Лекция сабағының әдістемесі



бет32/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Семинардың мақсаты: Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениетін талдап, сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау.Бірінші сұрақта көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуалға тоқталып, сипаттама беру. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Жазу және әдебиет. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген халықтардың көне тарихи негізінде ортағасырларда пайда болған түркі мәдениетінің ерекшеліктеріне, әлемдік мәдениеттегі орнына нақтылы назар аударсаңыз, осы сұрақтың мәнін ашасыз. Түркі қоғамының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, өнері мен білімі, діни-философиялық нанымдары, соның ішінде аруаққа табыну және тәңірін мойындау сияқты рухани құндылықтарды туралы сөз болды. Көне түркі жазулары, әдеби мұралар, тарихи ескерткіштер назардан тыс қалмауы керек.
Екінші сұрақта түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалардың өмірбаянын анықтап, шығармалармен танысып, оларды талдау. Келесі сұрақта студенттер ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалардың мәтінін оқи отырып, олардың қандай тақырыпқа арналғанын, жырларда қандай мәселелерді көтеріп, жазылғандығына көңіл аудару қажет. Бұл сұрақта әсіресе, жырларды пайдаланып («Қабанбай», «Шора», «Едіге», «Алпамыс», «Қамбар», т.б.) талдауға болады.


Әдебиеттер:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті, А-1991 ж. (2 кітап)

  2. Кумяков Б. «Государство кимаков в ІХ-ХІ веков» Алматы , 1942 ж.

  3. Адамбаев Б. «Сөз маржанын тере білсек» //Жұлдыз, 1984 ж. №6

  4. «Ақсауыт батырлық дастандар» 2 том. Алматы, 1977 ж.

  5. Әуезов М. «Уақыт және әдебиет» Алматы, 1962 ж.

  6. «Қисса дастандар» Алматы, 1986 ж.

Тақырып № 5. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.
Жоспар:
1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті.
2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары.
3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет