Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет76/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics
Ұйымның заңдылықтары
Ұйымның өмірі белгілі бір заңдарға бағынады. Бұл заңдар төмендегідей:

  1. Синергия заңы

  2. Толығу заңы

  3. Пропорционалдылықтың сақталу заңы

  4. Композиция заңы

  5. Өзін-өзі сақтау заңы

  6. Ақпараттау заңы

  7. Онтогенез заңы

  8. Жан-жақты болу қажеттілігі заңы (байланыс пен элементтер)

  1. Синергия заңы: Біртұтас бірігіп жабыла жұмыс атқарғанда белгілі бір элементтердің потенциалы көтеріледі. Өйткені ол өзара көмектесу және толығуға негізделген. Бұған қазақтар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Жұмыла кірісіп атқарылған істе алып күштің пайда болуын синергия заңы деп атаймыз.

  2. Толығу заңы: Ұйымның ішкі процестері мен функцияларының қарама-қарсы бағытта болу жағдайы. мамандандыру – универсализация, дифференциялау – интеграциялауды мысалға келтіруге болады. Бұл екі бағыттың да тиімді жақтарынан пайдалануға мүмкіндік береді.

  3. Пропорционалдылықтың сақталу заңы: Ұйымда тепе-теңдіктің сақталу заңы. Жұмысшылардың көп болуы немесе жетіспеушілігі ұйымды экономикалық шығынға ұшыратады.

  4. Композиция заңы: Ұйымның барлық функцияларының міндеттері мен мақсаттарының ұйымның жалпы мақсатына бағынышты болуы

  5. Өзін-өзі сақтау заңы: Ұйым өзінің біртұтастығын сақтауы

  6. Ақпараттау заңы: Ұйымды қаншалықты ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкін еместігін алға тартатын заң.

  7. Онтогенез заңы бойынша ұйымның негізгі 3 фазасы болады.Олар:

  1. Жалғасымды түрде өзгеру фазасы

  2. Қалыптасу фазасы

  3. Даму фазасы

  1. Байланыс пен элементтердің жан-жақты болу заңы: Ұйымның мықтылығын және нақтылығын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет