Ұсынылатын әдебиеттер:,
1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Мұрагер, 2005. −176 б.
2. Арын Е., Қасым Б. Жұматаева Е. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі. – Павлодар, 2005. – 225 б.
3. Еркебаева Г.Ғ., Оңғарбай Ә. Оқыту теориясы. – Алматы, 2007. – 252 б
4. Интелектуалды Ұлт-2020 мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2009.
5. Григоров Н.В Психотехнологии группового тренинга.Учеб.пособие.-СПб: ГИПСР,2008. 176 с.
6. ДэвидЛ. Практика группового тренинга 3-е изд./ Пер. С англ.-СПб:Питер, 2009.224 с.
7. Оспанова Б.А. Научные основы формирования креативности будущего специалиста в условиях университетского образавания. Монография. – Туркестан, 2006.- 97 с.
8. Сидоренко Е.В Тренинг коммуникативной компентентности в деловом взаимодействии. –СПб., 2008. 208 с.
9. Қараев Ж., Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдаланумен байланысты. – Алматы, 1991.
10. Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Монография. – Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007. – 160 б.
11. Үрістенбекова Г.Қ. Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі: педаг. ғыл. канд. дисс. автореф. – Алматы, 2007. – 26 б.
12. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, – Шымкент, 2005ж.
7-тақырып. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқу-әдістемелік кешені
1. Қазақ тілі бойынша жұмыстарды жоспарлау.
2. Сабақ – мектептегі негізгі оқу формасы.
3. Қазақ тілін тереңдете оқыту.
4. Қазақ тілін оқыту құралдары.
4. 1 Қазақ тілі пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен.
4. 2 Қазақ тілі бағдарламасы.
4. 3 Қазақ тілі оқулығы.
1. Басқа пәндер сияқты қазақ тілі пәні де нақты жоспарсыз, болжамсыз жүргізілуі мүмкін емес. Белгілі пән бойынша мұғалім оқу процесін түгелдей, бөлімдерін, егжей-тегжейіне дейін анықтап алу керек. Жоспарланған нәрсе материалды өтуде жүйелілікті, өтілген, өтілетін материалдар байланысын, материалды таңдаудағы қателіктерді ескертеді, бағдарламаны өтудегі түрлі этаптардағы оқушы жүктемесіндегі өлшемдерді анықтайды. Жоспар материал көлемін, мазмұнын нақты беріп, мұғалімнің мақсатсыз уақыты мен күшін жұмсауды талап етпейді. Көпшілікке танымал, мектеп тәжірибесіне ең қажжетті жоспар:
а) ұзақ мерзімді жоспар (жылдық немесе күнтізбелік);
ә) орта мерзімді жоспар (тақырыптық);
б) қысқа мерзімді жоспар (күнделікті). а) ұзақ мерзімді жоспар (жылдық немесе күнтізбелік). Жылдық немесе күнтізбелік жоспарда бағдарлама материалды тоқсан және айлар бойынша шамамен бөліп беріледі. Онда бағдарлама бөлімдерінің атаулары тізімі, сағат саны, өтілетін айлар мен тоқсан көрсетіледі. Бағдарламаның әрбір бөлімін өтуге (оқу сағаттарының) белгіленген уақыт болады. Оқу жылының басында бөлімдері бойынша (сағат) уақытты бөлуде мұғалімге бағдарламаны орташа қарқынмен өтуді сақтау мүмкіндігі беріліп, қалып қоюды және ілгері шығып өтудің болмайтындығын ескертеді. Бірінші жағдайда бағдарлама өтілмеген болуы мүмкін, екіншіден, нашар меңгерілген. Осы жағдайлар тұтастай ескеріліп, оқу материалының қиындығы, көлемі меңгерілуі қарастырылады. Осылай мақсатқа сәйкес сағаттарды бөлімдер бойынша бөлу көптеген мұғалімдердің үлкен тәжірибесі нәтижесінен алынғын.
Күнтізбелік жоспар, жоспарлаудың жалпы түрі ретінде танылады, көптеген мектептерге негізгі типтік бағдарлама болып та табылады. Айтылғын шарттарына сәйкес (мысалы, өтілген бөлімге оқушының дайын еместігі, түрлі себептерге байланысты бағдарламадан қалып қою) мұғалімдер арасындағы уақытты алдағы өтілетін материалмен есептеп өзгеоте алады. Кей жағдайда бөлімге көп сағат бөлініп, материал көлемі I тоқсанға сыймай келесі тоқсанда аяқталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |