Лекция. Математикадан сыныптан және мектептен тыс жұмыстар


-лекция. Математикалық үйірмелер



бет2/12
Дата08.02.2022
өлшемі42,79 Kb.
#119672
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекциялар

2-лекция. Математикалық үйірмелер
Математикалық үйірме 5–6 сыныптар үшін математикадан негізгі сыныптан тыс жұмыстар болып табылады. 7-сыныптан бастап оларды факультативтік сабақпен алмастыруға болады, мүмкін болған жағдайда үйірмені әрі қарай жалғастырып жүргізіле береді.
Өткізілетін үйірме сабағының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • Математикаға оқушының қызығушылығын ояту.

  • Оқушының математикадан білімін тереңдету.

  • Математикадан математикалық ой-өрісін, ойлау қабілетін, зерттеу іскерлігін дамыту.

  • Жігерлілікке, белсенді болуға, қайсарлыққа тәрбиелеу.

  • Бұл міндеттердің кейбіреулері сабақ барысында да іске асырылады, дегенмен де оның толық және нәтижелі іске асырылуы сыныптан тыс жұмыстар, әсіресе үйірме сабақтарында орындалады.

Үйірме жүмысын ұйымдастыру
Үйірме жұмысы негізінде еркіндік принципі жатыр. Үйірме жұмысы жақсы оқитындар және барлық тілек білдірушілер үшін ұйымдастырылады. Сол сияқты үйірме жұмысы секцияларға бөлінуі деңгейлік үйірмелер болып бөлінуі мүмкін: өте жақсы оқитын және орташа оқитын оқушылар үшін. Бір үйірмеге бір ғана сыныптың немесе параллель сыныптың оқушылары бірігуіне болады: сол сияқты үйірме 2-3 сыныптың оқушылары, мысалы 5‐6 немесе 7-9 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ мұғалім үшін сабақтың мазмұнын дайындауда қиыншылықтар кездесуі мүмкін.
Үйірме тілек білдірушілердің саны нешеу болса да өткізілуі керек; мүмкін болса ондағы оқушылар саны 5-тен кем емес, 15-тен артық емес болғаны жөн.
Үйірме жұмысы әдетте 1-2 аптада 1 рет өткізіледі. 5-7 сынып оқушылары үшін үйірме сабағының ұзақтығы 45 минут, ал 8-10 сыныптар үшін (11-сыныпта үйірме өткізілмейді) 1,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Өте дарынды балалар үшін 5-7 сыныптарда да 80–90 минутқа созуға болады.
Үйірме жүмысын жоспарлау
Үйірме жұмысын бір жылға, ал жас мұғалімдер үшін жарты жылға немесе бір тоқсанға жоспарлағаны дұрыс.
Үйірме жұмысы сабағының мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына, үйірме жұмысының негізгі мақсаттарына, қажетті әдебиеттер қорына тәуелді.
Үйірме жұмысының тақырыптары мынандай болуы мүмкін:

  • Соңынан шығарылатын есептер.

  • Ергежейлі және алып сандар.

  • Процентке берілген есептер.

  • Арифметикалық ребустар.

  • Қарапайым графтар.

  • Ондық емес есептеу жүйелері.

  • Анықталмаған теңдеулер.

  • Птоломей теоремасы.

  • Дирихле принципі.

  • Периодты бөлшектер.

  • Сферадағы геометрия.

  • Комплексті сандар.

Үйірме бағдарламасы
Үйірме жұмысының бағдарламасын оқытушы өзі құрастырады.
Бағдарламаға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

  • Оқылған бағдарламалық материалмен үйірме бағдарламасының мазмұнының байланысы.

  • Оқушылардың, мектептің ерекшелігі.

  • Тарихи материалдың қолданылуы.

  • Тілек білдірушілердің есебі.

  • Оқытушыдағы қажетті әдебиеттердің жеткіліктігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет