Дәлдік. Іскер адамға тән этикалық нормалардың маңыздыларының біреуі болып табылады. Келісім-шарттың мерзімін дәл уақытында минутымен сақтау қажет. Қандай кешігу болмасын іскерлікте сіздің сенімсіз екеніңізді куәландырады.
Адалдық.Қабылдаған міндеттерде адалдығын енгізіп қана қоймай, сонымен бірге серіктеспен қарым-қатынаста ашықтығын, оның сауалдарына тікелей іскерлік жауабын да енгізеді.
Орындылық және әдептілік. Орындылық сақтау кезінде келіссөз жүргізгенде қайсарлық пен жігерлілікті жоймайды. Наразылық , екіжақты қарсы шығу, орынсыз әңгімелер және т.б. келіссөз жүргізуге кері әсерін тигізетін факторлардан аулақ болу керек.