Ұйымдық мәдениет және оның элементтері Ұйымдық мәдениет концепциясы 1980 жылы АҚШ-та стратегилық басқару, ұйым теориясы және тұлғаның іс-әрекеттерін зерттеу нәтижесі барысында ойлап табылды.
Ұйымдық мәдениет ұйымда қалыптасқан дәстүрді, құндылықтарды, символды, сенімді, ұйым мүшелерінің ресми және бейресми іс-әрекеттерін бейнелейді.
Ұйымдық мәдениет төмендегі маңызды функцияларды жүзеге асырады;
Қорған: ұйымды әр түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардан қорғайды;
Біріктіру: адамдарды біріктіріп, олардың ұйымның бір бөлігі екендігі сенімін ұялатып қалыптастырады;
Реттеу: ұйымда жалпы әлеуметтік-психологиялық климатты орнықтырады және сыртқы қоршаған ортаға қарсы ережелер мен нормативтерді қалыптастырады;
Коммуникация: адамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады;
Адаптация: адамдардың бір-бірлерімен бейімделуіне септігін тигізеді;
Бағыт: адамдардың іс-әрекеттеріне жалпы ұғым беріп бағытын айқындайды;
Мотивация: ұйым мүшелерін ынталандырады;
Тәрбие: ұйым мүшелерін тәрбиеге баулыйды;
Имидж: сыртқы қоршаған ортаға (тұтынушылар, клиенттер, бәсекелестер, серіктестер, қоғам) қарсы имиджді қалыптастырады.
Қазіргі таңда стратегиялық тұрғыдан ұйымның мәдениеті бәсекелестік қабілетті жоғарылататын бірден-бір фактор болып табылады.