Лекция сабақтарының мазмұны лекция №1



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі399,5 Kb.
#54938
түріЛекция
1   2   3   4

Табиғатта табмғи сұрыпталу творчествалық роль атқарады:бағытсыз тұқымқуалайтын өзгерістерден дәл осы жағдайларда өмір сүруге әлде қайдажетілдірілген жаңа особьтоптарын түзе алатыны ғана сұрыпталады

Табиғи сұрыпдалу-эволюциялвқ процестің негізін қозғаушы күші.Ол популяциялар санын көбейтіп гендік құрамының алуан түрлілігін арттыруға жеткізетін түрдің кең таралып орналасуы кезінде ойдағыдай өтеді.Мұпдай жағдайларда сұрыпталу мүмкіндіктеріөрістей түседі.Табиғи сұрыпталудың қарқындылығымен бағыты жылдың әр маусымында жыл сайын өзгеріп отырады.Бұлособьтардың биологиясымен тіршілік жағдайларының ауытқуына байланысты жүреді.

Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталу әсерлерін салыстыру.Тұқым қуалайтын өзгергішті екі процеске де негіз болып,сұрыпталу,а материал жеткізіп береді. Қолдан сұрыпталу мен табиғи сұрыпталу нәтижесінде жаңа формалар жасалынады; Қолдан сұрыпталу кезінде-тұқымдармен сорттар,ал, табиғисұрыпталу кезінде түрлерпайда болады.Бұлекі процестердің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.Адам қолдан сұрыпталу кезінде особьтары байқалған белгілері бойынша іріктелгенособьтардың организм үшін тіпті зиянды болуы мүмкін.Мәселен шошқалар мен мсүтті сиырлардың ең жақсы тұқымдары адам қамқорлық жасмаған болса, табиғатта өмір сүрмеген де болар еді. Табиғи сұрыпталудың кезінде айналадағы ортажағдайлары сұыптаушы фактор болып табылады.Осыған орай табиғи сұрыпталу тек популяциялар мен түрдің толықпайдасы үшін ғана әсер етеді.

Адамның қажетіне және бегілеген мақсатына бейімделген үй хайуанаттарының тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттары қолдан сұрыпталу нәтижасінде пайда болады.

Адам егіншілікпен және хайуанаттарды қолға үйретумен шұғылданғаннан бері қолдан сұрыпталу жүгізіліп келеді. Табиғи сұрыпталу органикалық дүниенің бүкіл тарихы барысында жерде тіршілік пайда болғаннан бері жүруде . Табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыпталу бір-бірімен тығыз байланысты: жануар тұқымдары мен өсімдіктер сортарына қолдан сұыпталудан басқа табиғи сұрыпталу да әсер етуде.
2. Биогеоценоз – бұл жерде бетінің белгілі бір жеріндегі біркелкі табиғат құбылыстарының (атмосфера, тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің және микроорганизмдер дүниесінің топырақ және гидрологиялық жағдайларының ) жиынтығы, мұны құраушы компоненттер өзара ерекше байланысты, оларға тән өзара зат алмасу және энергия алмасу түрі болады және бұл табиғаттың басқа құбылыстарымен де байланысты .Бұл жиынтық үнемі қозғалыстағы, дамудағы диалектикалық бірліктің ішкі қарама-қарсылығы түрінде болады.
3. Тіршілік үшін күрес түсінігіне Дарвин организмнің қоршаған абиотикалық та, биотикалық та факторлармен арақатынасын кіргізеді. Организмдер арасындағы қатынасты түрішілік және түраралық деп бөлуге болады. Дарвин тіршілік үшін күрестің айқындылығын табиғатты бағдарлап қана қоймай, эксперимент арқылы да көрді және дәлелдеді. Мысалы, бір тәжірибесінде ол өсімдіктер шыдамдылығының температураға байланыстылығын көрсетті. Бұршақтардың 390 көшетінен кейін түнгім суықтан кейін 12-сі ғана тірі қалғанын көрді. 4 күн өткеннен кейін қайта болған түнгі суықтан кейін ол қалған 12-нен 3-еуі ғана аман қалды.

Табиғатта пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп-өне алмайды.

Элиминация ортаның әртүрлі факторларына байланысты.Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау фактылары дәлел болады.
Бақылау сұрақтары :

1.Табиғи сұрыптау ұғымы, табиғи сұрыпталудың алғы шарттары?

2.Биогеоценоз – тіршілік үшін күрес аймағы?

3.Тіршілік үшін күрестің және элиминацияның формалар?

Лекция №15

Тақырыбы: Табиғи сұраптаудың сандық сипаттамасы: сұрыптаудың коэффициенті, тиімділігі, жылдамдығы

Жоспары:

1.Сұрыптау жылдамдығының популяциядағы особьтардың генетикалық әртүрлілігіне байланыстылығы.

2.Сұрыптаудың қысымы және векторы жайлы ұғым.

3.Сұрыптаудың зерттеу әдістері


Лекция мәтіні:
1. В.И.Власовтың айтуынша табиғи сұрыптау онтогенездің барлық кезеңінде гаметадан есейген организге дейін жүреді. Популяцияның генетикасын білу түрлі генотиптердің селекциялық бағалығын анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы топтардың бейімділік айырмашылығы С.М.Гершиновтың ұсынысы бойынша сұрыптау коффиценті деп аталады Мыс: рецесивті ген бойынша гомозиготалы болатын өкілдер гендері доминтаты организмдер беретін әрбір 100 ұрпақтың орнына 99 ұрпақ береді делік.Доминтаты гендері бар организмдердің селекциялық бағалығын 100 деп алсақ, онда рецесивті гомозиготалығы 0,99 болады, осы шамаларының айырмашылығы сұрыптаудың коффеценттің S көрсетеді. Айтылып отырған жағдайда S=1.00-0.99=0.01 тең зоотехникалық және ветерникалық генетикада сұрыптаудың маңызы зиянды мутацияларды үт майлығы жоғары басқа, тұқыммен шалыстыру керек. Бұл жұмыс зоотехникті көп ойландырып рецесивті түрлерін құртуда өте жоғары. Талдауға қарағанда рецесивтік мутантты геннің жилігін сұрыптау арқылы жылдам төмендетуге болады. Мыс:метальды генің шоғырлану 0,3 тең 0,2 –ге дейін төмендету үшін екі ұрпақтын өмірі ғана керек. Әртүрлі популяциялардың мутациялардың таралуы миграция арқылы жүру мүмкін. Мал шаруашылығында бұл басқа жерлерден мемлекеттерден мал әкелу әсіресе аталық малдың немесе олардың спермаларын әкеліп пайдалану мен байланысты. Түр популяциядан қүұралады. Егер бір популяциялардың өкілдері басқа популяйияның өкілдерімен мүлде немесе ішінар шағылыспайтын болса, онда мұндай популция оқшаулану процесіне душар болады. Егер оқшаулану ұрпақтар тізбегінің көп қатарында жүрсе сұрыптау факторлары әртүрлі популяцияларда неше түрлі бағыта құызмет етіп популяциялардың жіктеуі болады. Кейінен мұндай популяциялар жаңа түрлердің бастамас ын бюекру мүмкін.Түр ішінде популяциялардың оқшаулануы географиялық, экологиялық және биологиялық факторлардың әсеінен болады. Шағылысу еркіндігін бұзатын биологиялық факторлар қатарына генетикалық және физологиялық факторлар жатады. Оқшауланудың генетикалық факторлары көбінесе миграцияның қалыпты өтуін бұзады.Ол өсімталдығы жоғары болатын,ұрпақ алуына кедергі кетіреді.Оның себептері ониплойда хромосомалық қайта құрулар, ядро, цитоплазмалық сәйкес келу болады. Бұлардың әрқайсыс өкілдердің еркін шағылусын шектеуге және будандардың бедеу болып қалуына, гендердің еркін комбилациялауын тежеуге, яғни өз ішінде зсімталдығы жоғары болатын ұрпақ бере алатын формалардың генетикалық оқшауландыруына әкеліп соғады.
2. Сұрыптудың нәтижелігіне ортаның әсері.
Табиғи және қолдан сұрыптаулар тек қан фенотиппен жүргізіледі.Малдың генотипін тұқымға ауытқалу үшін бағалағанда зоотехник фенотиппен жұмыс істейді. 1-ден ата-бабаларынның,2-нен ұрпақұтарының фенотипімен . Қандай организм болмасын фенотип генотиппен организмнің дамуында оған әсер ететін ортаның ықпалымен құрылады.Организм фенотипінің түгелдей ерекшеліктері ортаның әсеріне ұшыра бермейді мысалы: адамның және малдың қан топтары белгілі қызмет атқаратын белок құрылысы гемоглабин, трансферон, серулаплазмин т.с.генмен анықталады. Бұл ерекшеліктер өмір бойы өзгерісіз болады. Малдың түсіне , жүнінің өзгеруі қоршаған ортаның әсері шшамалы. Түрге тән ерекшеліктерқалыпты жағдайда тек қана генотипттік бақылау мен жүргізіледі. Дегенмен белгілердің басым көпшілігі оның ішінде мал тұқымын асылдандыратын зоотехниктер үшін қажеттер мысалы: сүт мөлшері майлығы тауықтың жұмыртқасы, қойдың жүн өнімдері малдың т.с.с күрделі тұқым қуу қасиеті барлар көбіне қоршаған ортаның ықпалына бағынышты. Генотип организмнің қоршаған ортаның әсер ережесін анықтайды осының нәтижесінде әртүрлі генотипті малдар бір-бірімен әжептәуір аайырмашылығы болуы мүмкін яғни модификациялық өзгергіштік пайда болады.Оның әсерінен фенотипіне қарап малдың тұқымдық бағасын анықтау кейде қиынға соғады бірақ мұндай қиындықтар ортаның жағдайы нәсілдік қасиеттің ықтималдығын бүркеп қарама-қарсы келгенде ғана туады. Мысалы: сүтті тұқымнан тараған сиырларды азықтандыру нашар болса, онда олардың өнімі жабайы тұқымдарының сиырларындай ғана онанда төмен болады. Себебі олардың өнім дәрежесі бұл жағдайда берілген азыққа байланысты. Егер сол сиырлардан мол азықпен жақсы күтімге қойса, онда тұқымнан алынған сиырлар өнімді әлде қайда артық береді. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру үшін оған өте жақсы жағдай жасау ең басты жұмыс болып есептеледі.
3. Сұрыптаудың зерттеу әдістері мыналар :
1.Методикалық қолдан сұрыптау ерте кезден белгілі. Ертедегі гректер мен римдіктер жылқы, ит және басқа жануарлардың таза қанды түрлерін өсіру үшін малды асылдандыру жұмысына үлкен мән берген.

Методикалық сұрыптау әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын творчестволық процесс болып саналады. Осы әдісті қолдана отырып, селекционер мүсінше сияқты, алдын ала ойлаған жоспары бойынша жаңа органикалық формалар жасап шығарады.


2.Санасыз сұрыптау әдісі – бұл селекциялық процестің өте ертедагі түрі. Санасыз сұрыптаудың мәнісі – адам өсімдіктердегі жаңа сорттарын немесе жануарлардың жаңа тұқымдарын шығарам деген ойсыз-ақ өзіне пайдалыларын сақтап, нашарларын жойып жібереді.

Бақылау сұрақтары :

1.Сұрыптау жылдамдығының популяциядағы особьтардың генетикалық әртүрлілігіне байланыстылығы.?

2.Сұрыптаудың қысымы және векторы жайлы ұғым.?

3.Сұрыптаудың зерттеу әдістері?

Лекция №16

Тақырыбы: Табиғаттағы сұрыптауды популяциялық-экологиялық және популяциялық-морфологиялық зерттеулер арқылы талда

Жоспары:


1.Сұрыптау әсерінің статистикалық сипаттамасы

2.Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және дизруптивті, жыныстық сұрыптау.

3.Жеке және топтық сұрыптау
Лекция мәтіні:
1. Егер түрге жататын өкілдер қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі болады. Көптеген өкілдердің бірқатарының қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Демек, организмнің тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Қандай да болмасын тіршілікке бейімділігі жоғарылау организмдер аман қалып арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Осылай бір организмнің қырылып кетіп, екінші біреулерінің аман қалып арттарынан ұрпақ қалдыруын табиғи сұрыптау деп атаймыз.

Сұрып атауын жабайы организмге қолданудың өзі шартты түрде. Себебі табиғи жағдайда қолдан сұрыптаудай ешкім сұрыптау жүргізбейді. Сұрыптау атауын Дарвин қолдан сұрыптаумен салыстырып қолданған. Мұндай аналогияның мәнісі табиғи сұрыптауда да, қолдан сұрыптау да сұрыптау материалы организмнің ұсақ, жеке өзгергіштіктері болып табылады. Демек, сұраптау нәтижесі біртіндеп жиналады. Сөйте тұра, қолдан сұрыптаудың бір ерекшелігі, оның нәтижесі біртіндеп болса да табиғи сұрыптаумен салыстыра, әлде қайда жылдам жүреді.


2.Табиғи сұрыптаудың түрлері

1) Қоршаған орта жағдайларының біртіндеп өзгеруі кезінде байқалады. Жеке даралардағы бір белгі ғана бастапқы қалыпты жағдайдан ауытқиды да даралардың фенотипі өзгереді. Осылайша жаңа популяция п.б. Ол өз кезегінде жаңа түрлердің пайда болуларына жол ашады. М: антибиотикттерге төзімді бактерия лардың штамдары сұрыпталады және т.б. Сұрыпталудың бір түрін алғаш рет Дарвин сипаттап жазды.




  1. Тұрақтандырушы сүрыпталу

Ұзақ уақыт бойы өзгермеген орта жағдайларында байқалады.Мұндай сұрыптау организмнің Фенотиптік белгілері орта жағдайларына сәйкес келсе және бәсекелес организмдер болмаған жағдайларда жүреді, яғни қалыпты жағдайдан өзгеше өзгерістерді жойып жібереді. Сұрыпталудың бұл түрін 1946 ж Шмальгаузен сипаттап жазды.


  1. Дизруптивті сұрыпталу

Сұрыпталудың бұл түрі орта жағдайларына кенеттен күрт өзгеруі кезінде байқалады. Ағылшынша дизрупт- бөліп тастау деген ұғымды білдіреді. Папуляциядағы генотип топтардың бір-бірінен артықшылығы болмайды бұл кезде бірнеше белгінің қалыпты жағдайдан ауытқуы байқалады да түр жекелеген топтарға, жекелеген топтар жеке дараларға бөлінеді.Сұрыптаудың бұл түрі өсімдіктерде жиі кездеседі.


  1. Жыныстық сұрыпталу

Шағылысу алдында жануарлардың еркектерінің арасындағы ұрғашы үшін активті таласу немесе ұрғашылардың еркектерді таңдап үйірге түсуі нәтижесінде екінші жыныстық белгілердің сұрыпталуы жыныстық сұрыпталу делінеді.Табиғи сұрыптауының жекеленген түрі ретінде Дарвин жыныстық сұрыптауды өз алдына бөліп көрсетті сұрыптаудың бұл түрі . Жануарлар арасында айқын байқалды Мыс: Құстардың қораздарының көбеюі үшін бәсекеге түсуі бұл кезде жыныстық деморфизм басты роль атқарады әрі организмнің мінез-құлқы да өзгереді (этиология).

  1. Жеке сұрыптау дегеніміз – бір жұп ата-ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсысының өзіне ғана тән қандай да бір белгілердің сұрыпталуы.




  1. Топтық сұраптау – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын түрлердің ортақ белгілерінің сұрыпталуы.

Бақылау сұрақтары :

1.Сұрыптау әсерінің статистикалық сипаттамасы?

2.Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары: тұрақтандырушы, қозғаушы және дизруптивті, жыныстық сұрыптау.?

3.Жеке және топтық сұрыптау?

Лекция №17

Тақырыбы: Адаптациялардың пайда болуы табиғи сұрыптау әсерінің нәтижесі

Жоспары:


1.Адаптация ұғымы, классификациялары.

2.Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда болу, жақсару жолдары.

3.Күрделі адаптациялар

Лекция мәтіні:


1.Бейімделгіштің түрі.Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы, инстениктері,мінез-қылықтарыолардың тіршілік жағдайларына бейімделгіштігімен сипатталады.Бір ғана ортадағы әр түрлі жануарлардын түрлі-түрлі бейімділік байқалады. Көртышқан топырақты аяқтарымен,алсоқырақ жерастыжолды басының және қуатты күрек тісінің жәрдемімен жасайды.Түлен ескек аяқтарымен, ал дельфинқұйрық қанаттары арқылыжүзеді.

Өсімдіктер әртүрлі бейімделулерарқылы айқас тозаңданады.Желайдар мен көгілдір қамекгүлдің көтемгі нәзік өскіндері клетка шырынындағы концентрациясы қант ерітіндісінәтижесінде нолден төмен температураға төзеді.Ағаштармен бұталардың тырбық,жапырақтарының ұсақ болып, тамырларының жер бетіне жақын орналасуы, көктеммен жазда өсімдіктердің тез дамуы –осының барлығы тундра тіршілігіне бейімделушіліктен туған әрекет.

Көбею қарқынының түрлі-түрлі болуы түрдің, оның популяцияның сақталуына маңызды бейімделу қызметін атқарады. Ұпағы жаппай түрлерде ұрпақ өте көп болады.Ал ұрпағының қамқорлық жасау инстинкті дамыған түрлерде ұрпақ саны оншакөп емес.Аталығы жасаған ұяға шаншар балық бар болғаны120-150 уылдырық салады, ұрықтанған уылдырық пен шабақтарды аталық балық күзетеді.Треска 4 милионға дейін уылдырық шашады, бірақ ұрпағын қорғамайды.
2.Организмдерде бейімдеушіліктің пайда болуы.Дарвин теориясы бойынша күрделі және көптүрлі бейімделудің қоршаған ортадағы нақтылы жағдайларға сай пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіреді.Жасыл жапырақтарда тіршілік ететін кейбір популяциядағы жұлдыз құрттар денесінде бүркеніш реңнің болып, бәлкім қарастырайық.Олардың ата тегі басқа реңді болып, бәлкім жапырақтармен қоректенбеген де болар.Олар әлде бір жағдайдаң әсерінен жасыл жапырақтарының қоректенуге мәжбүр болады делік.Мутациялардың үнемі туындап тұруына байланысты бұл популяциядағы бунақденелердің реңі біркелкі болмайд, сондықтан көптеген жұлдыз құрттардың арасында жапырақтар реңінен нашар байқалатын жасылдау ренді особьтар кездеседі.Тіршілік үшін күресте табиғи сұрыпталудың әсерінен жасылдау реңді особьтардың ұрпақтары басымырақ өмір сүріп тірі қалады.Бұл процесс келесі ұрпақтарда да жалғаса береді. Уақыт өткен сайын жұлдызқұрттар денесінің реңі барған сайын айналадағы орта түсіне үйлесе түседі.
Мимикрияның туындауын да осылай түсіндіруге болады. Дене пішіні,реңі, мінез-қылығы тұрғысынан қорғана алатын жануарлармен ұқсастығын азда болса күшейте түсетін тұқым қуалауға ыңғайлы особьтар пайдалы өзгеістері жоқ особьтарға қарағанда өмір сүріп ұрпақ қалдыруға мүмкіндік алады. Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу әсерінен пайдалы өзгеріс ұрпақтан-ұрпаққа күшейіп,жетіле береді де, қорғана алатын жануарлардың ұқсастық белгілері жинақтала түсті.

Олардың әрбір бейімделумен бүкіл комплексі тіршілік үшін күреспроцесіндегі тұқым қуалайтын өзгергіштік пен ұрпақ қатарындағы сұрыптау негізінен қалыптасады. Организмдердің бейімделушілігі эволюциялық қозғаушы күшінің дәл сол тіршілік ету жағдайларындағы әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Даврин бейімдеушіліктің туындайтын Ламартың осы мәселесі мен пішіні ұғынуынан мүлде басқаша түсіндірілді.Организмдерінің бірімен-бірінің өзара бейімдеущілігін де, мысалы, жұмысшы балаларыныңтұмсығы тозаңдандыратын өсімдік гүлінің құрылысына сәйкес келуін былай түсіндіруге болады:жұмысшы балалар көбеймейді, ал балаларының аналықтары ұпақ таратқанымен де тозаң жинақталмайтын болғандықтан, тұмсығын «жаттықтыра» алмайды. Организмдердің тек пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістерініңпайда болу жолымен ғана тікелей бейімделу теориясы сайып келгенде әуел бастан мақсатқасай келу түсінігінен туындайды. Оның эволюциялық қозғаушы күші туралы Давриннің идеалистік сипаты ілімі негізінде ашуға болады.

Организмдердің бейімдеушіліктердің салыстырмалығы. Организмнің құрылысы және атқаратын қызметінің мақсатқа сәйкестігіның тек сыртқы ортамен нақтылы жанасу арақатынасынан ғана білінеді.Организмнің тірі қалуына кез келген бейімдеушілік тек эволюциялық қозғаушы күш әсеріне қалаптасқан жағдайларда ғана жәрдемдесе алады. Бірақ осы жағдайлардың өзінде де ол салыстырмалы сипатта болады. Қысқы жайма шуақ ашық күні-ақ құр қардағы көлеңкесімен көзге түседі. Ормандағы қардан байқалатын

Орқоян қошқыл түсті ағаш діңдерінен тез байқалады.

Бақылаулар нәтижесінде жануарларда инстикті көптеген жағдайларда салыстырмалы тұрғыда ғана мақсатқа сәйкес болатынын көрсетеді. Түн көбелектері өлетініне қарамастан отқа қарай ұшады. Олар негігінде түнде жақсы байқалатын ашық түсті гүлдерден шірне жинайды,сондықтан олар инстинкт бойынша орқа үрлейді.

Дене мүшесінің арнайы бір бағытта ғана қалыптасуынан организм жойылп кетеді. Сұрқарлығаш қанаттары ұзын аяқтары өте қысқа болғандықтан, тегіс жерден бірден ұшып көтеріле алмайды.Олтек бір нәрсенің жиегімен ғана трамплин тәрізді тебініп барып ұшады.

Жануарлардың жеуіне бөгет боларлықтай өсімдіктердің бейімделуі де салыстырмалы құбылыс. Тікенекті өсімдіктерге әдетте сиырлар жоламағанымен, жантақты түйелер, ешкілер ашыққан ірі қаралар сүйсіне жейді.


Сан алуан түрлерге жататын организмдердің ,мысалы қынадағы балдырлармен саңырауқұлақтардың бірлесіп тіршілік етуі-селбесудің де пайдасы салыстырмалы ғана. Кейде саңырауқұлақ жіпшесі оның балдырлармен берлескен тіршілігін бұзады. Организмдерде қажетсіз мүшелер мен белгілер кездеседі.Мысалы жылқының қоламса сүйегі суға еш уақытта жоламайтын тау қазының саусақтары арасындағы жарғағы, маймыл мен адамда үшінші қабықтың сақталып қалуы. Міне,осылар және басқада көптеген фактілер бейімдеушіліктің абсолютты емес, салыстырмалы екенін білдіреді.
3.Адаптация үлкен екі топқа бөлінеді:
1.Қарапайым қорғаныштық адаптация -
а)бүркеніш рең;

ә)жасырушы рең;

б)сақтандырғыш рең;

с)қорғаныш рең;


Күрделі адаптациялардың мысалына тропикалық жерлерде тіршілік ететін шыбынжегі өсімдігін келтіруге болады. Ол шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Қоректену аппараты күрделі дамыған. Қорегін ұстап қалу үшін арнайы сұйықтығын бөліп, шыбын өсімдіктің гүліне қонғанда, жабысып қалады, күлте жапырақшалары ине тәрізді болғандықтан шайнау қызметін атқарады.

Бақылау сұрақтары :

1.Адаптация ұғымы, классификациялары.?

2.Қарапайым қорғану құрылымдары және олардың эволюция процесінде пайда болу, жақсару жолдары.?

3.Күрделі адаптациялар?

Лекция №18

Тақырыбы:Түр – эволюция процесінің негізгі дәуірі

Жоспары:


1.Түр концепциясының даму тарихы.

2.Типологиялық түр концепциясы

3.Номиналистік концепция

4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі


1. Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдің географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип және 3) биологиялық раса.
2. Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын географиялық популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде әрқашан аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өз ара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың араларында физиологиялық және генетикалық оқшаулық жоқ.

Әдетте, ареалы көлемді түрлер көптеген түр тармақтарына бөлінеді. Мысалы Совет Одағының территориясындағы кәдімгі тиіннің жиырма екі түр тармағы бар.Толып жатқан популяциялар ішінен әрбір түр тармақ реңіне қарай ажыратылады, оның көптеген даналарын салыстырғанда ғана айырмашылық айқын көрінеді.

Сонымен қатар көршілес екі түр тармақтарының араларында әрқашан аралық белгілері бар особьтар кездеседі.
3. Түрдің ареалы тұтасып жатқанжағдайда көршілес екі түр тармағының шекарасын дәл ажырату қиын, себебі мұнда интерградациялық аралық зона болады. Бұл жерде бір географиялық раса екінші географиялық расаға сына тәрізді өзгергіштік сияқты біртіндеп еніп жатады.

Басқа жағдайларда түр тармақтық ареалдар біршама дәл ажыратылады, бұл түр ареалының табиғи бөлшектенуінен байқалады. Бұған теңбіл торғай мысал болады. Бұл түр Соломон аралдарында мекендейді; бұл бірнеше географиялық расалар құра отырып, әрбір расаның бір не бірнеше аралдар көлемінде меншікті ареалы болады.Бұлардың екі формаларының ғана реңі ұқсас, қалғандарының қораздары қауырсындарының әшекейлі түсті мәнерлерінде айырмашылық бар. Сонымен қатар, қай түр тармағының популяциясында болса да баска түр тармақтарына тән белгілері бар особьтар кездеседі. Сөйтіп түр тармақтарының ареалдары бір-біріне түйісіп жатпаса да, жеке популяцияларда географиялық расаларды біртұтас системаға байланыстырушы аралық формалар әрқашан болып отырады.

Экотип немесе экологиялық раса — тұрақты морфологиялық және биологиялық белгілері б а р және ареалынын, көлемінде белгілі орын тепкен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Осыған орай экологиялық расалар бір географиялық орында кездесуі мүмкін, бірақ олар әр түрлі экологиялық жағ-дайларда мекендейді. Экотиптер өсімдіктерде сипатталған. Мұның мысалдары жоғарыда беріліп кетті
4.Биологиялық раса, немесе иелі раса — паразиттік формалардың арасында кездесетін, белгілі бір иелерінде мекендеуге бейімделген популяциялардың оқшау жиынтығы. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық паразиттік топтарында биологиялық расалар пайда болатыны көптен мәлім. Бүлар насекомдарда жақсы зерттелген. Мысалы, жапырақжегіде екі раса бар, мұның біреуі талдарда, екіншісі қайыңда мекендейді. Қызылша шыбынында , алабота өсімдіктерінде және алқа түқымдастарында мекендейтін екі расасы болатындығы дәлелденді.

Түрді жекелеп алғанда, сол түрдің ерекшеліктеріне және оның особьтары мекендеген сыртқы ортаның алуан түрлі жағдайларына байланысты бүл схема түрліше болып шығады. Түрді құраушы популяциялардың құрылымының өзі күрделі; бұл, түр таралған аймак көлемінде олардың ортаны меңгеруін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты түрдің құрылымы да күрделене түседі.

Бақылау сұрақтары :

1.Түр концепциясының даму тарихы?

2.Типологиялық түр концепциясы?

3.Номиналистік концепция?

4.Түр ұғымы жайлы Ч.Дарвин түсінігі?

Түрдің пайда болуы – микроэволюция нәтижесі

Жоспары:

1.Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары

2.Негіздеуші принциптер

3.Түрдің пайда болуына будандасу мен полиплоидияның ролі

Лекция мәтіні:
1.Табиғатта аса алшақтап кеткен ең соңғы формалар ғана үнемі сақталып қала бермей, ортанғы формалар да тірі қалып, ұрпақ бере алады. Ең соңғы формалардан кейде бір форма, тіпті одан да көп формалар дамуы мүмкін. Егер орта жағдайы өзгермесе немесе ұзақ уақыт бойы аздап қана өзгерсе, онда түрдің ата тегімен салыстырғандағы өзгерісі айтарлықтай болмайды.

Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары ғалымдар популяцияға түрдің тіршілік ету формасы ретінде назар аудару. Жаңа зерттеулер эволюция процесінің түр ішінде жүріп, түрішілік жаңа топтамалар- популяциялар мен түр тармақтарын түзетін ең бастапқы кезеңін айқын түсіндіріп берді. Бұл процесс микроэволюция деп аталады. Тарихи қысқа мерзімде өтетін болғандықтан, оны тікелей бақылап, зерттеуге болады.


2.Географиялық түр түзіліс бастапқы түр арелының кеңеюіне немесе табиғи пайда болған кедергілерден (климаттың өзгеруі, тау, өзен) ареалдың оқшауланған бөліктерге. Полиполидия құбылысын орыс ғалымы И. И. Герасимов 1890 жылы ашқан болатын. Ол бірсыпыра наркотикалық заттардың спирогира балдарнына тигізетін әсерін зертейді. Хлорлгидрат, хлороформ және эфир сияқты наркотиктермен әсер еткенде спирогира клеткасының қалыпты бөліну процесіне өзгеріс енеді. Осыған байланысты оның клеткасы бөлінгенде одан біреу ядросыз,екіншісі қос ядролы клетка пайда болады; мұнда ядросыз клеткалар өліп қалады да, ал қос ядролы клеткаларда күрделі өзгерістер жүреді. Бөліну кезде бұлардың ядролары қосылып, екі еселі хромосомды бір ядро түзеді. Осылай хромосомдар санының еселеп көбею құбылысын Г. Винклер полиполидия деп атауды ұсынды.

Өсімдіктерде, әсіресе гүлді өсімдіктерде полиплоидиялық түрлер жиі кездеседі. Түрлері дұрыс қатар түзейтін өсімдік туыстары бар; мұндағы түрлердің хромосомдар жиынтығы еселеп артып отырады. Мысалы, бидай түрлернін ( Triticum туысы) хромосом санына сәйкес үш топқа бөлуге келеді: бірінші тобының сомалық клеткаларында 14 хромосом, екінші тобында –28, үшіншісінде-42 хромосом болады. Ал, жыныс клеткаларында хромосом саны екі есе аз, соған сәйкес 7, 14, 21 болды. Бұл сандар 7-ге еселеп келеді. 7 деген сан полиполидиялық қатардың н е г і з г і саны (n) болып табылады; бұл гаплоидтық хромосом жиынтығындағы хромосом санына сәйкес келеді. Демек, бірінші топтағы түрлердің сомалық клеткаларында хромосомдардың екі жиынтығы (2n) – (диплоидты), екінші топтағы түрлерде төрт жиынтық (4n)- тетраплоидты; үшінші топ түрінде – алты жиынтық (6n)-(гексаплоидты) болады.


3.Жануарларда полиполидты түрлер тым сирек кездеседі; көбіне ондайлар қос жынысты жануарларда (жауын құрттар) немесе партеногенездік қабілеті бар түрлерде (біз тұмсық қоңыздарда) болады. Алайда, қалыпты жыныс процесі болатын топтарда да, мысалы сүтқоректерде де (аламен тышқандарында) полиполидия табылады.
Қазіргі кезде, полиполиция негізгі екі топқа жіктеледі:
1)аутополиполидия

2) аллополиполидия.

Бақылау сұрақтары :

1.Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары?

2.Негіздеуші принциптер?

3.Түрдің пайда болуына будандасу мен полиплоидияның ролі?

Лекция № 21

Тақырыбы: Макроэволюция проблемалары

Жоспары:

1.Макроэволюция ұғымы

2.Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

3.Макроэволюция және микроэволюция


Лекция мәтіні:
1.Макроэволюция. Түрлерден және туыстардың, туыстардан жаңа тұқымдастардың және т.с с. Пайда болу процесі-макроэволюция деп аталады. Ол тарихи орасан зор уақыт аралығында өтеді, сондықтан оны тікелей зерттеу мүмкін емес.

Макроэволюция-түрден жоғары топтарда өтетін эволюция, бұл оның түр ішінде, түр популяцияларының ішінде өтетін микроэволюциядан айрмашылығы болып саналад. Алайда макроэволюциялық процестер микроэволюциялық процестрерге негізделетіндіктін, олардың арасында айтарлықтай айрмашылықтар болмайды. Макроэволюцияда да тіршілік үшін күрес, тапбиғи сұрыпталу және соған байланысты өліп біту процестері жүреді. Микроэволюция сияқты макроэволюция да дивергенттік сипата болады.

Эмбриологиялық дәлелдемелер. Сендерге тірі организмдердің шығу тегінің бірлігін дәлелдейтін омыртқалылардың дамуын зерттейтін эмбриология организмдер арасындағы туыстық дәрежені бұлжытпай дәлелдеп беретіні белгілі. Организмдердің жеке дамуы (онтогонез) мен олардың эволюциялық дамуы (филогенез) арасында өзара байланыс болатынын тіпті Ч. Дарвин ерекше атап көрсетті.Бұл байланыстарды кейінгі зертеушілер егжей-тегжейлі зерттеді.. Ұрықтардың ұқсастығы организмдердің басым көпшілігі ұрықтанған жұмыртқадан дамиды. Балық, кесіртке,үй қоян, адам ұрықтарын біртіндеп даму сатыларына көз жүгіртіп көрейік. Ұрықтарының дене пішіні, құйрығының болуы, аяақтарының біліне бастауы, жұтқыншақтың екі жағында желбезек қатпаршақтарының болуы біріне-бірінің ғажап ұқсастығын көрсетеді. Бұл сатыларда көбінесе ұрықтардың ішкі құрлымы ұқсас болып келеді. Бастапқы,да бұлардың барлығында хорда, соңынан шеміршекті омыртқалардан құралған омыртқа жотасы, бір қанайналым шеңберлі (балықтардағыдай, зоология пәнін еске түсіріңдер) қантамыр жүйесі, құрлысы бірдей бүйрек және т.б болады.

Ұрықтар арасындағы ұқсастық дами келе әлсірей түседі де өздеріне тән кластардың ерекшеліктері барған сайын айқынырақ біліне бастайды. Кесіртке үйқоян және адамның желбезек қатпаршақтары бітіседі; адам ұрығында әсіресе ми орналасатын бас бөлігі күшті дамып бес саусақты аяқ-қол, балық ұрығында жүзбе қанат және т.б қалыптасады. Эмбриондық даму барысында ұрыққа тиесті класс, отрияд,туыс ең соңында түрді сипаттайтын ерекшеліктер қалыптасып, белгілер біртінде пажырайды.

Баяндалған деректердің барлығы бүкіл хордалылар ата тегінің эволюция барсында көптеген тармақтарға таралып, бір саладан шыққанын сөз етеді.

Биогенетикалық заң. Жоғарыда келтірілген, сондай-ақ басқада фактілерге сүйене отырып, XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдар Ф. Мюллер және Э. Геккел онтогенез ара қатынасының заңын дәлелдеп берді, ол биогенетикалық заң деп аталады. Бұл заң бойынша әрбір особь жеке дамыған (онтогенез) кезде өз түрінің тарихи дамуын (филогенез) қайталайды немесе қысқартып айтқанда, онтогенез дегеніміз филогенездің ықшамдалып қайталауы болып табылады.

Бірнеше мысалдар келтірейік. Омыртқалы жануарлардың барлығындада онтогенезінде хорда өте алыс ата тегіне тән белгі қаланады. Құйрықсыз қос мекендердің ( бақа, құрбақа) итшабақтарында құйрық дамиды. Бұл олардың құйрықты ататектірінің қайталанған белгілері. Көптеген бунақ денелілер личинкасының пішіні құрт тәрізді ( көбелектердің жұлдыз құрттары, шыбындардың личинкалары және т.б.) мұны оларды құрттәрізді ататектері құрлысына тән ерекшеліктерінің қайталануы деп қарастырған жөн.

Өсімдіктерге де биогинетикалық заң қолданылады. Мүк спорасынан бастапқыда жіп тәрізді балдырға ұқсас тармақталған жіп дамиды. Бұл құрылық өсімдіктерінің балдырларға туыстас екенін білдіреді.

Организмдер арасындағы туыстық байланыстарды айқындауда онтогенез бен филогенез арасындағы терең байланысты білдіретін биогенетикалық заңның маңызы зор болды.
2.Палеонтологиялық дәлелдемелер.
Палеонтология өліп біткен арганизімдердің қазба қалдықтарын зерттеп, олардың қазіргі организімдерге ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Палеонтологтар қазба қалдықтар бойынша организмдердің сыртқы көрінісі мен құрылысын тіршілік еткен кезіндегідей етіп қалпына келтіріп өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы біле алады және әртүрлі гиологиялық дәуірлердегі жер қабаттарынан алынған. Қазба қалдықтарды салыстыру органикалық дүниенің уақытқа байланысты өзгеруіне толы айғақ болады. Ең ежелгі жер қавбаттарында тек омыртқасызджар типтерінің қалдықтары ғана кездеседі, ал едәуір кейінректегі қабаттардан- хордалылар типтері өкілдерінің қалдықтары табылды. Кейінрек жерде омыртқалылар пайда болды. Ең жасырақ геологиялық қабаттарда қазіргі заманғы түрлерге ұқсас және соларға жататын жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары сақталған.

Полеонтологиялық дерхектерден әьрнтүрлі жүйелеу топтарының арасындағы бір ізді байланыстар туралы көп материалдар алуға болады. Бір жағдайларда өтпелі формаларды анықтауға тура келсе, екінші жағдайда- филогенгетикалық қатарларды, яғни бірінен соңғыбірі дәйектілікпен алмасып тұратын түрлер қатарын анықтаудың сәті түсті.

Қазбадан табылған өтпелі формалар. Солтүстік Двинаның жағасынан аңтісті жоғалаушылар тобы табылды. Оларда жорғаралаушылардың да сүтқоректілердің де белгілері бар. Мұндай организидерді өтпелі формаға жатқызады. Аңтісті жорғалаушылардың бассүйек , омыртқа жотасы және аяқтары, сондақ-ақ тістерінің иттіс, күрек тіс және азутіске бөліну сүтқоректілерге ұқсас болып келеді.

Археоптерикстің табылу эволюциялық көзқарас тұрғысынан ерекше көңіл аударады. Шамасы кептердей ғанга бұл хайуанатта құс белгісі болуы мен бірге жорғалаушылардың да ерекшелігі скақталып қалған. Аяқтарының құс жіліншігіне ұқсастығы, қауырсындарның болуы және сыртқы көріінісі құсқа тән белгі. Құйрық омыртқаларының ұзын қатардан құралуы, бүйір қабырғасы және тістерінің болуы-жорғалаушыларға тән белгі. Архиоптерикс төс сүегі жоқ,қанат және көкірек бұлшықеттері нашар жетілгендіктен жжақсы ұша алмады. Омыртқа жотасы мен қабырғалары қатты сүйек жүйесінен құралмағандықтан, қазіргі құстардағыдай ұшқан кезде орнықты бола алмады.
3.Филогенгездік қатарлар. Полеонтологтар кейбір тұяқты, жыртқыш хайуанаттардың былқылдақ денелілердің және т.б. филогенездік қатарлардың қалпына келтірудің жолын тапты. Оған жылқы эволюциясы мысал бола алады. Оның ежелгі ата тегі алдынғы аяғы төрт, артқы аяғы үш саусақты шөп жеуге қолайлы үсті бұдыр тістері бар, үлкендігі түлкідей болған. Ол шөп пен бұталар арасында секіріп жүріп, ауа -райы жылы және ылғалды жерлерде тіршілік етті.

Неогеннің соңына таман өсімдіктер құрғап, қатая бастады. Ашық далада тіршілік еткен хайуанаттар жауынан жылдам жүгіріп құтылмаса, басқадай қорғанудың ешқандай мүмкіндігі болған жоқ.

Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу аяқтардың ұзарып, тірек бетінің кішіреюіне –жерге жететін саусақтар санының азайып омыртқа жотасының бекемденуіне бағыттала береді, бұл жылдам жүгіруге мүмкіндік туғызады. Қорек сипатының өзгеруі қатпарлы тістердің түзілуіне ықпал жасады. Соның нәтижесінде бұл жануарлардың организм құрылысы қуатты өзгеріске ұшырады.

Палеонтология шежіре салыстырмалы анатимия мен эмбриология деректерімен толықтырыла отырып, орасан зор олқылықтарға қарамастан, жердегі тіршіліктің дамуындағы жалпы көріністі айқын түнуге мүмкіндік береді. Жердің неғұрлым ертеректегі қабаттарының жаңа қабаттарға өткен сайын жануарлар мен өсімдіктер құрылымының біртіндеп арта түсуі, фауна мен флораның қазіргі кездегіт үрлерге біртіндеп жақындай түсуге байқалады.

Жердегі тіршілік эвалюциясы макро және микро эволюдциялық процестер бірлігінде жүзеге асады.Эвалюциядағы жеке түрлердің рөлі солардан бастама алған жоғары жүйелеу топтарының пайда болуында тарихи айқындала түседі.

Бақылау сұрақтары :

1.Макроэволюция ұғымы?

2.Макро- және микроэволюциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. ?

3.Макроэволюция және микроэволюци

Лекция № 22


Тақырыбы: Филогенетикалық топтардың эволюциясы

Жоспары:


1.Филогенездің негізгі формалары

2.Филогенетикалық топтар эволюцияның қағидалары

3.Прогрессивті бейімделу, бейімделген ататектер пайда болу, адаптациогенез фазаларының алмасуы, адаптивті радиация, биологиялық системалар интеграциялануының күшеюі
Лекция мәтіні:
1.Филэмбриогенез теориясының негізгі жағдайы—эволюциялық өзгерістер онтогенездік дамудың жолы өзгеруімен байланысты деп тану. Ересек организмдердің белгілерінің филогениялық өзгерістері жануардың не өсімдіктің жеке дамуының әр түрлі фазаларында — бастапқы, орта және соңғы фазаларында болады. Осыған байланысты филогениялық өзгерістердің мынадай үш негізгі жолы (модус) болады: 1) анаболия, 2) девиация және 3) архаллаксис.

Анаболия — дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы. Морфогенездің ортаңғы фазаларында болатын өзгерістердің онтогенездік жолы девиация делінеді. Архаллаксис органның эмбриондық дамуының ең басында болатын өзгерістер, осыған байланысты бүкіл морфогенез барысы кенет өзгереді.


2.Филэмбриогенездің осы үш жолы туралы ұғым беретін нақтылы мысалдарды қарап өтейік. Анаболия, немесе дамудың соңғы сатысындағы қондырма. Анаболия кезінде белгілі органның жеке дамуы ата-тегіндегідей жүреді. Ал, дамудың аяқ кезінде қондырма ретінде осы оргаға өзгеріс енеді.

Сарган деп аталатын балықтың дамуы жануарлардағы анаболияны түсіндіру үшін мысал бола алады. Сарган езіне жақын балықтардан жақ аппаратының қүрылысы женінен ажыратылды. Оның екі жағы да ілгері карай сорайып шығып, тұмсык, құрап тұрады , және мұның астыңғы жағы үстіңгі жағынан бір шама ұзын. Сарганның онтогенезін зерттегенде жеке дамуының ең басында ұзындығы 10 ммэмбрионының жақтары сорайған ұзын емес, оның астыңғы жағы үстіңгі жағынан болмашы ғана ұзындау болатындығы анықталды. Сарганға туыстас балықтардың бәрінің жақтары, мысалы атеринканікі де осындай, олардың ересектерінде де сол қалпын сақтайды. Ал саргандағы жағдай басқаша, оның ұзындығы 21 мм келетін шабағының төменгі жағы сорайып өсіп, үстіңгі жағынан әлденеше рет үзын болып кетеді. Кейінірек шабақтың ұзындығы тоғыз сантиметрге жеткенде үстіңгі жағы ұзарып өсе бастайды, бірақ мұның өсуі, астыңғы жағының өсуінен баяу болады. Үстіңгі және астыңғы жақтардың осындай қалпы гемирамфустың ересек особьтарында болады. Бұл мысалдан, сарганда атеринкаға қарағанда, жеке даму барысында өкі жаңа фаза — гемирамфус фазасы және ересек сарган фазасы қосылатыны көрінеді. Сөйтіп, сарганның жақ аппараты анаболия жолымен дамиды, яғни.онтогенездің аяғында қондырма пайда болады; мұнда атеринкамсіі салыстырғанда екі қондырма болды


3.Қазіргі уақытта биологиялық системалар интеграциялануына көптеген өзгерістер еніп жатыр. Себебі көптеген түрлер жойылып, ал басқа бір түрлер қолдан сұрыпталу нәтижесінде пайда болып отыр. Биологиялық жүйелердің тұрақталмауы – ол табиғи процесс. Себебі эволюция барысында оларға көптеген өзгерістер енеді.

Бақылау сұрақтары :

1.Филогенездің негізгі формалары?

2.Филогенетикалық топтар эволюцияның қағидалары?

3.Прогрессивті бейімделу?

Лекция №23

Тақырыбы:Мүшелердің және функциялардың эволюциясы

Жоспары:


1.Организмнің біртұтастығы және оның мүшелерінің салыстырмалы автономдылығы.

2.Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары.

3.Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері

Лекция мәтіні:


1. А. Н. Северцовтың пікірінше анаболия жануарлардағы филэмбриогенездің айтарлықтай таралған жолдарының бірі. А. Л. Тахтаджянның айтуынша өсімдіктердің онтогенезінін, аяқ кезінде, әдетте, болмашы ғана өзгеріс болады. Бұған ересек өсімдіктегі жапырақтың асимметриялығы, гүлдегі зигоморфия, органның ұлғаюы не кішіреюі, жапырақтардың тілімденуі сияқты белгілер, сондай-ақ жемістер меи тұқымдардың морфологиялық және анатомиялық құрылыстарындағы бірсыпыра белгілер жатады.
Өсімдіктердегі анаболияның мысалы ретінде пальма жапырақтарының дамуына шолу жасауымызға болады. Бұлардың жапырақтары өте үлкен, сағақты және кынапты. Оның бүршік ішіндегі жапырақтары бүтін жиекті, кейінгі онтогенезінде олар тілімденіп, қауырсын тілімді, не желпуіш тәрізденіп кетеді. Желпуіш жапырақты және қауырсын жапырақты пальмалардың жапырақтары тұтас жапырақ алақандарының тарамдалуынан пайда болмайды; оның түзілген алақанының жеке участоктарының іріп, езіліп кетуінен не өлуінен пайда болады. Мұның біріншісінде тірі клеткалар іріп, ыдырап кетеді (активті оқшаулану) екіншісінде жапырақ алақанының белгілі бір бөлімдерінің тканьдері кеуіп кетіп (пассивті оқшаулану) жапырак алақаны тілімденеді. Бұл процестердің біріншісі ерте, бүкіл жапырақ меристема тканінен тұрған кезде болады. Сондықтан бүл кёлесі жағдай — девиацияға жатқызылады. Екінші процесс — жапырақтың тканінің өліп тілімденуі кеш жүреді, сондықтан бұл анаболияға жатқызылу тиіс.
2. Аталған мысалдарды талдау, анаболия да Мюллердің — Геккельдің биогенетикалық заңына жататынын керсетеді, сол себепті онтогенезге қарап филогениялық процестің бағдарын білуге болады. Өсімдіктерге қарағанда анаболия жануарларда кең таралған, сондықтан кебінесе биогенетикалык заң жануарларға қатысты. болады.

Девиация, немесе эмбриондық дамудың орта сатысындағыөзгерістер. Девиациядабіртүрдіңүрпақтарының онтогенезінің орта фазасындағы қандай да бір органның эмбриондық дамуы арғы ата-тегінен бір шама басқа бағытта болады. Осының салдарынан онтогенездін, орта кезінен бастап органның дамуы бұрынғы эмбриондық жолдан ауытқиды. Анаболияға қарағанда едәуір айқын, ауытқулы жаңа түзіліс болады.Сірә, бұл жағдайда биогенетикалық заң онтогенездін, бастапқы фазасына ғана таралатын болса керек.

Акула тәріздес балықтардағыдай плокоид қабыршақтарынан дамыған рептилилиялардың мүйіз қабыршақтарының филогениялық дамуы девияцияға жақсы мысал болады.

Плакоидты қабыршақ—балық қабыршақтарының ең қарапайым түрі. Мұның әрқайсысы дөңгелек, пластинка тәрізді оның үстіңгі бетінде ұшы кейін қайрылған тісшесі бар. Қабыршақ тістің дентиніне ұқсас, остеодентин атты сүйек затыная түрады, оның үшындағы тісшесі ерекше қатты эмаль затымен қапталған. Қабыршақтың іші куыс, оны борпылдақ ұлпа толтырып түрады.

Астында емізік тәрізденіп топтанған дәнекёр ткані бар эпидермистін, төменгі тығыз қабатынан плакоидты қабыршақ түзіле бастайдң. Дәнекер тканьді емізікше өсе келе эпидермиске еніп,кейін қарай иіліп бірте-бірте қабыршақ тісшесінің бейнесіне келеді. Қабыршақтардьң қалыптасуына байланысты негізгі өзгерістердің бәрі дәнекер тканьді емізікшеде журеді, оның үстіңгі бетінен қабыршақтың бетін қаптайтын остеодентин қабаты түзіледі. Қабыршақтың тісшесін қаптайтын эмаль, кабыршақ дамыған кезде, эпидермистің ішкі қабатында түзілген ерекше безден пайда болады.
Б.С.Матвеевтің зерттеуі бойынша, рептилиялардың мүйіз қабыршақтарының бастапқы даму сатысы плакоидты қабыршақтардың бастапқы даму сатысына ұқсас келеді . Мүйіз қабыршактың калыптасуы да эпидермис қабатының тығыздалуы мен оның астыңғы жағында дәнекер тканнің шоғырлануынан басталады. Алайда, осыдан кейін рептилиялардың қабыршағыньң дамуы плакоидты қабыршақтың даму жолынан кенет ауытқиды, себебі дәнекер тканьді емізікшені каптайтын зпидермис бөліміне едәуір өзгеріс енеді. Осы эпидермистік белім мүйізденіп, нағыз мүйіз қабыршақ түзеді. Рептилиялардың кейбір түрлерінде дәнекер тканіндегі терінің сүйектенуі ретінде мүйіз қабыршақтардың астында бедерлі жұқа сүйек пайда болады.

Сөйтіп, рептилиялардың қабыршағының дамуында тек эмбриондық оастапқы сатысында ғана рекапитуляцияланады (қайталайды), одан кейін плакоидты қабыршақтың даму жолынан ауытқып кетеді (девиация). Мүнда айта кететін нәрсе, рептилиялар филогенезінде мүйіз өскіндердің пайда болуының бейімдеуші маңызы болды, себебі эпидермистің мүйізденуі жануарлардың денесін құрғап кеуіп кетуден сақтады.

Девиация өсімдіктерде кеңінен орын алады. Мысалы, түйнек және жуашықтар да осы жолмен пайда болды. Тахтаджянша, блар ересек өркеннен пайда болған жоқ, өркеннің эмбриондық сатысында немесе бүршіктен пайда болды. Бүршіктің ось бөлімі (сабақшасы) күшті өсіп, жапырақ жұрнақтары дамымаса ғана түйнек пайда болады; ал, дами бастаған жапырақ қорғаныш кабыршақтарына айналып, ось (сабақшасы) дами алмай қалса жуашық пайда болады. Девиация жолымен сары ағаштың жа-пырақтарының бастапқы даму фазаларында сояулар түзіледі. Архаллаксис немесе бастапқы сатыдағы өзгерістер. Дамудың бастапқы фазасындағы өзгерістер әрқашан кенет және күшті ауытқуда болады. Бұл сияқты жағдайлардың бәрінде де органның филогениялық өзгерістері бүрынғы құрылымының кайта түзілуі болып табылмайды, жаңа түзіліс болып табылады.

Архаллаксис жольшен бұрыннан бар құрылымдардың саны көбейеді, олардың орны ауысады, мүндағы ең негізгісі, жаңа он-тогенез бейнесінде тіпті басқаша жаңа құрылымдар пайда болады.

Сүт қоректілерде түктің дамуы жануарлардағы архаллаксиске нақтылы мысал болады. Түк рептилиялардағы мүйіз қабыршақтың гомологы. Арғы тегін алғанда бүлардың бәрі плакоидті қабыршақтың туындысы. Ал, егер мүйіз қабыршақ девиация жолымен филогениялы дамыған болса, сүт қоректілердің түгі нағыз архаллаксис жолымен пайда болды.

Тек түктің ең бастапқы даму фазасы ғана қабыршақтың бас-тапқы даму фазаларына үқсайды. Бұл эпидермис клеткаларының шоғырлану түрінде болады . Осымен онтогенездік процестердің үқсастығы аяқталады. Пайда болған зпидермис клеткаларының тобы дамып келе жатқан дәнекер тканьді емізікшенің түрткісімен сыртқа томпайып шығудың орнына терінің шын қабатына қарай тереңдеп төмен түсіп, одан былай түк өзінше дамиды. Соның нәтижесінде негізінен өзгеше құрылым пайда болады; мұның онтогенезінде плакоидты қабыршақтың құрылымының филогениялық дамуы қайталанбайды. .

Архаллаксис жолымен филогениялық өзгерістер органдардың эволюциясында кеңінен орын алады, бұл жануарларға қарағанда өсімдіктерде көп. Осы жолмен симметриялы орналасқан қрылымдардың саны артты, мысалы жапырақ шоғындағы (мутовка) жапырақ саны немесе андроцеядағы аталық саны артты.

Қаралып өткен филэмбриогенездің негізгі үш жолын (модустарын) салыстыра келгенде Мюллер — Гекель заңын анаболия бейнесінде дамитын белгілерге толығымен қолдануға болатындығы көрінді. Ал, девиацияда оны онтогенездің бастапқы фазаларына ғана қолдануға келеді.

Архаллаксиске биогенетикалық зан мүлдем колдануға келмейді.
3. Қазіргі генетикалық ұғымдар түрғысынан А. Н. Северцовтың филэмбриогенез теориясы жаңа негіз алды. Сірә, онтогенез процесінде пайда болған, одан кейін филогенезге енетін органдардың змбриондық взгерістерінің сипаты, мутациялық процесс нәтижесінде кодыға кандай өзгеріс енгеніне байланысты болуға тиіс. Егер органның морфогенезінің басынан бастан активті белок құрылысына мутация ықпал етсе, органнын, дамуының ауытқуы архаллаксис жолымен жүреді. Егер морфогенездің басында не аяғында активті әрекет етуші белок өзгеріске түссе, онда соған сәйкес девиация не анаболия пайда болады.

Неотения және оның эволюциядағы маңызы. Эволюция процесінде эмбриондық дамудың бүрынғы жолынан жеке органдарда ғана әр түрлі ауытқу болып қоймайды, бүкіл организмде ауытқу болады. Көбіне дамудың ақырғы фазаларын бастапкы фазалар немесе аралық фазалар ығыстырып шығып, онтогенез уақытынан бұрын аяқталып қалғандай болады. Осының нәтижесінде түсіп қалған ересек фазалық міндетін оның алдындағы фазалардың біреуі атқарады. Осындай «үзіліп калған» онтогенез неотения делінеді. Неотениялар жануарларда да, әсімдіктерде де болады.

Жануарларда неотения нәтижесінде личинкалық, даму дәуірінің өзінде-ақ балиғатқа толып өсіп-өну кабілет пайда болады.

Бақылау сұрақтары

1.Организмнің біртұтастығы және оның мүшелерінің салыстырмалы автономдылығы?

2.Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің негізгі алғы шарттары.?

3.Мүшелер мен функциялардың өзгеру принциптері?

Лекция №24

Тақырыбы: Онтогенез эволюциясы

Жоспары:


1.Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы

2.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы

3.Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы
Лекция мәтіні:
1. Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) мен олардың тарихи дамуының (филогенез) өз ара байланысы жайындағы проблема Дарвиннен бұрынғылардың да зейінін аударған болатын. Рулье «Жануарлардың ересектенуіне байланысты жоғары сатыға көтерілуі класс бойынша жоғары сатыға көтерілуіне параллельді» екендігіне зейін аударды. Дарвин ұрықтан «ата тегінің көмескі суретін» көрді. Осы пікір Мюллер — Геккельдің биогенетикалық заңында орын алды
2. Геккельден бастап биологтар жануарлардың белгілі бір систематикалық топтарының филогениясын (шығу тарихын) анықтау мақсатымен биогенетикалық заңды кеңінен пайдаланды. Бірақ эволюцияның заңдылықтарын анықтау үшін бұл заңды қолдану нәтижесі әрқашан қанағаттанарлықтай бола берген жоқ. Геккельдің өзі де, бірсыпыра жағдайда онтогенезде рекапитуляция болмайтындығын, яғни аттегінің 'тарихи даму жолы қай-таланбайтындығын мойындауға мәжбүр болған еді. Осыған байланысты Геккель бл қүбылысты палигенез және ценогенез деп екіге ажыратады. Ол жеке дамудағы филогениялық қайталауды палингенездер деп түсінді. Геккельше нақтылы жеке даму жағдайларына үрықтардың не жас особьтардың бейімделуі салдарынан болатын эмбриондық езгерістер ценогенез деп қаралады. Ценогенездер нәтижесінде рекапитуляция бүрмаланады. Геккель ценогенезді екі түрге — гетеротопияға және гетерохронияға бөледі. Гетеротропияда органдардың орны ауысады, гетерохрония органдардың түзілу мерзімінің өзгеруі.
3. Кейінірек Е. Менерт гетерохрония құбылыстарын классификациялап, оны органдардың прогрессивті және регрессивті даму процестері мен байланысты етіп керсетпекші болды. Менертше, гетерохрония не эмбриондық даму процестерінің тездеуі түрінде (акцелерация), немесе, керісінше оның баяулауы түрінде (ретардация) болады. Акцелерация кезінде органның дамуы ерте басталады, гистологиялық дифференциялану процестері тез ауысады және органның өсуі тездейді. Ретардация орган дамуының кеш басталуы, гистологиялық дифференциация және өсудің баяулауы түрінде болады. Гетерохрония жайындағы осы ұғымына сүйене отырып Менерт биогенетикалық заңды бірсыпыра шектеп қабылдап, онтогенезді филогенездің өзгерген түрдегі қайталауы деп қарады.

Ұрпақтардың онтогенезінде ата-тегінің белгілерінің қайталау не қайталамау себептерін ашқан академик А. Н. Северцов, мұны ол өзінің филэмбриогенез теориясында баяндады.

Бақылау сұрақтары :

1.Онтогенез эволюциясы және онтогенездегі организмнің біртұтастығы?

2.Организмдердің тарихи өзгеруінде корреляцияның және координацияның маңызы?

3.Онтогенездің эмбриондануы және канализациясы?

Лекция № 25

Тақырыбы: Эволюциялық прогресс

Жоспары:

1.Прогресс туралы түсінік.

2.Прогрессивті даму критерилері

3.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері және арақатынасы


Лекция мәтіні:
1.Биологиялық прогресс- органикалық формадан тарихи процесі өзінің мазмұны жөнінен қайталанбайтын процесс. Бұрын өмір сүріп одан кейін жойылып кеткен формалары одан кейін болған филогенетикалық даму процесінде қайталанбайды. Эволюцияда ешқашан кері қозғалыс болмайды: кейде белгілі бір жайдайларда эволюцияның өткен кезеңімен ұқсас нәтиже болуы мүмкін. Бірақ мұны анықтай келіп қарағанда ол конвергенциялық ұқсастық болып шығады. Осылайша эволюцияның ілгері дамуы сипаты эволюцияның қаайталанбау заңы деп аталады. Бұл заңды қалыптастырған бельгиялық палентолог Л.Долло.
2. Алғашқы организмдер пайда болған кезден бастап органикалық дүниенің дамуы өрлеу жолымен –төменгі жоғарғы қарай қарапайымнан күрделіге қарай жүріп келеді,яғни прогресивтік жолмен дамуда.

Бірақ бұдан, органикалық табиғаттың дамуы тек бір бағытта тура жоғары өрлеу жолымен ғана жүріп отырады деген мағына шықпайды. Шын мәнінде организмдердің филогенетикалық дамуы өте күрделі және алуан түрлі болып келеді.

Осыған байланысты процесс деген ұғым органикалық дүниеге салыстырмалы түрде қолданылады. Энгельс айтқандай филогенезде пайда болған бейімділіктердің кез келгені “тұтасынан алғанда прогресс те, сондай-ақ регресс те болып саналады.Мұның негізі сол , ол органикалық дүниедегі әрбір процесс сонымен бірге регресс болып табылады, себебі бұл бір жақты дамуды бекітіп отырады және көптеген басқа бағыттарда дамуға мүмкіндік бермейді.

Организмдердің филогениялық дамуның бағыттары жайында желілі ілім құрған А.Н.Северцовтың еңбектерінде органикалық дүниенің тарихы дамуындағы процесс проблемасы әдейі талқыланған. Осы туралы Северцов өзі ашқан заңдылықтардың жануарлардың эволюциясын мысал ете отырып көрсетті. Кейінен бір қатар зерттеушілер осы заңдылықтарды өсімдік дүниесінде пайдаланады.


Северцовша органикалық дүнедегі процесс екі типке:
1)морфологиялық –физиологиялық процесс және.

2) биологиялық процесс.


Мұның бірінші жағдайында организмдердің тек қана құрылыстары мен функцияларындағы процессивтік өзгерістер жатады. Екіншісіне- түрдің өркендеуіне же ткізетін оның особьтарымен саны көбею ареалының кеңуі, сондай-ақ түр тармақтарының және басқа түр ішінде топтардың түзілулері сияқты өзгерістердің бәрі жатады.

Морфологиялық –физиологиялық процесс әрқашан биологиялық прогресске әкеп соғады, себебі құрылысы мен функциялары жөнінен жетік формада қоршап тұрған жағдайға бейімделген мүмкіншілік мол болады. Бірақ, ол биологиялық прогресске апаратын жалғыз жол бұл ған емес.


3. Северцовтың айтуынша биологиялық прогресстің кемінде төрт ортақ бағыты бар:
1)Араморфоз немесе морфологиялық –физиологиялық процесс
2) идиоадапциялық немесе жеке бейімділік,
3) морфологиялық физиологиялық регресс немесе жалпы дегенерация және

4) Ценогенез немесе эмброндық бейімділік.


Араморфоз универсалды сипаттағы өзгерістер мұның нәтижесінде жануарлармен өсімдіктердің құрылыстары жоғары сатыға көтеріліп одан әрі прогресті өзгеріс тууына мүмкіншілік жасайды. Ароморфоздар жек оргондардың жетілу жолымен ғана емес , бүкіл организімнің жетілу арқылы да жүзеге асады. Бұл процесте функциялық және құрылымдық терең өзгеріс болып соның нәтижесінде ортаның негізгі жағдайына сәйкес жаңа және өте көлемді жетік бейімділіктер пайда болады: Бұл организмен ортаның арасындағы байланысты көлемдендіреді ортаның оның одан әрі икемделуіне мүмкіндік береді.

Омыртқалардың тіршілік әрекетінің энергиясын арттырған жүрегінің эволюциялық ароморфоз жолымен филогениялық дамуға айқын болады. Балықтардың жүрегі екі камералы олардың венаны әуелі бөлінбейтін құлақшаға барады, одан кейін қарыншасына өтеді, қарыншадан қолқаға одан әрі желбезек қан тамырларына барып оттегіне байып барлық денеге тарайды. Амфибиялардың құлақшасы екі камераға бөлінген оның оң жақ жартысы веналық сол жағы артериялық болады. Бұлардың төменгі сатыдағы формаларында оң және сол құлақшасы екіге толып бөлінген.Құйрықсыз амфибиялардың құлақшаларының аралығында перде тақ бір тесік арқылы қарыншамен қатысты болады. Жүректің құрылысы осындай болуына байланысты оның қарыншасына барған вена және артерия қаны толық араласпайды.Қаның араласуына қарыншаның кабырғасындағы ет перденің күрделі системасы және қарыншаның күшті жиырыуы бөгет болады. Қарынша жиырлғанда қолқаға әуелі вена қаны енеді, одан өкпе артериясымен өкпеге барып оттегіне байиды. Қолқаға баратын қаның екінші бөлігі – аралас қан: бұл қолқаға доғасы арқылы вегетативтік органдарға тарайды. Ақырында қаның үшінші бөлімі –артериялық таза қан; бұл ұйқы артериясы арқылы басқа барады.

Сөйтіп омыртқалылардың жүрегінің зволюциялық белгі бағытта араморфоз жолымен жүріп отырады.

Өсімдіктер филогенезінде де араморфоз жолының үлкен маңызы болады. Тахтаджянша өткізуші система эпидермис және бұлармен корреклятивтік байланысты бейімділіктердің пайда болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты иемденуіне болуы жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты икемденуіне мүмкіндік береді.Ал тозаң түтігінің түзілу ұрықтану процесіне су тамшыларына қажет етпейтін етті. Осы белгілердің бәрі нағыз араморфоз жолымен жүреді

Идиоадаптациясы немесе жеке бейімділік. Идиоадаптацияда араморфоздағыдай жалпы бейімделік емес, жеке бейімділік пайда болады. Мұнда құрылыс дәрежесі жоғары көтерілмейді және зат алмасу интенсентивтілігі де артпайды, көбіне организімнің екінші дәрежелі мүшелеріне ғана өзгеріс енеді. Алайда құрылыс дәрежесі жөнінен ата-тегіндей бола тұрса да, организм идиоадаптация нәтижесінде бейімделген болады.

Бақылау сұрақтары :

1.Прогресс туралы түсінік.?

2.Прогрессивті даму критерилері?

3.Прогресс құбылысын классификациялау, олардың сипаттамасы, критерилері және арақатынасы?

Лекция №26

Тақырыбы:Антропогене

Жоспары:


1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы.

2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.

3.Антропогенездің негізгі дәуірлері

Лекция мәтіні:


1.Адамның тегі жайындағы мәселе—материалистік дүниеге

көзкарас жөніндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы үлкен және

күрделі проблема өзіне өте ерте заманнант бері зейін аудартып

келеді.


Көптеген ғасырлар бойы бұл проблеманың құпия сыры бүркенішті болды. Адам өзінің шыққан тегін біле алмағандықтан құдіретті аллатағала өз бейнесіне мақсус етіп адамды жаратқан деп аңыз етті.

Осы аңыз әр түрлі вариацияда осы күнге дейін жетті. Ертедегі Мысырда Хнум құдай қышты дөңгелектің үстінде балшықтың ең бірінші адамды соғып жасады деген сенім болды.Осы сияқты аңыз ертедегі Грецияға да таралды, онда Зевс адамды балшықтан соғып жасады, ал кемеңгер ақылгой әйел құдай — Афина оған жан енгізді деп санады. Бұл аңыздың кейінгі варианты «Қызыл балшықтан», яғни саздан ең бірінші адам — адам ата жаратылды деген таурат ертегі болып табылды. Осы ертегіде сол бірінші адамның қабырғасынан бірінші әйел Хауана жаратылды делінген. Таурат догмасы бойынша адам ата мен хауанадан бүкіл адамзат таралған.

Христиан шіркеуі осы догмаларды жан-тәнімен қорғап, оған сенбеушілердің бәрін аямай жазалап келді. Бұл ертегіге сенбеген ондаған және жүздеген мың адамдарды куғындап, түрмеге қамады, азаптады және отқа өртеді.

Бірақ жаратылыс зерттеушілер адам анатомиясымен бастапқы танысуының өзінде-ақ адамның құрылысы мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың, әсіресе, маймылдардың құрылыстарында ұқсастық бар екендігіне көзі жетті.


2. Адамның тарихи дамуы жайында жаңа ұғым енгізген, бірінші жаратылыс зерттеушісі Ж. Б. Ламарк болды. Ол адамның арғы тегі, алғашында ағашта өрмелеп жүрген, одан жерге түсіп тік жүру әдісіне кешкен маймыл тәрізді жануар болды деген гипотеза жасайды. Ламаркше, тік жүру — дененің тік болып қалыптасуына және табанның өзгеруіне жеткізді. Топтанып жүру сөздің дамуына және тіл шығуына себеп болды.

Ч. Дарвин «Түрлер тегі» деген кітабының бірінші баспасында ол бұл еңбегім «адамның шығу тегі мен оның тарихы жөніндегі мәселеге жол ашады» деп қана қойған болатын. Тек қана 12 жылдан кейін 1871 жылы оның осы проблемаға арналған кітабы басылып шықты. «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» атты бұл кітабындағы негізгі идея — адам кұдайдың құдіретімен жаралған жоқ, ол жануар дүниесінің тарихи дамуының нәтижесінде пайда болды деп тану. Адамның тегі проблемасын шешуде бұл кітаптың орасан зор маңызы болды. Бұл кітап идеяларының көлемділігі және оны дәлелдеудегі нақтылы материалының көптігімен таңдандырды. Бірақ ол антропогенездің басты себебін, демек адам қалпына келудегі өзіндік ерекшелікті ашып бере алған жоқ. Бұл ерекшелік адамның еңбектегі іс-әрекеттерінде екендігін «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» (1896 ж.) атты еңбегінде Ф. Энгельс көрсетіп берді.

Барлық омыртқалы жануарлардың ішінен өзінің құрылысы жөнінде адам приматтар отрядының өкілдеріне өте ұқсас. Қазіргі кезде бұл отрядқа адам мен маймылдар ғана жатқызылады. Приматтар—сүт қоректілердің ең жоғарғы сатыдағы курделі құрылысты отряды. Негізгі белгілері сәйкес болуына байланысты адам приматтар отрядына жатқызылады. Бұл отряд екі отряд тармағына бөлінеді: 1) жалпақ мұрынды маймылдар және 2) құшық мұрынды маймылдар.

Жалпақ мұрынды маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Олардың екі мұрын тесіктерінің арасын жалпақ перде бөліп танаулары екі жаққа қарай делдиіп тұрады. Құйрығы ұзын, ұстау органы міндетін атқарады. Әрбір жақ сүйегінде 18-ден тістері болады. Бұларға ермекші тәрізді маймыл, бақырауық қара және ойнампаз маймылдар жатады.

Қушық мұрынды маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда мекендейді, бұлардың қазба қалдығы Европадан табылды. Мұрын аралық пердесі жұқа. Құйрығы ұзын болуы мумкін, бірақ ол еш уақытта ұстау қызметін атқармаған, бірсыпыра түрлерінде құйрық жойылып кеткен. Әрбір жақ сүйегінде16-дан тістері болады. Қушық мұрынды маймылдардың отряд тармағында төрт тұқымдас бар: мартышкалар, гиббондар, адам тәрізді маймылдар және адамдар. Отряд тармағында ең көбі мартышка тұқымдасы. Бұларда ұзын құйрық, ұрт қалтасы және шонданай сүйелі болады. Бұл тұқымдасқа мартышкалар, павиандар және макаккалар жатады.
3. Белгілер жиынтығы жөнінен адамға едәуір жақын формалары шимпанзе болып табылады.Ең алдымен көзге түсетіні — адам скелетіндегі сүйектердің бәрі адам тәрізді маймыл скелетіндегі сүйектерге гомологті болады.Бұлшық еттерін және ішкі органдарының қайсысын алсақ та сол сияқты ұқсастық байқалады. Тіпті нерв системасының құрылысында да және миының кейбір бөліктерінде де

көптеген ұқсастықтар бар. Тағы бір көңіл аударатын жағдай, ми құрылысы жөнінен жоғары сатыдағы маймылдар төменгі сатыдағы маймылға жақын емес, адамға жақынырақ. Мысалы, адам тәрізді маймылдардың миынын маңдай бөлімі едәуір дамыған және оның ми қыртысындағы адамның сөйлеу процесіне сәйкес бөлімінің күрделілігі де гомологті. Осының бәрі адам тәрізді маймылдардың төменгі сатылы маймылдардан үлкен айырмашылығы бар екенін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары

1.Адамның пайда болуы жайлы түсініктің дамуы?

2.Адамның жануарлар дүниесіндегі орны.?

3.Антропогенездің негізгі дәуірлері?

Лекция №27
Тақырыбы: Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары және олардың әсер ету ерекшеліктері

Жоспары:


1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар.

2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.

3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік

Лекция мәтіні :


1. Дарвин мен Энгельстің адам адам тәрізді маймылдардан шықты деген түсініктерінің дұрыстығын толық көрсетті.Ежелгі адамдармен неандертальдықтардың сүйектерінің қалдығы, сондай-ақ солардың іс-әрекеттерінің іздері Ескі Дүние материктерінен табылғандығын айта кеткеніміз дүрыс. Бұлар Афдерикадан да, Тынық мұхит аралдарынан да табылған жоқ.Ескі Дүниенің территориясында шамамен бүдан 100 мың жыл бұрын кроманьондықтар да қалыптасты. Ондаған мын, жылдар өткеннен кейін осы кездегі адамдар кең таралып, бүкіл Жер жүзіне тарап кетті.
2. Осы ұзақ мерзім ішінде кроманьондықтардын, ұрпақтары әр түрлі климаттық жағдайларға тарап сонымен тіркескен алуан түрлі физикалық . факторлардың әсеріне ұшырадыБұл жағдай белгілі географиялық облыстарда мекендеуші адамдардың сыртқы бейнесіне әсерін тигізді. Соның нәтижесінде әр түрлі континенттің әрқилы зоналарында мекендеуші адамдардың жеке топтарының терісі мен көзінің түстері, шашының түрі мен реңі, мұрын, ерін, бет әлпетінің және басының бейнелері, бойының үзындығы және оның пропорциясы сияқты белгілер жиынтығы женінен бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болды. Осы топтардың бәрі үш үлкен нәсілге біріктіріледі: 1) негроидтық-австралоидтық немесе зкваторлық, 2) европоидтық немесе европалық-азиялық және 3) монголоидтық немесе азиялық-америкалық. Әрбір үлкен нәсіл езінше кіші нәсілдерге немесе екінші нәсілдерге бөлінеді.

Негроидтық-австралоидтық нәсілдерге жататын адамдарға мынадай белгілер тән: терісі, шашы және көзі қара түсті; шаштары бұйра немесе толқынды; мұрнының қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сакал және мұрты не селдір (негрлер), немесе өте қалың (австралиялықтарда) болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге белінеді: африкалық континентте мекендеуші — негроидтар және Австралия континентімен байланысты және Мұхиттық аралдарда мекендеуші — австралоидтықтар.

Европоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің реңі әр түрлі ашық реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер; шаштары жүмсақ, толқынды не түзу, талшықты, шаш реңі тым өзгергіш ашық түстен қараға дейін; мұрыны қушық, едәуір биік, қыр мұрынды; еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою өскен сақал-мұрты болады. Бүл нәсіл екі кіші нәсілге бөлінеді: 1) о ң т ү с т і к немесе үнді-жерорта.теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қой көзді, терісі қоңыр түсті (мысалы, индеецтер, тәжіктер, армяндар, гректер, арабтар, итальяндықтар, испандықтар және 2) солтүстіктік немесе балтикалық н ә с і л, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе көк көзді (орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар) - Монголоидтық нәсілге жататын адамдардың терісінің түсі сарғыштау реңді. Шаштары қара, талшықтары әдетте түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш шығады және селдір болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет сүйегі шығыңқы, үстіңгі қабақ терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз қиығын толық не шала жауып түрады; әдетте қысқа мүрынды болады.

Монголоидтық нәсілге американдық (индиялық) кіші нәсіл де жатады, бүлардың көптеген белгілері европоидтықтар типіне жақын. Мысалы, бет әлпеті және биік қыр мұрыңдылығы жөнінен индеецтер европоидтықтарға үқсайды.

Нәсілдердің өзіндік ерекшеліктері соншалықты маңызды белгі болып саналмайды. Әдетте ол белгілердің ерекше бейімділік мәні жоқ, сонымен қатар нәсілдер өз ара араласып кетуімен байланысты олардың айырмашылықтары шын мәнінде жойылған; нәсілдік топтарды араласып кетйен өте қүрамды топ деп қарауымызға болады.
3. Нәсілдердің пайда болуы және дамуы ете күрделі тарихи процесс. Я. Я. Рогинскийдің пікірінше, осы кездегі адамдардың қалыптасуының бас кезінде, яғни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен Европаның соған таяу аймақтарында екі нәсілдік топ — оңтүстік-батыстық жопе солтүстік-шығыстық топтар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және Гиндукуш тау тізбектері және Үндіқытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы екі топтың біріншісінен европоидтык және экваторлық үлкен нәсілдер шықты. Екіншісінен монголоидтық нәсіл қалыптасты. Бұдан бірнеше кіші нәсілдер шықты, соның бірі америкалық нәсіл. Бұл Азиядан Беринг шығанағы арқылы Солтүстік Америкаға өтіп кеткен, содан бүкіл Жаңа Дүниеге таралған.

Капиталистік елдерде үстем таптың идеологтары нәсілдік айырмашылықтарды ғылымға Қайшы теория құру үшін пайдаланып келеді. Олардың бұл теориясы - нәсілшілдік деп аталады. Нәсілшілдік — әр түрлі нәсілдер биологиялық тең бағалы емес деп қарайды. Бүл нәсілдік дискриминация саясатын — қанау және езу, құл ету саясатын ақтау үшін айтылып отырған пікір.

Нәсілшілдікті жақтаушылар «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер бар деп таниды. Оларша өзіне тән биологиялық ерекшеліктері бар «жоғарғы» нәсілдер ғана мәдениеттін, және прогрес-тің иелері. Осы азғантай «жоғарғы» нәсілдердің келешекте даму правосы бар. Төменгі нәсілдердің өзіне тән биологиялық ерекшліктеріне байланысты мәдени даму қабілеті жоқ, бұлар азғындыққа ұшыраған құлдардың нәсілдері. Нәсілшілдік фашизм идеяларымен үштасты және ұштасуда. Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында нағыз фашистік мемлекеттерде — гитлерлік Германияда, Италияда және Жапонияда фашистік көзқарастар үлкен өріс алды. Соғыс ашу үшін жұртшылықтың пікірін аударуға дайындық жүргізілген жерлерде әрқашан нәсілшілдік өріс алады.

Нәсілдердің биологиялық тең бағалы еместігі жайындағы теориясында нәсілшілдер өздерінше ғылыми дәлелденген деп таныған мына үш жағдайға сүйенеді: 1) әр түрлі нәсілдер әрқилы ата тектен тараған; тек европоидтық нәсіл ғана кроманьондықтардан шыққан, ал басқа нәсілдердің тегі неандертальдықтармен байла-нысты; 2) әр нәсілдің бас сүйегінің ми орналасқан бөлігінде айырмашылық бар; әр нәсілге жататын адамдардың ой-өрісінің әр түрлі дәрежеде болуы осыған байланысты және 3) нәсілдердің даму қабілеті бірдей дәрежеде емес.

Бұл жағдайлардың бәрі ғылыми мәліметтерді бұрмалау негізінде құрылған, солай екендігін жоғарыда аталып кеткен фактыларға сүйене отырып, дәлелдеу қиын емес. Сол үш жағдайды жекелеп талдап көрейік. Бірінші жағдайды айтылып кеткен палеонтологиялық зерттеулердің материалдары жоққа шығарды.Ол материалдар тарихи тұрғысынан қарағанда неандерталдықтар -өте ертегі адамдарды кроманьдықтармен байланыстыратын даму кезеңі екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ осы кездегі адамдардың нәсілдерінің қай-қайсысында неандертальдықтармен тікелей байланыстырғандай кроманьондықтардан басқа аралық форма жоқ.

Осы кездегі адамның арғы ата тектері өте көлемді территорияны мекендегендігі, онда нәсілдер қалыптасатындай ерекше оқшау орталықтар болмағандығы жайында палеонтология көптеген материалдар жинап отыр. Бұл нәсілдердің пайда болуы жайындағы полицентрлік теорияға қарсы дәлел болып табылады.

Екінші жағдай да сынға төтеп бере алмайды. Адамдардың барлық нәсілдері денесіндегі адам сипатын көрсететін негізгі белгілері жөнінен өзара ұқсас.Бас сүйегінің миы орналасқан бөліігі жөніненде сондай.Әрине жеке адамдардың бас сүйегінің миы орналасқан бөлігінің кеңдігі әр түрлі болуы мүмкін,бірақ мұның адам қабілетіне ой-өрісіне әсері жоқ.Бұған мына мысалдар дәлел болады.неандерталдықтар мен кроманьондықтардың ми көлемінің орташа мөлшері тең болатын. Бірақ неандерталдықтардың санасы кромоньдықтардан төмен болғанына ешкім күмәндана алмайды.Осы кездегі мәліметтер мидың көлеміне қарай адамның қабілетін ажыратуға болмайтындығын көрсетіп отыр. Мысалы Тургеневтің миының салмағы 2012 г, ал жер жүзіне аты әйгілі тағы бір жазушы-Анатол Франстың миының салмағы одан екі еседей жеңіл, бар болғаны 1017 грамм-ақ.

Бақылау сұрақтары :

1.Адамдардың пайда болған орталықтары жайлы жорамалдар?

2.Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.?

3.Әлеуметтік дарвинизмді сынау және нәсілшілдік?

Лекция № 28

Тақырыбы: Биосфера эволюциясы.

Жоспары:


1.Ноосфера

2.Қазақстандағы экологиялық апаттарға ұшыраған аймақтар, олардың себептері және биосфераның эволюциясына әсері


Лекция мәтіні :
1. 1926жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң парижде және кеиінрек Берлинде И.В.Вернадскийдің “ Биосфера ”деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», “Өмір аймағы ” атты очектері жарық көрді.

В.И Вернадскийдің “Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес ол нақты шектелген географиялық жер қабықшасы –биосфераға сәйкес келеді. Ол жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін географиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс” –деп жазады.Өзінің өмірін соңғы жылдарын В.И Вернадский биосфераны ұйымдастыру мен сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол” Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы ” еңбегін жазады. Бірақ ғалым аталған бұл кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965жылы жарық көрді.

“Ноосфера” терминін алғаш рет қолданғандар философтар, матиматиктер және антрополог Эдуард Леруа және палентолог Пьер Тейяр Шарден болды. Шарден өзінің 1916жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны “жаңа қабат”, «ойлайтын қабат» деп анықтайды.

Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан географиялық күшке» айналатынын биосфераның даму сатысы болып табылады. Адам санасымен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И Вернадский мынадай қортындылар жасайды.

1.Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын бисфераны өзгертетін күш болып табылады.
2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар
3.Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс стихиялы түрде табиғи процесс ретінде жүреді.
4.Тіршілік ортасы –биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геоологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторлары-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге –ноосфераға өтуі табиғи процесс
И.ВВернадскийдің “Ноосфера туралы туралы бірер сөз”.деген мақаласы 1944жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.
2. Қазіргі кезде көптеген елдерде ғана емес, Қазақстанда да экологиялық апаттар орын алып жатыр. Экологиялық апаттар биосфера эволюциясына өз әсерін тигізуде. Атап айтқанда, олар Қызылорда облысындағы сиам егіздерінің дүниеге келуі, Байқоңыр космодромының кері әсері нәтижесінде озон қабатының жұқарып тесілуі (соның салдарынан күн сәулесінің ультракүлгін сәулелерінің еркін түрде өтуі тіршілік процестерін баяулатып, соңында жойылуы), Шардара су қоймасының жанындағы тұрғылықты халық денсаулығының күрт төмендеуі (өкпе ауруларының көбеюі), Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануы салдарынан ондағы тірі организмдердің қырылуы және кейбір балық түрлерінің жойылуы, Арал теңізі суының тарылуы нәтижесінде тұздың жел арқылы топыраққа қонып, эрозияға ұшыратуды, сонымен қатар Семей ядролық полигонының әлі де кері әсерінің байқалуы т.б.

Бақылау сұрақтары :

1.Ноосфера?

2.Қазақстандағы экологиялық апаттар?

3. себептері және биосфераның эволюциясына әсері?

Лекция №29

Тақырыбы: Эволюция ілімінің проблемалары және перспективалары

Жоспары:


1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және биологияның басқа салаларының дамуына әсері

2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.

3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі
Лекция мәтіні :
1. Тірі табиғат эволюцияның ғылыми концепциясын 100 ж астам жыл бұрын ағылшын биологы Ч.Дарвин құрды . Бұл теория сол ғылымның атымен “Дарвинизм” деп аталды. Қазіргі уақытта Дарвинизм деген сөз “эволюциялық теория” немесе «эволюциялық ілім деген атауға ауыстырды.

Эволюциялық деген терминді латынша эволушн - “даму” 18 ғ ортасында биология саласына Швейцар биологы Шарль Боннэ енгізді.

Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбрональды даму мен ғана байланысты болды.

Эвлоюцияны материяның ерекше даму формасы деп қарастырды. Оның 3 қасиетін атауға болады.


1.Биологиялық эволюция қайта оралмайтын процесс.

2. Эволюция дегеніміз биологиялық пайдалы белгілерін өзгерту.

3. Эволюция ұрпақтар жалғасына негізделген басқаша айтқанда жаңа элементің бұрынғы организмге үлесімді енуі.

4.Даму процесі дегеніміз- бір жағдайдан екінші жағдайға өту тек кана жаңа қасиетіне ғана байланысты емес сонымен қатар ежелгі организмнің ерекшеліктерімен сақтаумен сипатталады.Организмнің және түрлердің Эволюциялық қайта құрулары оның орын басушылыққа басқаша айтамыз ата-тектен болашақ организм тұқым қуалауға негізделген.

Эволюцияның жеке дамудан онтогенез айырмашылығы ол алдын ала жоспарланып қоймаған бірақ сонымен қатар бұл прогрессті бағыттағы организмнің күрделену процесі.
2. Адам баласының мүддесі және оның практикалық іс-әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенің Дарвинизм курсы таныстырады. Дарвинизм жұмысынан бастап биологиядан ашылдған заңдар, тірі организмдермен тікелей байланысты шаруашгылық салаларындағы практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді.Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биолошгиялық структуралар мен ондағы болып жатқан процестерге инженерллер көңіл бөле бастады.Осыған байланысты ерекше–ғылым бионика шықты.Сөйтіп қазіргі биология техникада қолданыла бастады.Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.

Эволюциялық теория тірі материяның тарихи дамуы.

Эволюциялық теория басқа биология пәнінен тығыз байланыста бола отырып, өзінің проблемаларын да тұрады. Оның ең басты міндетті “Әртүрлі организмнің шығу тегінің себепкері мен оған әсер ететін жағдайларын табу”

Сондықтан “Эволюциялық ілім теориясын” Правдин бойынша “Органикалық әлемінің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым-дарвинизм деп аталады”.

Ал Веняев “:Тіршіліктің тегін, организмнің әлемінің дамуын зерттейтін немесе организмнің эволюциялық жолдарын басқаратын ғылым - эволюциялық ілім деп аталатын.

Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін Дарвинизм биологиялық әртүрлі салаларының және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материялдарын пайдаланады.Бұдан Дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдары мен өзара тығыз байланысты екенің көреміз. Эволюциялық теория өзіне қатысты пәндердің жаңа фактыларымен үнемі толықтырып отырылды. Сонымен бірге тірі табиғаттың даму жөнінде жалпы заңдылықтардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зертеу жұмысына тікелей көмектесіп отырады.Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа сортарын жасау жөніндегі адам бьаласының практикалық жұмыстарын тәжірбиелерін қорытып Дарвинизм, жануарлармен өсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауыл шаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарын сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жөнінеде бұрын белгісіз болып келген жолдары табуға мүмкіншілік береді.


3. Биологияның, сондай-ақ Дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі 20 ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда, тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ сонғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші ддәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптардың тұтастырып, өзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жарасымды пәндердің шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы- молекулалық билогияның құрылуына жағдай жасап генетика саласында үлкен табыстарға жеткізді. Генетиктермен экологтардың бірлесіп зерттеулерді Дарвинизмдегі өте күрделі проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселені жаңаша шешімділігіне мүмкіндік берді. Адам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән- космостық биология қалыптасты.

Бақылау сұрақтары :

1.Эволюция ілімі, оның адамның практикалық әрекетіндегі ролі және биологияның басқа салаларының дамуына әсері?

2.Эволюцияның бағыттылығы және шектелмегендігі.?

3.Микроэволюция проблемаларын талдау қажеттілігі?

Лекция №30

Тақырыбы: Эволюция ілімінің маңызы

Жоспары:


1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау.

2.Эволюция ілімі және медицина.

3.Эволюция теориясының методологиялық негізі

Лекция мәтіні :

1. Эволюциялық теория ілімі жалпы органикалық дүниенің даму заңдылықтарын зерттейді.

Органикаллық эволюция дегеніміз- тірі табиғаттың адаптивтік өзгергіштің таримхи процесі. Яғни қайта оралмайтын және жалпы прогрессивті бағытта өтетін процесс, макромолекуларлықтан жалпы биосфераға дейін жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы негізгі 3 кезеңнен тұрады.


1.Тіршіліктің дамуы.

2.Организмнің нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы.

3.Адамның ерекше биоэлеументтік жүйе реттінде пайда .
2. Жаңа биологияның жауапты міндетінің бірі-популяциялармен түрлердің эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып табылады.Түрлер мен популяциялардың эволюцияның табиғат заңдылығына байланысты ол жаннуарлар өсімдіктер микроорганизмдер мен вирустарда адам сана сезімімен басқарылып бағыттау тиіс. Эволюция мен селекция өте күрделі факторлардың жиынтығына негізделген олардың, ішіндегі ең бастылары, табиғи және қолдан сұрыптау ортаның әсерінен немесе адамның мақсатына сәйкес топтардың генетикалық жүйелілігі өзгереді.

Бүгінгі күнге дейін анықталып сурет телген жарты, миллионға жуық осы күнгі өмір сүретін өсімдіктер мен бір миллионға таяу жануарлар түрі бар ал әлі ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1-2 миллионан асады. Ғалымдардың есебі бойынша бір кезде жер бетінде өмір сүріп кеткен қазір жоқ, өсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден 5-9 есе көп. Түрлер эволюциялық жолмен табиғи сұрыптау арқылы саны 3 млрд жыл бойы пайда болды деген жүз жыл бұрын айтылған пікір биологияда ашылған елеулі жаңалықтар бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру одан алынған өнімді арттыру үшін тек жеке өкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның геноптипінің жүйесін білу керек. Тұқым қуу, өзгергіштік заңдылығын оларды туғызатын, анықтайтын факторлар білудің табиғи жағдайдағы жануарлардың өсіп өнуін, ондағы генетикалық процестерді зерттеудің эволюцияны толық біліп оны басқаруда маңызды өте зор.


3. Орта мектептерге биология пәнің мұғалімдерін дайындау саласында “Эволюциялық ілім” курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашанда материализм мен идеялизмнің шиелініскен күрес алаңы болған және болып келеді. “Эволюциялық ілім” курсынан осы күрестің тарихын оқу оқушылардың диалектикалық-материалистік дүнеи тану көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.

Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни көзқарастардың тұтқыныңда болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуірі деп атаған осы кезеңдері жаратылыс зертеушілердің ақыл-ойын өзінше бір дүниетану қөзқарасы шырмады. Олар жер және онда тіршілік ететін тірі табиғат құдайдың құдіреті мен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болады.

Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи көзқарастар, органикалық дүниенің дамуын матералистік ұғымға негіздеп түсіндіреттін биологияның әртүрлі салаларының өріс алу мен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде эволюциялық палентология эволюциялық эмбрология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея идиялистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің өкілдері Дарвинизмнің матералистік негіздерін күйретіп биологиялық ғылымын ескі, виталистік және метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанды.

Жалпы алғанда, Эволюциялық ілімнің осы қалыптасу дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра өте қажетті заңдылықтары ашылды.

Биологиялық көлемді зертеуле және түрлі мамандықтағы табиғат зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыс танудың философиялық негіздің диалектикалық матерализм болуына себепкер болды.Бұдан, орта және жоғары оқу орындарында биология пәндерінің үлкен тәрбиелік рөл атқаратының, онда эволюциялық ілім заңды көрнекті орын алатының көреміз.

“Эволюциялық ілім” курсы, ғылыми –атеистік тәрбиелік биологиялық негізі- органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашады.Бұл заңдар, өсімдіктердің, жануарлардың және адамды құдай жаратты, табиғат өзгермейді деген таураттағы барлық негізде діни жорамалдарды жоққа шығарады.

Бақылау сұрақтары :

1.Эволюция ілімі және қоршаған ортаны қорғау?

2.Эволюция ілімі және медицина?

3.Эволюция теориясының методологиялық негізі?



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.Ч. Дарвин. “ Происхождение видов ” Сбор. Соч М – Л . Изд. АН СССР, 1939 т 3
2.Ч. Дарвин. “ Изменение домашных животных и культурных растений ” Сбор. Соч. М-Л.1961
3.И. Шмальгаузен. “ Проблемы дарвинизма ”. Л. наука –1969
4.А.С Северцов. “ Введение в теорию эволюции ”. М. Изд. МГУ. 1981
5.Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –1959
6.Э. Майр и др.” Эволюция”. Изд. Мир. Мир. Москва- 1981
7.В. Грант. “ Эволюция организмов “. Изд. Мир. -1980
Қосымша:
8.М.М Беляев. “Окраска животных и естественных отбор ”. М. –1974
9..К.М Зовадский “ Вид и видообразование ”. Л- 1969
10М.М Камишлов “ Эволюция биосферы ”. М.-1976
11.Я.Я. Рогинский “ Проблемы антропогенеза ”. М-1977
12.Ф.Н.Правдин „Дарвинизм” Алматы „Мектеп” 1973.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет