Өзіндік құнның калькуляциясы — өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.
Шығын сметасы — шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы.
Рентабельділікнемесе тиімділік неміс тілінен алынған "пайдалы" немесе "кірісті" деген ұғымды білдіреді. Бұл — кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өңдірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.
Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізінде жоспарланған тауарларды шығару бойынша пайдасы, мұнда жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың өзіндік құны анықталады:
(3)
Мұнда Птп — жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы; Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда); Стп - жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген);