Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет189/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   292
Байланысты:
менеджмент

2. Бақылау процесі
Бақылау процесі негізінен 3 процестен тұрады:
1-ші процесс: Стандарттар мен критерийлерді белгілеу
2-ші процесс: Нақты нәтижені стандарт пен критерийлермен салыстыру
3-ші процесс: Қажетті іс-шараларды қабылдау
Осы 3 процестен кейін бақылаушы төменде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауға мәжбір. Олар;

  • ештеңе істеме;

  • ауытқуларды алып таста;

  • стандарттарды қайта қара.

Бақылау процесі үш кезеңнен тұрады: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру, енгізілетін қажетгі түзетулерді қабылдау, олардын әрқайсысында алуан түрлі шаралар жиынтығы жүзеге асырылады.


Стандарттарды белгілеу. Бақылауға пайдаланылатын барлық стандарттар ұйымның мақсаты мен стратегиясына орай тандап алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарт ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың маңызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар уақыт аясының болуымен, сол уақыт аралығында жұмыстың орындалуымен сипатталады, сол арқылы жұмыстың орындалу дәрежесін бағалауға болады.

Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер сандық өлшем мен беріледі. Алайда ұйымда сандық өлшемге келмейтін мақсаттар мен міндетгер бар. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал-ахуалы туралы мәлімот алуға болады.


Қол жеткен нәтижені белгіленгеп стандарттармен салыстыру процесінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер кол жеткен нәтижелердің алдын ала күтетін нәтижелермен сәйкес келуін, әрі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айқындапды. Бақьыаудың осы кезеңінде тиісті баға беріліп, оның өзі тиісті шешім қабылдауға негіз қалайды. Мұндағы мақсат ауытқу аукымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау (12-схема).

Ж оғары буын басшылары мүмкін болатын ауытқуды, сол арқылы алынған нәтиженің белгіленген нәтижеден ауыткуы кауіп-катер туғызбауы тиіс.


Шағын бизнесмендер де осылай істеуі мүйкін. алайда оларда ауытқу ауқымы шамалы болады.
Егер макты нәтижені стандартпен салыстырғанда кездеген мақсатқа жсткені айкындалса, онда ештеңе колданбауды ұсынады.
Ауытқу байкалған жағдайда, сол ауыткудың себебі анықталса, опда ұйымды жоспарланған іске қайтару шараларын қолданып, ауытқуды жояды.
Түзету енгізуді бір ішкі ауыспалы факгорлардың мәнін жақсарту, басқару қызметін немесе технологиялык процестерді жетілдіру арқылы жүзеге асыралы.
Стандарттар жоспарларға негізделеді, ал мұның өзіболашақ боджамы ғана болып саналады. Сопдықтан стандарттар нақтылы болмаса, онда жоспар да, стандарт та қайта қаралады (көбейтеді немесе кемітеді).
Бақылаудың :жономикалық тиімділігін арттыру үшін ерекшелік принципі бойынша бақылау тәсілін қолданады, мұндайда стандарттан едәуір ауытқу байқалғанда ғана бақылау жүйесі іске кіріседі.
Нәтижелерді өлшеу — бақылаудың қиын да, қымбатқа түсетін элементі.
Ұйымның мақсатына жетуді көздейтін күллі бақылау, кәсіпорынның қызметіне сәйкес келетін өлшем бірліктерін, жылдамдық жиілік және дәлдік өлшемдерінің қолайлы бірліктерін таңдап алуды қамтамасыз етеді.
Аудиторлық тексерудің және материалдық қорларды түгендеудің кезенділігі белгіленеді. Бақылау өлшемі үшін компьютерлерді пайдаламу мұндай тексеруді жедел, арзан, әрі дәл жүргізуге мүмкіндік береді.
Бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуде мәліметтерді берудің және таратудың зор ролі бар. Бақылау жүйесі тиімді әрекет ету үиіін міндетті түрде тиісті жұмыскерлерге белгіленген стандарттарды, қол жеткен нәтижелерді хабарлап отыру қажет. Бұл мәліметттер дәл болуы, уағында келіп түсуі және де қажетті шешімдер мен әрекеттер жасау үшін басшыларға дер кезінде беріліп отыруы тиіс. Стандарттар қызметкерлерге барынша түсінікті болсын.
Алынған нәтижелер туралы мәліметтерді салыстырып бағалаудын корытынды кезеңінде менеджер алынған мәліметтерді бағалауды және алдағы іс-әрекеттері жайлы шешім қабылдайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет