Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер.
Тақырып № 1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті.
Жоспары: 1.Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
2.Сақ, ғұн тайпалық одақтар мәдениеті.
Семинардың мақсаты: Андронов, Беғазы-Дәндібай, мәдениеттеріне сипаттама беру, сақ тайпаларының тарихына тоқтала отырып, мәдениет ерекшеліктерін сипаттау.
Әдістемелік нұсқау. Жоспардың бірінші сұрағында алғашқы қауымдық құрылысқа сипаттама беріп, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қай дәуірге жататынын анықтау қажет. Осы мәдениеттердің ерекшеліктеріне тоқталып, сипаттама беру. Екінші сұрақта сақ,ғұн тайпаларына тарихи сипаттама беріп, мәдениеттеріндегі ұқсастық, айырмашылықтарын анықтау.
Әдебиеттер: 1.Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.
2.Марғұлан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: 1966.
4.Медаев А. Гравюры на скалах. Алма-Ата: 1979.
Тақырып № 2-3. Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардығы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.
Жоспар: 1.Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары
2.Әдеби жазба ескерткіштер (Орхон, Енисей жазбалары, Оғыз-Наме, «Қорқыт-ата» кітабы)
3.Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері
4.Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері