Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет187/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Ағымдағы бақылау: Ағымдағы бақылау жұмыс барысында жүзеге асырылады, оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшы. Бағынышты адамдардын жұмысын ұдайы тексеру, жұмысты жетілдіру мақсатында туындаған проблемалар мен ұсыныстарды талқылау белгіленген жоспарлар мен нұсқаулардан ауытқуға жол бермейді.
Ағымдағы бақылау нақты жұмысты орындаумен бір мезетте жүргізілмейді. Оның өзі жұмыс орындалғаннаи кейінгі нақты нәтиженің елшемін білуге, ойланған мақсатқа жетуге негізделеді. Ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау аппаратына ақпараттар, яғни кері байланыс қажет.
Кері байланыс жүйесі — алынған нәтижелер туралы деректер.
Кері байланыстың қарапайым мысалына басшынын қарамағындағы адамның канағаттанарлыксыз жұмысы туралы хабарын айтуға болады. Кері байланыс жүйесі басшыға көптеген күтпеген проблемаларды айқындауға, соған сәйкес тиісті шаралар қолдануға, қойылған мақсаттан ауытқуды дер кезінде болдырмауға мүмкіндік береді.
Кері байланыстың барлық жүйесі (биологиялық және ұйымдық) бірден-бір іргелі элементтерден тұрады, әрі бірден-бір принциптермен жұмыс істейді.
Кері байланыстың барлық жүйесінде:

  • мақсаты болады;

  • сыртқы ресурстарды пайдаланады;

  • сыртқы ресурстарды ішкі ресурстарға пайдаланады;

  • белгіленген мақсаттың едәуір ауытқуын қадағалайды;

  • белгіленген мақсатқа жету үшін осы ауытқуларға түзету енгізеді.

3. Қорытынды бақылау. Мұның екі маңызды қызметі бар.
Бірінші қызметі: егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда, қорытынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыру арқылы басшының жоспардың қаншалықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік болады. Мұның өзі, сонымен қоса, пайда болған проблемалар туралы ақпарат алуға, сөйтіп болашақта мұндай проблемалардан құтылу үшін жаңа жоспар жасауға ықпал етеді.
Қорытынды бақылаудың екінші қызметі мотивацияға ықпал етеді. Егер ұйым басшысы мотивациялык көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда, урмне. накты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет.
Сонымеп кез келген жобаның және кезендегі жұмыстың аяқталу нәтижесін бақылау артқа сондай-ақ алға зер салудың, әрі келесі сұрақтарға жауап берудің негізі болуы тиіс:

  • біз нені үйрендік?

  • келесі жолы калайша басқаша істеуге болады?

  • белгіленген межеден ауытку себебі неде?

  • жаңа мақсатты ойластыру үшін қандай тоқтамға келу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет