8-лекция. Олимпиаданы қорытындылау. Олимпиада түрлері. Соңғы жылдары мектептерде дәстүрлі олимпиадалармен қатар, құрамында математикалық есептер шешу мен қатар ойын элементтері, спорттық жарыстар болатын дәстүрлі емес олимпиадалар да өткізіліп жүр. Мұндай дәстүрлі емес олимпиадаға жататын олимпиада түрлеріне мыналар жатады:
Ауыр салмақтылар сайысының мақсаты — оқушылардың өз мүмкіншіліктерін бағалай білуге үйрету, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Аталған сайыстың өткізілу ережесі негізінен штанг көтерушілердің спорттық сайысын өткізу ережесіне негізделген. Қазылар алқасы сайысты өткізу үшін қиындығы әртүрлі деңгейдегі есептерді дайындайды. Әр топ әртүрлі салмақпен бағаланады. Әрбір топтың алдына күрделілік дәрежесіне қарай салмақпен белгілеп көрсетілген кестелер қойылады. Олимпиадаға қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында салмақтардың ең жоғары қосындысына ие болу керек. Егер есеп дұрыс шешілсе, онда оқушы салмағы одан басымдау екінші есепті алады.