Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет173/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Сыртќы марапаттауды ±йымдар ж‰зеге асырады. Мысалы ењбек аќы, ќызметті жоѓарлату, мадаќтау жєне ќосымша тµлемдер (демалыс, жєне кабинет беру). Ішкі жєне сыртќы марапаттарды аныќтау ‰шін, єкімшілік ж±мысшылардыњ ќажеттігін ажырата білу ќажет. Осы мотивацияныњ мазм±ндыќ теорияларыныњ маќсаты болып табылады.
Ќамшы” жєне “пряник” саясаты.
М±ныњ мєне м±нда: жеке бастары мен жан ±ялар к‰н кµруі ‰шін адамдар бєріне де риза болып, кµнуге мєжб‰р болады.
‡немі “пряник” єдістері адамдарды жаќсы ењбектенуге мєжб‰р ете алмайды. Осы факт басќару саласындаѓы мамандарды психологиялыќ аспектідегі мотивация мєселелерініњ жања шешімдерін іздеуге мєжб‰р етеді.
Еңбекті мотивациялау – бұл кәсіпорын мақсатына жету үшін жұмысшылардың қажеттілігін қанағаттандырып, олардың белсенді іс - әрекетіне жағдай жасау.
Мотивацияның келесі әдістері бар:

  1. Экономикалық (тікелей) – мерзімді және келісімді жалақы; еңбектің салалық және сандық көрсеткіштеріне сыйақы; кәсіпорын табысына қатысу; оқудың төлем ақысын төлеу және т.б.

  2. Экономикалық (жанама) – үй-жайға, транспорт қызметіне, кәсіпорында тамақтануда жеңілдік беру.

  3. Қаржылық емес – еңбектің қызықтылығын жоғарлату, қызмет сатысымен жоғары қарай өсу, кәсіби шеберлігін жоғарлату, жұмысқа шығудың икемді графигі.

Кәсіпорын деңгейінде мотивация жүйесі келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:

  • барлық жұмысшылардың еңбекпен қамтамасыз етілуі;

  • кәсіби қызмет бабымен өсу үшін бәріне бірдей жағдай жасау;

  • еңбек нәтижесімен жалақы деңгейінің үйлесімдігі;

  • еңбек қауіпсіздігіне жағдай жасау;

  • ұжымда қолайлы психологиялық климатты ұстап тұру.



Сурет 1. Мотивацияның қарапайым моделі.

Кәсіпорында жұмысшыларды мотивациялаудың негізгі формалары:



  1. Жалақы, кәсіпорын нәтижелі іс - әрекетіне жұмысшының қосқан үлесіне обьективті баға ретінде;

  2. Фирма ішіндегі жеңілдік жүйесі:

    • тиімді сыйақы беру;

    • кәсіпорын есебінен персоналдың денсаулығын сақтандыру;

    • асханадан жеңілдікпен тамақтандыру;

    • кәсіпорынның өнімдерін жұмысшыларға өзіндік құнмен сату;

    • жұмыста жеткен жетістік үшін төлемді демалысты ұзарту.

    • зейнетақыға ерте шығару сол сияқты т.б.

  3. Еңбектің (қажеттілігін) қызықтылығын, персоналдың жауапкершілігін арттыратын шаралар.

  4. Персонал арасындағы статустық, әкімшіліктік және психологиялық кедергілерді жою, ұтымды өзара сенімділікпен түсіністікті дамыту.

  5. Персоналды моральдық ынталандыру.

  6. Кәсіби шеберлігін жоғарлату, қызмет бабымен жоғары қарай өсу.

Адамның қызметке деген мотивациясы оны белгілі бір әрекетке итермелейтін күштердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл күш адамның іші мен сыртында болып, оны қандай да болсын қадамдарды саналы немесе санасыз түрде жасатады. Мұнда адамның жеке күші мен әрекеттері арасындағы байланыс өзара қатынастардың өте күрделі жүйесімен орналастырылған, мұның нәтижесінде әртүрлі адамдар күштер тарапынан болатын бірдей ықпалдарына әртүрлі жауап бере алады. Бұдан басқа адамның тәртібі, оның әрекеттері өз кезегінде нәтижесінде ықпал деңгейі ретінде қалай өзгерсе,осы ықпал арқылы болатын тәртіп бағыты да солай өзгеретін жауап беруіне ықпал жасай алады. Айтылғанды ескерсек, мотивацияның анықтамасын беріп көруге болады.
Мотивация – бұл адамды қызмет жасауға итермелейтін, қызметтің шектері мен түрлерін және оған белгілі бір мақсаттарға жетуге бағыт беретін ішкі және сыртқы күштер жиынтығы болып табылады.
Мотивацияның адам тәртібіне беретін әсері көптеген факторларға байланысты, көбінесе жеке және адам қызметі тарапынан кері байланысы әсерімен өзгере алады.
Мотивация ұғымын жан-жақты ашу үшін осы құбылыстың үш аспектісін (жақтарын) қарастыру қажет:

  • мотивациялық байланысты адам қызметінде болуы;

  • ішкі және сыртқы күштердің өзара қатынасы қандай;

  • мотивация адам қызметінің нәтижесімен қатынасқа қалай тұрады.

Осы сұрақтарды қарастырмас бұрын кейінірек қолданылатын негізгі ұғымдарды түсіндіріп алу керек.
Сұраныстар – бұл әртүрлі адамдар үшін жеткілікті түрде ортақ, сондай-ақ әр адамда жеке түрде пайда болатын нәрсе. Сонымен бұл адам өзін-өзі босатуға талпынатын нәрсе, өйткені сұраныс бар жерде ол өзі туралы білдіріп, оны жоюды «талап етеді». Адамдар сұраныстарды әрқалай жоя алады, сұраныстарды қанағаттандырып, оны басып немесе оған мән бермесе де болады. Сұраныстар саналы және санасыз түрде пайда бола алады. Бірақ сонда да сұраныстардың барлығы бірдей саналы түрде жоймайды. Егер сұраныс жойылмаса, онда ол мәңгілікке жойыла қойған жоқ. Сұраныстардың басым бөлігі әр кезеңде жаңартылып тұрады, бірақ олар өзінің нақты көрінісінің формасын, сондай-ақ әсерінің деңгейін өзгерте алады.
Мотив – адамның белгілі бір әрекетке баруына жағдай жасайды. Мотивация адамның «ішінде» болады, ол «персоналды» мінезге ие, адамға тиісті көптеген ішкі және сыртқы факторларға, сондай-ақ онымен бірдей пайда болатын мотивация басқалардың әрекеттеріне байланысты. Мотив бір ғана адамды әрекетке итермелеп қана қоймай, не істеу керек екендігін және бұл әрекет қалай жүзеге асатынын анықтайды. Көбінесе егер мотив сұранысты жою үшін қолданылатын әрекеттер туғызса, онда әртүрлі адамдардың іс-қимылдары олар бірдей сұранысты сезінген жағдайда бұл әрекеттері тамаша болуы мүмкін. Мотивтерді танып білуге болады - адам мотивтерін, олардың іс-қимылдарын білдіртпей немесе оларды өзінің мотивациялық жиынтығынан жоя отырып, өз мотивтеріне ықпал ете алады.
Адам тәртібі жалғыз мотивпен анықталмайды, олар адамның тәртібіне ықпал ету деңгейі бойынша мотивтер бір-біріне деген белгілі бір қатынаста болатын жиынтығымен анықталады, сол үшін адамның мотивациялық құрылымы оның белгілі бір әрекеттерін жүзеге асыру негіздері ретінде қарастырыла алады. Адамның мотивациялық құрылымы белгілі бір тұрақтылыққа ие. Алайда ол көбінесе адамның тәрбиелену және білім алу процесінде саналы түрде өзгере алады.
Мотивтендіру – бұл адамда белгілі мотивтерді ояту жолымен, оны белгілі бір іс-әрекеттерге итермелеу мақсатындағы адамға ықпал ету процесі. Мотивтендіру адаммен басшылық жүргізудің негізі мен жүрек тұсын құрайды. Басқарудың өте үлкен деңгейіндегі нәтижелілік мотивтендіру процесі қаншалықты сәтті жүзеге асуына байланысты. Мотивтендіру нені көздейтініне байланысты, ол қандай мәселелерді шешеді, мотивтендірудің екі негізгі типтерін белгілеуге болады.
Бірінші тип адамға деген сыртқы ықпал арқылы оны мотивтендіретін субъект үшін ойдағыдай нәтижеге алып келетін іс-әрекеттерді жүзеге асыруға итермелейтін белгілі бір мотивтерді анықтаудан тұрады. Мотивтендірудің осы типінде адамды өзі ойлағандай іс-әрекеттерге апаратын қандай мотив бар және оны қалай шақыру керектігін жақсы білу қажет. Мотивтендірудің осы типі көбінесе сауда келісімінің мынадай нұсқауын еске түсіреді: «Мен саған қалағаныңды беремін, ал сен маған қалаған нәрсемді бересің». Егер екі жақта да өзара қатынас точкалары болмаса, онда мотивтендіру процесі бола алмайды.
Екінші тип өзінің мәселесімен адамның белгілі бір мотивациялық құрылымының қалыптасуына ие. Мұндай жағдайда негізгі назар мотивтендіру суібъектісінің ойындағы адам әрекеттерінің мотивтерін дамытып, күшейтуге бөлінген және керісінше, адамға нәтижелі басшылық етуге кедергі жасайтын мотивтерді әлсіретуге. Мотивтендірудің бұл типі тәрбиелік және білім беру жұмыстарының мінезіне тән және адамнан іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде алуға күтілетін қандай да болсын әрекеттер немесе нәтижелермен байланысты емес. Мотивтендірудің екінші типі оны жүзеге асыру үшін үлкен күш, білім мен қабілетті талап етеді. Алайда оның да қорытындылары жалпы мотивтендірудің бірінші типі нәтижелерінен асып түседі. Бұны игеріп, өз тәжірибесінде қолданып жүрген ұйымдар өз мүшелеріне сәтті және нәтижелі түрде басшылық ете алады.
Мотивтендірудің бірінші және екінші типтерін салыстыруға болмайды, өйткені басқарудың қазіргі заманғы тәжірибесінде ұйымдар мотивтендірудің осы екі типінде бір-бірімен тіркестіруге талпынуда.
Бір жұмысты адам көп күш салып жасай алады. Толық күшін салып та жұмыс жасай алады, жартылай күшін де пайдалана алады. Сондай-ақ ол жеңілдеу жұмыс алуға талпына алады, күрделі және ауыр жұмыс істеуіне, қарапайым шешімге келуге, күрделі шешім іздеп, оны қолына ала алады. Осының бәрі адам қандай күш жұмсайтындығын көрсетеді және бұл өзінің жұмысын атқаруда көп күш жұмсауға қаншалықты дәлелденгендігіне байланысты.
Адам ұйымда өз рөлін атқара отырып, әртүрлі тырысады. Мысалы бірі өз еңбегіне немқұрайлы қараса, екіншісі барлық жұмысты жақсылап істеуге талпынады, жұмыстан қалмай өз біліктілігін көтеруге, өз қабілеттілігін жетілдіру мен ұйым ортасымен тығыз байланыста болуға талпынады.
Мотивация әсер ететін қызметтің үшінші мінездемесі бастаған істі жалғастырып дамытудағы табандылықтан тұрады. Олар басында қызмет етуде жақсы нәтиже берсе де, қызығушылықтың жоғалуы мен табандылықтың болмауы өздерінің мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда төмен деңгейде өз рөлін атқара отырып, өз күштерін қысқартып аз талпынады. Табандылықтың болмауы бастаған істі аяғына дейін апаруда өзінің кері әсерін тигізе алады. Жұмысшы тамаша идея айтып, тәжірибеде ұйым үшін жіберіліп кеткен мүмкіндіктер ретінде қалатындай оларды атқаруда ешқандай әрекет жасамауы да мүмкін.
Барлық қажетті талаптар мен реттегіш нормаларды ескере отырып жұмысты жауапкершілікпен жүзеге асыруды көрсететін істі атқарудағы ұқыптылық - көптеген адамдар үшін өз жұмыстарын табысты атқарулары үшін ең маңызды шарт болып табылады. Адам білікті және білімді бола алады, қабілетті бола отырып көп жұмыс істей алады. Алайда мұндай бола тұра ол өз міндеттеріне жауапкершіліксіз қарауы мүмкін және осының бәрі оның қызметінің барлық нәтижесін жоққа шығара алады. Ұйым басшылығы мұны жақсы түсініп, жұмысшылардың тәртібінде осындай мінездемесін дамыту үшін мотивтендіру жүйесін қалыптастыру қажет.
Бағытталушылық адам қызметінің мінездемесі ретінде белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталуын көрсетеді. Адам өз жұмысын оған белгілі бір қанағаттанушылық (моральдық және материалдық) алып келетіндігі үшін атқара алады, сондай-ақ ол ұйымның көздеген мақсатына жетуі үшін жұмыс істеуі мүмкін. Басқару үшін адам әрекетінің бағытталуын білген өте маңызды, алайда, қажет болса мотивтендіру арқылы осы әрекеттерді белгілі бір мақсатқа бағыттауға тұспалдай білу қажет.
Мотивация теорияларын зерттеуде екі әдістеме бар(2 сурет).



Сурет 2. Мотивацияның теориялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет