Грек классикасы мәдениеті. Грек парсы соғыстары (500-449) ежелгі Грекияның тарихында бетбұрыс болды. Парсылардың талқандалуы Грекия мемлекетінің азаматтық санасының артуынан, классикалық құлдық қоғамының орнап, экономика мен саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты.
Грек театры - комедия, трагедиялық шығармалар. Трагедия жанрында: Эсхил, Еврипид, Софокл шығармалары.
Театр тек ойын-сауық емес - тәрбиелік мәнісі өте зор болды. Мысалы 17 мың адам сияқты атақты Дионис театры Афина тұрғындарына үлкен өнер орталығы болды. Бүгінгі күні 62 трагедия, 82 комедия және актерлердің аты-жөні толығымен сақталғанын көреміз. Трагедия негізін салушы - Эсхил болды. Шығармаларында: шындық әділеттілік діни этикалық адамгершілік ұлтын сүю.
Мысалы « Құрсаулы Прометейде »- (трагедия ) басты тақырыбы – патриотизм- рахымшылдық.
2. Софокл - осы идеяны жалғастырушы еді. Мыс: «Эдип патша»- деген трагедия.
3. Эврипид - «Медея» және «Федра» трагедиялары адам өмірінің өлімге дейінгі шым-шытырық қағидаларға толы болуын көрсетуі.
4. Комедия саласын - Аристофан еңбектерінен көреміз. « Пантомима» жанры туындады.
5. Тарихи еңбектер жазған тарихтың аталы аталған Геродот болды(484-430).
6. Фукидит (460-400) «Пелопоннес соғысы» еңбегі.
Мүсіншілер, суретшілер -міне осылардың бәрі классикалық дәуірдің басты жеңісі еді. Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қақтығыстар , философиялык мектептер мәдениеттің, табиғат аясына кетуін уағыздады, екіншілері адамдарды алаңсыздыққа шақырды, енді тарихи жағдайда - тоқырау кезеңі басталды.
Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті. Тоқырау немесе құлдырау кезеңінде философиялық емес, християндық идеологияның дамып өркендеуіне елеулі үлес қосқан көне заманның әйгілі екі ұлы философы Платон мен Аристотель өмір сүрді. Платон (429-348) Сократтың шәкірті болды. Негізгі идеясы: қоғам мен адамның қарым - қатынасы туралы теориялары ерекше орын алды, яғни әдiлетті қоғамның құрылуын талап етуі. Платонның шәкірті Аристотель (384-320) - энциклопедист – жаңа жүйелерді өмірге әкелген, яғни адамның іс-әрекетінің түкпілікті мақсаты – бақыт екендігін уағыздаған.
2. Бұл дәуірде (IV ғ) сәулет өнері дамыды. Әлемнің 7 кереметі Артемида храмы қайта салынды.
3. Театр өте жоғары сатыда дамыды.