ә) орта мерзімді жоспар (тақырыптық). Шектеулі уақытта өтілетін бөлім материалын мұғалім өзі үлкен мақсатқа сәйкестендіре отырып жеке сабақтарды бөледі. Осы мақсатта көптеген әдістемелік құралдарда сағаттарды бөлімдері бойынша шамалап бөлу үлгісі берілген. Тақырыптық жоспар мұғалімге анықталған тақырып бойынша тұтастай жұмыс істеуге, сабақтың жалпы процесінде әрбір сабақтың өтілу орнын көруге, олардың мақсатын, мазмұнын, өту әдісін сонымен қоса қазақ тілін оқытудағы келешек есебімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұғалім бағдарлама материалын оқыту процесінде бір тақырып шамасында болсын алдын ала білуі тиіс. Бұл жаттығулар үшін қажетті материал алуына, түрлі әдістерді кезекпен қолдануға көрнекті құралдарын дұрыс пайдалануға, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға үлкен септігін тигізеді. Мұндай жоспарлау тіл дамыту бойынша жұмыстарды жүйелі ұйымдатыруды жақсартады, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жоғары деңгейде ұйымдастырады. Бірақ тақырыптық жоспар сонымен шектеліп қалу мүмкіндігімен жасалмайды, оған қажетті жоспар күнделікті сабақ жоспары болып табылады.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындығы және қысқа мерзімді жоспары немесе күнделікті сабақ жоспары. Мұғалім жұмысының жауапты этапы- сабаққа дайындығы.
1. Сабақтың тақырыбын анықтау және оның көлемін нақты анықтау.
2. Анықталған тақырыпқа байланысты ғылыми-лингвистикалық және әдістемелік құралдармен танысу, оқулықтағы материалға сәйкес (ережені, анықтамаларды, жаттығуларды)оқып білу, оқушыларға қиындық туғызатын тұстарын анықтау, қойылған мақсатқа жаттығулардың сәйкестігін т.б жақтарын қарастыру.
Сабақ жоспарын құру; мақсатты анықтау; өтілген материалды бекітудегі, жаңа материалды түсіндіру тиімді әдістерді пайдалану ,(теориялық, практикалық) жақтан нақтыланған материалды жинақтау, сабақта қолданылатын көрнекі, дидактикалық материалды анықтау, оқулықпен жұмыстың алатын орны, тілдік материал мен тіл дамыту жұмыстарының баййланысының жүзеге асырылуын қадағалау, үй тапсырмасының көлемін, оқушылардың жауап беруіне бөлінетін уақытты анықтау. Күнделікті сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс мазмұнын және оның этаптарын көрсететін күнделігі есебінде жүргізіледі. Ол пайдалануға ыңғайлы болуы тиіс.
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:
бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;