Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет73/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Ұйымдық құрылым
Ұйымның қайнар элементі-құрылымы. Ұйымның құрылымы ұйымда қалыптасқан қызметтердің түрлері мен родерінің бөлінуі, олардың әртүрлі бөлімшелер шектерінде бірігуі, осы бөлімшелер арасындағы байланыстар және бөлімшелердің бірігуін бейнелейді. Құрылымды құрастырудың бастапқы нүктесі жұмысты жобалау болып табылады. Жұмысты жобалау көптеген факторларға байланысты болып келеді: маманның болуы, өндірістік қатынаста болатын иерархиялық байланыстың болуы, міндеттерді бөлу (міндет-алдын ала жазылған жұмыс).
Ұйымның функциясын (өндіріс, маркетинг, бухгалтерия, финанс, персонал) жүзеге асыру үшін бір-бірімен байланысты жұмыстардың жиынтығы ұйымдық құрылым болып есептеледі.
Ұйымдардың құрылымы:
1-техникалық
2-әлеуметтік-техникалық
3-әлеуметтік
4-нормативтік құқықтық болып төртке бөлінеді.

  1. Ұйымның техникалық құрылымы барлық базаны біртұтас жүйеге келтіретін материалдық объектілер мен процестерден (ғимарат, технология, құрал-жабдықтар, еңбек шарттары) тұрады.

  2. Әлеуметтік-техникалық құрылымы жұмысшылардың еңбек қатынастарының бөліскен жұмыс орны жүйесін бейнелейді.

  3. Әлеуметтік құрылым жұмысшылардың, басшылардың бір-бірімен болған қатынасымен байланысты. Әлеуметтік құрылым ресми және бейресми топтармен, құндылықтармен, нормалармен, билік, әсер ету т.б. қатысты.

Әлеуметтік құрылым ретінде ұйымның мынадай потенциалдары бар:
- басқару потенциалы (жағдайды түсіну және ұғыну, дағдарыс кезінде мәселені анықтау және шешім қабылдау қабілеті тәуекелге дайын болу)
- психологиялық потенциал (байланыстың тұрақтылығы және моральды-психологиялық климаттың жағдайы)
4. Нормативтік құқықтық құрылымы ұйымның функциясын жүзеге асыру үшін қажетті норма жүйесін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет