Лекция Психотерапиялық топтардың түрлері. Топтық динамика. Психотерапиялық тобының жұмыс кезендері



бет5/16
Дата08.10.2024
өлшемі187 Kb.
#205905
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция -3

2. Гештальт топтар
Негізгі түсініктері фигура және фонның арақатынасы,шындыққа бет бұру және саналау, полярлылық, қорғаныс функциялары жатады. Бұл топтағы жұмыстың негізгі мақсаты – адамның қанағаттандырылмай қалған қажеттіліктерін қанағаттандырып, гештальтты аяқтау. Сол арқылы басқа гештальттың орын алуына мүмкіндік тудыру. Оны мынадай процедуралар арқылы жүзеге асыруға болады: саналаудың дамуы, полярлылық интеграциясы,зейінді сезімдерге концентрациялау, түс көру мен фантазияның анализі,жауапкершілікті қабылдау.
Гештальт-топтар.


Гешталь-топтар туралы мәлімет.
Бұл әдіс америкалық психолог және психотерапевт Перлсқа гешталь-психология идеясының, экзистенциализмнің, рсихоанализдің және Райхтың ығыстырылған психологиялық материалдардың физиологиялық көрінісі туралы теориясының әсер етуінде құрған әдісі. Гештальт-топ пациентті осы болып жатқан кезді саналауға және жанама эмоционалды қайғырудың маңыздылығына үйретеді. Терапевтикалық өзгеріс үшін қажетті ақпаратты, пациеттің жанама жүріс-тұрысынан алады. Гештальт-топтың феноменологиялық подходы, каузальды-дәстүрлік- подходқа қарама-қарсы келеді. Психотерапевттің пациент бұзылысының себебін іздеу бағыты, оның өткен шағымен байланысты болады.
Қажеттіліктің өтелуін және туындауын Перлс гештальттың аяқталу және қалыптасу ритмы деп қарастырады. Мативациялық сфераның қалыптасуы, организмнің өзінреттеу принципі бойынша пайда болады. Адам өзімен және қоршаған әлеммен тепе-теңдікте болады. Гармонияны сақтау үшін «дене даналығына» сену керек, ағзаның қажеттілігін тыңдап, оның реализациясына кедергі келтірмеу керек. Өзімен өзі болып, өзінің менін тудырып, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін шығару керек-бұл сау тұлғаның, гармониялық жолы. Өз қажеттіліктерінен және қабілеттіліктерінен бастарту, ағзаның өзінреттеу процессінің бұзылысына әкеледі.


Мақсаты:
1) Пациентті осы болып жатқан кезді саналауға және жанама эмоционалды қайғырудың маңыздылығына үйрету.
2) Тұлғаның көріністі бөлігін интеграциялау.


Міндеттері:

  1. Адамды өз қабілеттілігін және қажеттілігін дамытуға үйрету.

  2. Мәселесін жарты жолда қалдырмай аяқтауға үйрету.

  3. Өзінің шынайы индивидуалдылығын ашу.



Принциптері:

  1. «Қазір» принципі. «Қазір» - бұл индивидтің осы уақытта нені және қалай істеу керектігін қалыптастыру концепциясы. Мысалы: бұрынғы өткенді еске алу акті «қазірдің» бір бөлігі болып табылады, ал бірнеше минут бұрын болған,ол «қазір» болып есептелмейді.

  2. Мен-сен принципі. Адамдар арасында ашықтыққа және жанама контактқа талпынуды көрсетеді. Психотерапевтикалық топтың мүшелері өз айтуларын жиі, адрес бойынша бағыттамайды, олар оны шетке және ауаға шығуруда олардың сақтануларын және тура айтуды қаламауларын байқатады.Психотерепевт топты жанама қарым-қатынасқа, өз айтуларын адрес бойынша айтуға қатысушыларды оятады.

  3. Айтудың субьективизациясы принципі. Пациенттің жауапкершілігін семантикалық аспекттермен байланыстыру. Психотерапевт пациентке объективті форманы (көкіректі бірнәрсенің басуы сияқты) субьективтіге ( мен өзімді қысамын) ауыстыруды ұсынады. Бұл пациентке өзін пассивті объект емес, белсенді субьект ретінде қарастыруға көмектеседі.

  4. Сана континуумы. Барлық техникалық процедуралардың неотьемлемой бөлігі болып табылады, бірақ бөлек әдіс сапасында да қолданылуы мүмкін. Пациент үнемі саналау керек немесе осы уақытта онымен өзіне есеп беру керек, ағзаның қалыптасуындағы ұсақ-түйек өзгерістерді байқап отыру керек. Сезімді саналау, дене түйсігі және дене қимылын бақылау («дене тілін түсіну») адамның өзінің бағытталуына және қоршаған ортамен өзінің байланысын бағыттауға қабілеттенеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет