Сұрақтар: Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең ежелгі жолдарының бірі болып- ойын шетел тілін окытуда қандай рөль атқарады?



Дата27.05.2020
өлшемі15,26 Kb.
#71292
Байланысты:
2311 7257 94983


Сәлеметсізбе, апай!

Топ студенті: Сейілханқызы Баян



Сұрақтар:

1. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ең ежелгі жолдарының бірі болып- ойын шетел тілін окытуда қандай рөль атқарады?

Оқушылар шетел тілі пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, болашақта қарым-қатынас жасағанда айтылым қателерді болдырмайды. Сонымен қатар ойын барысында тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарды жүзеге асырады.

5. Шетел тілін үйретудегі грамматикалық ойындардың рөлін анықтаңыздар.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.Кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

3. Фонетикапық ойындардың басты мақсаты қандай, олардың қандай түрлері бар?

Фанетикалық ойындар оқушылардың сауаттылығын арттырады, дыбыстарды терең меңгеруге көмектеседі. Айтылым дағдысы екі негізгі дағдыларды қамтиды:

-фанетикалық естілім;

-нақты артикуляция

Фанетикалық естілім дағдысы дыбыстарыды дұрыс естіп түсінуге көмектеседі, ал нақты артикуляция дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі

Оның негізгі 5 түрі бар. Олар:


  1. Фанематикалық естілімге арналған ойындар (шет тілін дұрыс есту және қабылдауға арналған)

  2. Дыбыстарды дұрыс айтуға арналған ойындар

  3. Транскрипцияны оқытуға арналған ойындар

  4. Интонацияны үйретугк арналған ойындар

  5. Айтылым дағдысын дамытуға арналған ойындар


4. Лексикалық ойындар қандай мақсаттарды көздейді?

Лесикалық ойындар тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылардың сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйретеді

Лексикалық ойынның мақсаттары:

-лексиканы қарапайым жағдаяттарда қолдануды жаттықтыру

-сөйлеу және ойлау қызметтерін белсендіру

-сөйлеу реакциясын дамыту

-сөздердің тіркестендірумен (коллоколоциямен) таныстыру



2. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып не табылады?

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті – ойын. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бipi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет