Жоспар: 1.Еңбек өнімділігі ұйым жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін көрсеткіш ретінде
2. Өнімділік критерийі бойынша басқару
3. Өнімділікті қамтамасыз етуде коммуникациялар, шешім қабылдау және басшылық.
Лекция мақсаты:Өнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл
Лекция мәтіні: Еңбек өнімділігі ұйым жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін көрсеткіш ретінде
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты. Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі. Нарықтық экономикадағы шығындар:
айқын (бухгалтерлік);
жүктеме (арттыру);
қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.
Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындарыдеп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шыгындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіңдік құны мен тауарларды сату бағаларының арасыңдағы айырма пайда болып есептелінеді. Қандайда бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындарыдеп аталады.