Басқарудың сызықтық – функционалды (штабты) құрылымы. Мұндай құрылымда биліктің барлық толықтығын нақты ұжымда басқаратын сызықтық жетекші өз қолына алады.
Нақты сұрақтарды өңдеуде және сәйкес шешімдер, бағдарламалар, жоспарлар дайындауда оған функционалды бөлімшелерден тұратын (басқару, бөлімдер, бюро т.с.с.) арнайы аппарат көмектеседі (4-сурет).
Берілген жағдайда бөлімшенің функционалды құрылымдар бас сызықтық жетекшіге бағынады. Олар өз шешімдерін не бас жетекші арқылы, не тікелей қызмет жетекшілерімен сәйкес – орындаушылар арқылы (өз өкілеттерінің шегінде) шығарады.
Осылайша, сызықтық – функционалды құрылымында сызықтық жетекшілер кезіндегі арнайы бөлімшелер болады. Оның сонымен қатар жағымды жақтары мен кемшіліктері болады (3 - кесте).