Лекция. Математикадан сыныптан және мектептен тыс жұмыстар


-лекция. Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру. Математикалық олимпиаданы өткізу, тексеру, тапсырмаларды бағалау, жеңімпаздарды іріктеу



бет6/12
Дата08.02.2022
өлшемі42,79 Kb.
#119672
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекциялар

6-лекция. Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру. Математикалық олимпиаданы өткізу, тексеру, тапсырмаларды бағалау, жеңімпаздарды іріктеу.
Мектеп олимпиадасы ережеге сәйкес сабақтан соң өткізіледі. Олимпиаданы факультативте немесе үйірмеде өткізуге болады, бірақ олимпиаданы таңертең немесе 3-4 сабақтан соң қалған сабақтарды басқа күнге ауыстырып өткізген тиімді. Мектеп олимпиадасын 5-6 сыныптар үшін 1–1,5 сағат, 7-8 сыныптар үшін 1,5–2 сағат, 9-11 сыныптар үшін 2–3 сағат өткізген жөн.
ШЖМ-де дәстүрлі мектеп олимпиадасын өткізу ерекшеліктері
Сыныпта оқушы аз болғанда математика пәнінің мұғалімі сынып олимпиадасын өткізе бермейді. Оның әртүрлі снбептері бар: мұғалімдер олимпиадасыз қалалық (аудандық) олимпиадаға кімдерді жіберетінін біледі.
Бұл жағдайда әдістемені өзгерту қажет, олимпиаданы өткізудегі, олимпиада мәтініндегі қойылған талаптарға өзгертулер енгізу керек. Оның мазмұны мынадай болуы мүмкін:

  • Олимпиада мәтінін бірнеше сынып оқушылары үшін құрастыру қажет.

  • Мәтінге енетін есептер екі деңгейден тұру керек.

Бірінші бөліміне қатысушылардың қай сыныпта оқитындығына байланысты. Екінші бөліміне оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын және математиканы оқу барысындағы білімі жолдастарына қарағанда жоғары деңгейдегі оқушыларды іріктеуге бағытталған олимпиадалық есептер енгізіледі. Тапсырмаларды ең жоғарғы баллдық есебінен: 5 балл немесе 7 балл деп бағалаған дұрыс. 2-3 сынып оқушылары үшін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау жиналған баллдардың қосындысы арқылы анықталады. Қазылар алқасының мүшесі ретінде бастауыш сынып, физика пәнінің мұғалімдерін, информатиктерді алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет