Бақылаудың принциптері Бақылау тұтастай қамтылуы принципі: Әрбір басшы өзін-өзі басылауы тиіс.
Бақылау басқару процесінің негізгі элементі: Басқарумен бөліп қарастыруға болмайды.
Жүйелік және жан-жақтылық: Тексеру барысында тек кемшіліктерді ашып қана қоймай, оны жоюдың жолдарын да қарастыруы тиіс.
Басқарудағы бақылаудың түрлері 1. Алдын-ала бақылау
2. Ағымдық бақылау
3. Қорытынды бақылау
Алдын ала бақылау: Мұндай бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары
белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау 3 сала, яғни адамдар, материалдар және қаржы ресурстары тарапынан жүзеге асырылады.
Адам ресурстары саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттерін орындауға қажетті кәсіптік білім мен шеберлігін мұқиат талдау және біршама дайындығы мен біліктігі бар адамдарды таңдау арқылы жүргіздіріледі.
Материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда матерал сапасының стандарттарға сәйкестігі, жаңадан түскен материалдардың жай-күйі, жарамдылығы анақталады.
Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудағы маңызды буын-бюджет. Бюджет алдын ала бақылаудың механизмі болып саналады.