәсіпорын басшылары атқаратын күнделікті іс-шараларда және қабылдайтын шешімдерде жетекшілік етеді. Мысал ретінде, өндіріс процесінде тауардың сапасының жоғары деңгейлігін сақтап қалу кәсіпорынның саясаты болып есептелгендіктен оны жоспарға енгізу міндетті.
Әдіс
Әдістер, кәсіпорынның болашақтағы іс-шараларының қалай істелетінін көрсететін әдіс-амалдардан тұрады. Бұлар іс-шаралардың қалай істелетін хронологиялық ретпен талдап көрсетеді. Мысалы экономикалық әдістер, психологиялық әдістер, әлеуметтік-психологиялық әдістер, өзін-өзі басқару әдістері т.б. Бұлар жоспарды жүзеге асыруды басқару үшін аса қажет.
Бюджет
Бюджет, бір кәсіпорынның іс-әрекеттерін алдын-ала қарастырылған нәтижесін сандық жүйе арқылы белгілейтін жоспар. Бюджет жоспардың жүзеге асуы үшін жұмсалатын қаражаттардың кірісі мен шығыстарын көрсетеді.
Бағдарламалар
Бағдарламалар мақсаттардың, саясаттардың және кейбір міндеттердің байланысу (қарым-қатынастық) бөлімін құрайды. Жасалынуы жоспарланған іс-шаралардың және ол үшін бөлінетін ресурстардың нақты тізімінің дайындалуын мекен және уақыттың белгіленуін кім тарапынан және қай уақытта жасалатын қамтитын процесс. Бағдарламалар, кәсіпорындарда төменгі деңгейдегі басқарушылардың қызметі және бір рет қолданылатын жоспар болып табылады.
Стратегиялар
Нарықтық экономика және бәсекелестік жағдайда кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталарын анализ жасай отырып, алдағы атқаратын жұмыстарын алдын ала болжау және келешектегі алатын орнын анықтау процесі оның стратегиясы болып табылады. Нақтырақ айтар болсақ кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары мен сыртқы ортадан келетін қауіп-қатерлер мен мүмкіншіліктерге анализ жасай отырып кәсіпорынның алдағы уақытта бағыт-бағдарын анықтау және оны басқару стратегиялық басқаруды қажет етеді.
Тактика
Тактика - қысқа мерзімді шешімдерден тұратын іс-әрекеттердің түрі болып табылады. Стратегия мен тактика арасында өте жақын байланыс бар. Стратегия - қайда бару керектігімізді әрі не үшін баратынымызды білдіреді. Ал, тактика болса, сол жерге қалай жететінімізді көрсетеді. Стратегиялар жалпы алғанда жалпылықты әрі ұзақ уақытты қамтиды, тактика болса көбінесе қысқа уақытпен байланысқан әрі шектеулі функциялар болып табылады.
Нормативтер
Нормативтер жұмыстың қалай жасалу керектігін (қандай стандартпен, қандай көрсеткіштермен ) көрсетеді және заңдылық күші бар іс-әрекеттер болып табылады.
Смета
Белгілі бір жұмыстың бітуі үшін жұмсалатын шығындарды құрайтын бірлік өлшемдері мен бағасы белгіленген активтердің жиынтығын көрсететін тізімді смета дейміз.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет