Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Г.  Алмонд  саяси  жүйенi  зерттей  отырып,  оны  талдауды  екi  деңгейге  бөлдi:  1)  институционалдық



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Саясаттану лекция


Г.  Алмонд  саяси  жүйенi  зерттей  отырып,  оны  талдауды  екi  деңгейге  бөлдi:  1) 

институционалдық,  институттарды,  олардың  қызметтерiн,  мемлекеттiк  саясат 

қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2)  бағдарлық, тұрғындардың 

саяси  обьектiге  бағдарының  ерекше  формаларын  бейнелеушi.  Бұл  бағдарлар  өзiне 

танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын 

Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы  сипаттайды.  

Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң  даму  қарқынымен тiкелей 

байланысты.  Қазiргi  саяси  ғылымдар  саласында    саяси    мәдениеттiң    қырықтан    астам  

анықтамасы  бар. 

Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi 

де  бар.  Олардың  бiрiне  анықтамаға  тән  емес  мәселелер  қосылған,  мысалы,  еңбектегi 

белсендiлiк. Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан 

бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды. 

Осы  кемшiлiктердi  ескере  отырып,  саяси  мәдениетке  берiлген  анықтамалардың 

бiрнешеуiн талдап көрейiк. Поляк  саясаттанушысы Ежи  Йозеф Вятрдың айтуы бойынша  

саяси    мәдениет  −  ол  үкiмет  пен  азаматтар  арасына  қатынасы  бар  нұсқаулардың, 

бағалаулардың,  мiнез-құлықтардың  жиынтығы.  Сондықтан  саяси  мәдениетке    мыналар  

жатқызылады 

а)  саясат  туралы  түсiнiк,  оған  құштарлығы 

б)  саяси  оқиғаларды  бағалай  бiлу 

в)  саяси  мақсаттың  сезiмдiк  жағы,  мысалы,  отанды  сүю,    оның    жауларына  

өшпендiлiк 

г)  бұл  қоғамды  мойындайтын  саяси  бағыттардың  үлгiлерi. 

Ал, ғалым  Е.С. Шестопал саяси мәдениетке  анықтама  бере  отырып, оны  төрт  топқа  

бөледi: 

«Психологиялық»,  саяси мәдениет −  саясат  объектiсiне  бағыт берушi  жүйе; 

2  «Жалпыкөлемдiк»  бойынша  саяси  мәдениет  −  жеке    адамның    саяси    мiнез-

құлқының  құрылымы; 

«Объективтiк» анықтама бойынша саяси мәдениет − жеке  адамның  тежеуiшi;   

«Эвристикалық» бағыт  саяси  мәдениет  сараптау  мақсатында  қолданылады деп 

санады.  

С.А.  Оболенский  пікірі  бойынша  саяси  мәдениет  түсiнiгiне  үш  негiзде  анықтама 

берiлген. Оның ойынша 1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А. Галкин, С.К. 

Рябов  бұл  саяси  категорияны  саяси  қызмет,  құндылық,  принцип  және  тарихи  тәжiрибе 

ретiнде сараптаған. 2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы 

мен  белсендiлiгi  және  саяси  тәжiрибесiн  қолдана  бiлу  деңгейi    деп  есептеген.  3)  Мына 

ғалымдар  Е.М.  Бабасов,  Г.О.  Белов,  М.Т.  Иовчук,  Н.М.  Кейзеров,  Я.Н.  Коган  саяси 

мәдениет − адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде түсiндiргiсi келген. 

Ағылшын  саясаттанушылары  Р. Карр мен М. Бернштейн  саяси мәдениетке саяси  

идеялар    мен    әлеуметтiк    тәжiрибе,  адамдардың  саяси  өзiн-өзi  ұстауы  да  кiредi  дейдi. 

Олардың  ойынша,  саяси  мәдениетке  әлеуметтiк  топтардың  саяси  iс-әрекеттерiндегi 

тәсiлдердi, саяси  нанымның  табиғаты  және  оның  мүшелерiнiң  қазыналары  жатады. 

Кеңес өкiметi кезiнде бұл  пiкiрге  Ф. Бурлацкий мен А. Галкин  қарсы шықты. Олар 

адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек 

деп есептедi.  Бiрақ, бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси  мәдениеттен  

саяси  iс-әрекет  пайда  болады.  Екiншiден, егер  адамдардың  саяси  өзiн-өзi  ұстауын  саяси  

мәдениеттен    бөлiп    алсақ,  оның    iс-әрекеттiк    жағы    ескерiлмей    қалады.    Ал,    қандай  

мәдениет  болмасын  ол  сананың  элементтерiмен  бiрге  нақтылы  iс-әрекеттiң  бiрлiгiн  

бiлдiредi.  Сондықтан  бiз  саяси  мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп  

есептеймiз. 


Сонымен,  саяси  мәдениет  деп  белгiлi  бiр  қоғамда  немесе  әлеуметтiк 

қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады

Саяси мәдениеттi әртүрлi бағыттарда қарастырылған:  



Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов – саяси құндылықтық бағдар негiзiнде 

қарастыра отырып, оны рухани құбылыстар  жиынтығы дейдi

С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси  мәдениет  деп  түсiндiредi; 

Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi; 

4  Дж.  Плейно  саяси  мәдениеттi    iс-әрекет,    мiнез-құлық    үлгiлерiнiң  жиынтығы 

ретiнде қарастырады; 

5 У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет  тәсiлi  дейдi

6  Барлығынан  гөрi  саяси  мәдениетке  дәлме-дәл    анықтама    берген  Роберт  Такер 

«саяси  мәдениет − қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және 

iс-әрекет  үлгiлерiн  қамтушы».  Мұнда  индивид  санасы  мен  iс-әрекетi    және  әртүрлi 

қауымдастық топтар мен ұлттар да  қамтылады. 

Қоғамдағы  саяси   мәдениет   адамдар   санасы    мен   iс-әрекетiн  ғана  емес,   саяси  

институттар  әрекетiнiң  мазмұнына  да  тiкелей  ықпал  етедi. Қоғамда  саяси  жүйенің бір 

элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын; тұрғындардың 

әртүрлі  қабаттарының  бірлігін;  билеуші  элитаның  әлеуметтік  базасының  беріктігін; 

қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тұрғындар реакциясын байқау мүмкіндігін; 

сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін өндіруді қамтамасыз етеді  (14-кесте).  

Жалпы мәдениет құрамдас бөлiгi бола отырып, саяси мәдениет өзiне әлеуметтiк-саяси 

институттарда  бекiтiлген  обьективтi  элементтердi,  саяси  сана  элементтерiн  −  бағдар, 

құндылық,  нұсқауларды  қамтиды.  Халықтың  тарихи  санасы  ұлттық  саяси  өмiрде 

сабақтастықты  сақтаушы  мемлекеттiк  және  саяси  проблемаларды  шешу  тәсiлдерi  мен 

дәстүрлерiн  нақты  кезеңдерде  жарыққа  шығарып  отырады.  Саясаттанушылар  қоғамның 



саяси  мәдениетiн  үш  негiзгi  бөлiкке  бөледi.  Бұл  бөлiктер  адамдардың  үш  түрлi  саяси 

бағдарларымен  байланысты:  1)  билiк  құрылымына  байланысты;  2)  қоғамның  басқа 

мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлi-гiне қатынасына қарай. 

1 Билiк құрылымына қатынас өзiне екi түрдi: саяси тәртiпке қатынасты және билiктiк 

шығыс пен кiрiске қатынасты  қамтиды. Тәртiптiк бағдар индивидтiң билiк құрылымының 

қызметiн бағалауын, қабылдаған шешiмдерге /шығысқа/ олардың қатынасын бiлдiредi. 

2  Индивидтiң  басқаларға  қатынасын  жағынан  саяси  жүйеге  бағдары  үш  түрдi 

қамтиды:  саяси  етенелесу,  саяси  сенiм,  «ойын  ережесi».  Саяси  етенелесу    индивидтiң 

саяси  жүйенi  мойындауы,  оған  деген  жауапкершiлiгi  мен  мiндеткерлiгi.  Саяси  сенiм  − 

индивидтiң басқалармен азаматтық өмiрде ашық, бiрге, төзiмдi өзара қатынасын бiлдiредi.  



«Ойын ережесі» − индивидтiң түсiнiп  азаматтық өмiрде бағынуы тиiс ережелерiн қамтиды. 

3  Саяси  белсендiлiк  өзiне  екi  түрдi  қамтиды:  саяси  кәсiбилiк  және  саяси  мәндiлiк. 

Саяси  кәсiбилiк  индивидтiң  қоғамның  саяси  өмiрiне  жиi  араласуын,  саяси  ресурстарды 

пайдалану  мүмкiндiгiн  бiлдiредi.  Ал,  саяси  мәндiлiк  –  индивидтiң  өзiнiң  саяси  процеске 

ықпал ету мүмкiндiгiн сезiну. 

Әр  елдегi  саяси  мәдениет  туралы  бiлу  үшiн  мiндеттi  түрде  оның  құрылымын 

ажыратып алуымыз керек.  

а) Саяси  сана  саласында  саяси  мәдениет  мыналарды  қамтиды: 

•  субъектiнiң  саяси  өмiрге  қызығушылық  денгейi  (қызығушылық    жоғары,    орта,  

төмен  болуы) 

• субъектiнiң  саяси  санасының  даму  денгейi 

•  жалпы  саяси  жүйеге,  оның  жекелеген  институттарына,  олардың  рәмiздерiне  

қатынас; 

• саяси процестiң басқа қатысушыларына  қатынас (қолдау немесе  қарсылық) 

•  саяси  акцияларға  қатысуға  даяр  болу  денгейi 

• «саяси ойын ережесiн» бiлу  денгейi  (мүмкiн  және  мүмкiн  емес  жағдайлар) 

•  саяси және саяси-идеологиялық өзiн-өзi етенелестiру сипаты 



•  саяси  тiлі; 

б)  lс-әрекет  саласында  саяси  мәдениеттi  мыналар  қамтиды: 

•  қоғамның  саяси  өмiрiне  қатысу  формасы  мен  денгейi   (митинг,  шеру,  саяси  

көтерiлiс,  партиялық  қызмет) 

• мемлекеттiк институттармен өзара  әрекет  формалары мен денгейi (конфронтация, 

әрiптестiк,  әрiптестiк  емес) 

• азаматтық  қоғам  институттарымен  өзара  әрекет  формалары  мен  денгейi (саяси  

партия,  қозғалыстар) 

• саяси процесс субъектiлерiмен  өзара  әрекет  формалары  мен  денгейi 

•  электоралды  мiнез-құлық  түрлерi 

в) институттық  денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды  қамтиды: 

• саяси жүйенi басқару әдiстерi (демократиялық, авторитарлық,  тоталитарлық) 

• саяси  шешiмдi  қабылдау  және  жүзеге  асыру  әдiстерi 

•  әлеуметтiк-саяси  жанжалдарды  реттеу  әдiстерi 

• электоралдық процестер түрлерi (сайлау ұйымдастыру формалары  мен  әдiстерi)      

•   ұлттық мүдделердi  қорғау  тәсiлдерi (күштеу және  мәжбүр  ету,  мәмiлеге  келу). 

Саяси сананың iшiнде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмiрiнiң әртүрлi 

жақтарын бейнелейтiн әдеттегi қалыптасқан түсiнiктерi жатады. Ол саяси жүйе мен оның 

институттары,  саяси  тәртiп,  билiк  тетiктерi  мен  басқару,  шешiмдердi  қабылдау  мен  iске 

асыру,  билiк  өкiлеттiгiнiң  иелерi,  саяси  өмiрдегi  өз  орны,  саяси  қызметке  қатысудың 

қүдiреттiлiгi мен тиiмдiлiгi жөнiндегi және тағы сол сияқты түсiнiктердi қамтиды. 

Саяси  мәдениеттiң  келесi  құрамдас  бөлiгiне  саяси  қазыналар  мен  құндылықтар 

жатады. Ол еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және 

т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.  

Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi − адамдардың мемлекетке, саяси партиялар 

мен  ұйымдарға  қатынасы.  Мысалы,  американдықтар  мемлекетке  сыншыл,  кейде  жат 

көзбен  қарайды,  ал  немiстер  болса,  мемлекетке  әрқашан  түзу  ниет  бiлдiредi.  Немесе 

партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк 

деп санайды. Сондықтан онда бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде 

оған үйренiп кеткен, оның ешқандай сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз 

көзқарасы, қатынасы қалыптасқан. 

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кiредi. Ол субъектiнiң саяси құбылыстарға 

қатынасын  бiлдiредi.  Ол  саяси  бiлiмiн  көтеру  немесе  оған  мән  бермеу,  саяси  жұмысқа 

белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрiнiс табуы мүмкiн.  

Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екi жапондық 

кездессе  бiр-бiрiне  иiлiп  сәлем  бередi.  Сонда  ол  елдiң  ғұрпын  бiлетiн  адам  қайсысының 

қызмет бабында төмен тұрғанын бiрден байқайды. Себебi ол төменiрек иiледi.  

Саяси  мәдениеттiң  ерекше  белгiсiне  саяси  рәмiздер  жатады.  Әр  халық  өздерiнiң 

ғасырлар  бойғы  дәстүрлерiне  сай  ұлттық-мемлекеттiк  рәмiздерiн  жасайды.  Оған  ең 

алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгiлерi және т.б. енедi.  

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi 

кiредi. Ол мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi 

денгейде  қабылданған  саяси  шешiмдердiң,  саяси-әлеуметтiк  шиеленiстердi  ұғыну  және 

зерттеудiң мәдениеттiлiгiн қамтиды.  

Жалпы  саяси  мәдениет  саяси процестер мен институттарға  үш    жақты ықпал 

етуi мүмкiн 

1 Саяси мәдениет ықпалымен  саяси  өмiрдiң  дәстүрлi  формалары өндiрiлуi мүмкiн; 

2  Саяси  мәдениет  әлеуметтiк  және  саяси    өмiрдiң  қоғам  үшiн    жаңа,  дәстүрлi  емес 

формаларын өндiруi мүмкiн; 

3 Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн. 

Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады: 


 1 Танымдық қызметi −  қоғам  мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар 

мен  принциптердi  танып  бiлуге  үйретеді  және  субъектiнi  саяси  салада    табысты  жұмыс 

iстеуіне керектi бiлiммен, қоғамды басқару  әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады; 

2 Етенелесу қызметi − адамдардың белгiлi бiр әлеуметтiк  қауымдастыққа жатуын, 

әрi  сол  топпен  өзiнiң  мүдделерiн  жақындастыруын,  сол  топпен  саяси  өмiрге  белсендi 

араласуын түсіндіреді; 

3 Әлеуметтендiру қызметi − адамның қандай да бiр саяси  билiк  жүйесiнде өзiндiк 

саяси  құқығы    мен    саяси  қызметiн,  мүдделерiн  iске  асыруға  қажеттi  дағдылар  мен 

қасиеттердi  игеруiн  қамтамасыз  ету

4 Реттеушiлiк қызметi −  бұл саяси мәдениеттiң адам мiнез-құлқына әсерi, олардың 

iшкi және халықаралық өмiрдiң саяси оқиғаларын  қабылдауы, бұрынғы және қазiргi  саяси 

жүйенi,  саяси  қайраткерлердi,  басқару  аппаратының  жауапты  қызметкерлерiн    бағамдау,  

әлеуметтiк-таптық,  ұлттық  қатынастарды  реттеу;                                                                        



5 Тәрбиелiк қызметi −  бұл  саяси бiлiмдердi игеру  жеке адамның  интеллектуалды 

дамуына,  дүниетанымының  кеңеюiне,  мүдделердi  қорғауға,  қоғамдық-саяси  әрекетке, 

қимылға  белгiлi    тұлғаның  қалыптасуына  жәрдемдесу,  ол  өзiнiң  көрiнiсiн  әлеуметтiк  

белсендiлiктен  табады; 



6  Интегративтiк  (бiрiктiрушiлiк)  қызметi  −    саяси  мәдениет  өмiр  сүрiп  отырған 

саяси жүйенiң тiрегi қызметiн атқарады. Саяси мәдениет қоғамның көпшiлiгiнiң өмiр сүрiп 

отырған  саяси  жүйенi    қолдауын  қамтамасыз  ету    арқылы  оларды  бiрiктiру    мақсатында  

қызмет  етедi; 



7 Коммуникативтiк (қарым-қатынас) қызметi −  өмiрде  үстемдiк алған  саяси  сана  

мен  мiнез-құлықты  жаңа  ұрпаққа  жеткізу және беру



8  Қорғау  қызметi  −  қоғамның  қарыштап  алға  дамуына  сәйкес    келетiн  саяси 

құндылықтарды, қазыналарды сақтау. 



2 Саяси мәдениеттiң жiктелуi. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси 

үлгiлер мен ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi өзгешеленедi, ерекшеленедi. 

Ал, оларды анықтау үшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жүргiзу 

керек,  содан  соң  ғана  салыстырмалы-саяси  талдау  арқылы  ерекшелiктерiн  сипаттауға 

болады.  

Соңғы  кезеңдерде  саяси  мәдениеттi  дамыған,  не  дамымаған  ел  деп  екiге  бөлу 

арқылы олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бұл 

жiктеудiң  өлшемi  көбiнесе  мемлекеттiң  жалпы  даму  деңгейiмен  байланыстырылады. 

Мәселен,  АҚШ,  Германия,  Франция,  Англия  дамыған  саяси  мәдениеттерге  ие  десе, 

көптеген елдердi оған жатқызбайды.  



Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар: тоталитарлы, авторитарлы 

және  либералды-демократиялық.  Тоталитарлы  қоғамның  кезiнде  мемлекеттiк  билiк 

барынша  тұтастанып,  қоғам  мүшелерi  қатаң  бақылауға  алынады.  Фашистiк  және 

коммунистiк  типтегi  тоталитарлы  қоғамдар  көсем  (лидер)  басқаратын  саяси  билiктi 

әмбебаптандырады.  Тоталитарлық  үрдiстер  экономикалық  қатынастардағы  шаруашылық 

субъектiлер  «этатизациялануын»  сипаттайды.  Бұл  жердегi  негiзгi  аргумент-тиiмдiлiктi 

арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi. 

Авторитарлық (өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи «ататегi» – автократия 

мен  тираниядан  сапалы  түрде  айырмашылықтарға  ие  болған.  Өйткенi  ежелгi  заманда 

билiктi аздаған адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық 

көпшiлiктiң  атынан  топ  күйiнде  билiктi  жүргiзедi.  Сөйтiп,  деспоттық  принциптерiне 

сүйенген  қоғам  бiрте-бiрте  ендi  халықты  алдап-сұлдап  (манипуляция)  билiк  жүргiзуге 

ауысқан. Жаңарудың ең оңай түрi «халық мүддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-әрекеттер 

жасау  екенiн  авторитарлы  типiндегi  мемлекеттердiң  басқару  органдары  жақсы  түсiнiп 

алған.  Бұл  әлеуметтiк-саяси  өзгерiстердiң  түптамыры  XX  ғасырдағы  әлеуметтiк 

революция-лармен астасып жатады. 


Либералды-демократиялық  модельдегi  саяси  мәдениет  пiкiрлер  алуан  түрлiлiгiн 

жоққа шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ 

ойды  iздейдi.  Бұл  саяси  шешiмдегi  сыңаржақтылықтан  қорғайды.  Бiрақ,  бұл  да 

идеологияның бiрi болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық 

мәселелердi  шешуге  болады  деген  желеумен  тарихи  қалыптасқан  дәстүрлi 

құндылықтардың  құнарлы  жақтары  да  ұмытылып  кететiн    кездерi  де  болады.  Өйткенi,   

бұндай  саяси  мәдениет  әлемдiк  кеңiстiктегi  саяси  тәжiрибенiң  кейбiр  үрдiстi  тұстарын 

механикалық түрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық және дiлдiк  

ерекшелiктердi ескермеуi де мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн жағдай. 

Саяси  мәдениеттi  кейбiр  зерттеушiлер  басқа  түрде  жiктеп,  олармен  құндылықтық  

бағдарлардың байланысын анықтап жүр. Мәселен, Габриэль Алмонд пен Сидней  Верба  

өздерiнiң  «Азаматтық  мәдениет»  (1963ж.)  деген  еңбектерiнде  саяси  мәдениеттiң 

типологиясын  жасай  отырып,  оларды  қоғамдағы  негiзгi  саяси  құндылықтармен  тығыз 

байланыста  болатынын  көрсетедi.  Бұл  зерттеушiлер  АҚШ,  Англия,  Германия,  Мексика 

және Италия елдерiнде кең тараған саяси құндылықтарға компаративистiк талдау арқылы 

саяси мәдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип 

қоғам  мүшелерiнiң  саяси  өмiрге  қызығушылық  танытпайтындығымен  ерекшеленедi. 

Әсiресе,  осындай  жағдай  Африканың  тайпалық  қауымдастықтарында,  кейбiр  елдердегi 

автономиялық  елдi  мекендерде  жиi  кездеседi.  Олар  негiзiнен  өздерiнiң  iшкi  тайпалық 

дiндерiнiң қалыптарымен, әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң 

мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға 

алмайды. 

Екiншi  типтi  мақұлдаушылар  деп  атайды.  Бұл  саяси  мәдениеттiң  құрылымына 

мемлекеттегi  заңды  мақұлдаушы,  оған  толық  бағынушы  азаматтардың  iс-қимылын 

жатқызамыз.  Олар  қоғамның  саяси  өмiрiне  аздап  қатысады  (сайлауға  барады,  ақпарат 

құралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан 

айтылған нұсқауларды орындауды  ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей 

араласуын  қаламайды.  Бұл  авторитарлы  қоғамда  кеңiнен  тараған  саяси  мәдениеттiң 

формасы. 

Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендi түрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар 

саяси  процестегi  барлық  өзгерiстерге  қатысып  отырады.  Қоғамның  әрбiр  саяси  қадамын 

қадағалап, ондағы саяси оқиғалар  жайлы  өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Әрине, бұл үш типтi де 

бiр  қоғамнан  кездестiруге  болады  және  олар  бiр-бiрiн  толықтырып,  бiр  қоғамның  тұтас 

саяси мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi 

типке жататындардың саны көбейе түседi. 

Қазақстандық  саяси  мәдениеттiң  ерекшелiктерi.  Егемендiк  алған  сәтте 

Қазақстанның  дамуына  барлық  қажеттi  алғышарт  бар  сияқты  көрiндi.    Атап  айтқанда, 

негiзiнен шикiзаттық сипатта болса да республиканың жеткiлiктi дамыған индустриялдық 

базасы бар едi.  Екiншiден, Қазақстан халқының жоғарғы бiлiм денгейi, тiптi дамыған Батыс 

елдерiнен  олқы  түспейтiн.    Демек,  сол  уақытта  Қазақстанның  экономикалық  және  саяси 

жүйесiн  реформалаудың  халықтық  азаматтық  белсендiлiгiнiң  көтерiлуiне  ықпал  ететiнi 

жөнiнде ешбiр күмән болған жоқ.  Нәтижесiнде саяси мәдениеттiң демократиялық үлгiсiнiң 

қалыптасуынан үмiттенуге болатын едi. 

Алайда,  ақиқатында,  Қазақстанның  саяси  мәдениетi  басқа  бағытта  дамыды, 

республиканың саяси мәдениетi ендi тоталитарлық үлгiге жатпайды.  Қазiр Қазақстанда да, 

бұрынғы кеңес республикаларының қай-қайсысында да коммунистiк режим тұсындағымен 

салыстырғанда  мақұлдаушылық  саяси  мәдениеттi  ұстанушылардың  мүлдем  аз  екендiгiн 

кесiп айтуға болады.  Алайда кеңестiк кезеңнен кейiнгi Қазақстанның саяси мәдениетiнде 

мақұлдаушылар үлесiнiң азаюы, олардағы белсендiлер санының күрт өсуiне әкелген жоқ. lс 

жүзiнде патриархалдардың үлесi айтарлықтай ұлғайды.  

Өтпелi кезең басталғаннан берi (тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәттен басталады) бiздiң 

мемлекетiмiз  нарықты  қатынастар  мен  қоғамды  демократияландыру  жолына  түскен 


болатын. Бұл дегенiңiз саяси мәдениеттiң демократиялық типiн таңдап алу деген сөз. Оған 

бiршама негiздер болатын: халықтың сауаттылығының жоғарылығы, көптеген қалалардың 

индустриялануы,  кен  байлығының  молдығы,  халықтар  достығы  дәстүрi,  көп 

мемлекеттермен  қарым-қатынас    жасауға  ашықтық  және  т.б.  Бiрақ  шын  мәнiнде,    саяси  

мәдениеттiң дамуы Қазақстан үшiн (барлық ТМД-i елдерiндегiдей) күрделi құрылымға ие 

болды. Кеңестiк режимде мақұлдаушылар құрамында жүрген азаматтардың бiр бөлiгi  ғана  

жаңа  демократиялық  құндылықтарды  жақтаушы  белсендiлердiң  қатарына    көштi  де, 

халықтың  бiршама  бөлiгi  патриархалды  типтегi  саяси  мәдениеттi  қолданушыларға 

айналды. Бұл  жағдай кездейсоқ қалыптасқан жоқ болатын. Өйткенi, социалистiк дамудың 

принциптерi  этникалық-мәдени  дамудың  маңыздылығы  бар  құндылықтарына  терең  мән 

бермей келген болатын. Мiне, сол жүзеге аспаған мүмкiндiктер мен мүдделер өз уақыты 

келгенде әлеуметтiк кеңiстiкке босап шығып отыр. Ендi тек сол қайшылықтардың тиiмдi 

шешiмiн  тауып  қана  алға  жылжудың  ретi  келедi.  Сырт  қарағанда  артқа  кету  болып 

көрiнгенмен бұл процестердiң де заңды негiздерi бар.  

Саяси  мәдениеттiң  құрылымындағы  патриархалданудың  элементтерi  тек  қазiргi 

Қазақстанда  ғана  емес,  сонымен  қатар  Ресей  мемлекетiнде    және  көптеген  бұрынғы 

Кеңестiк республикаларда байқалады. Азаматтардың бұлай саяси құндылықтардан алыстай 

түсуi,  өздерiнiң  тұрмыстық  хал-жағдайларын  күйттеп  кетуi  саяси  жүйенiң  қарапайым 

халықтан оқшаулау тұруына да байланысты.  

Саясаттану  ғылымындағы  танымал  ғалымдардың  барлығы  дерлiк  шығыстық  және 

батыстық  мәдениетке  тән  өзiндiк  ерекшелiктер  болатындығын  мойындаған.  Мәселен, 

көпшiлiкке белгiлi қазақстандық ғалымдар Ж. Алтаев, Т. Ғабитов және А. Қасабеков өз 

еңбектерiнде  Шығыс  пен  Батыс  мәдениетiне  тән  сапалық  айырмашылықтарды  атап 

көрсетедi.  Бұл  талдауда  екi    бiр-бiрiнен  айырмашылығы  бар    дүниетанымдық  ұстаным 

(даралық пен көпшiлдiкке бағдарланған) салыстырылады. Қазiргi Қазақстан жерiнде екеуi 

тоғысқанға ұқсайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет