Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Шиеленісті шешудің жолдары мен әдістері. Қазiргi кезде шиеленiстi шешудiң екi



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Саясаттану лекция


 Шиеленісті шешудің жолдары мен әдістері. Қазiргi кезде шиеленiстi шешудiң екi 

жолы қалыптасқан: 

1 Шиеленiстi мәмiлеге келу арқылы бейбiт жолмен шешу. Мәмiле деп дау-жанжалға 

қатысушы жақтардың өзара кешiрiмдiлiк  бiлдiрiп, ымыраға келуiн айтады. Онда екi жақ 

бiр-бiрiн ұғынысып, өзара кешiрiмдiлiк жасап, ортақ келiсiмге келуге тырысады. 

2 Зорлық негiзiнде бiтiстiру, келiстiру. Мұндай жағдай бiр жақтың күшi айтарлықтай 

басым болғанда, екiншi жақ жеңiлгенде немесе оны толық жойып жiбергенде туады.   

Екi жақты татуластырудың кең тараған түрi – келiссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың 

пiкiрi,  дәлелдерi  белгiлi  болады,  күштiң  арақатынасы  айқындалады,  келiсiм  шарттары 

анықталынады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшiн оның мәнiн, ерекшелiктерiн, әлеуметтiк 

негiзiн және т.б. зерттеп бiлген жөн.  

Қоғамда саяси жанжалдар болуы көбiнесе оппозицияның бар-жоғына да байланысты. 

Бұрынғы  Кеңес  дәуiрiнде  көппартиялық  оппозиция  ерсi  сияқты  көрiнетiн.  Ал 

демократиялық елдерде олар қажеттi шарт. Олар болмаса билiк  ұйымдарына сенiмсiздiк 

туады,  олар  бюрократияланады.  Оппозицияда  әр  топтың  талап-тiлектерi,  көзқарастары 

ескерiледi.  Сондықтан  философ    Дж.  Милль  демократиядан  оппозицияны  алып  тастаса 

диктатура қалады деп тегiн айтпаған. 

Шиеленiс  болған  соң,  одан  қайткен  күнде  де  шығу  керек.  Ол  адамзаттық  келiсiм 

негiзiнде шешiлуi тиiс. Оның екi жолы бар: 

1 араздық, жаулық қаупiн бұзып, сенiм жағдайын туғызу; 

2  барлық  деңгейде  адамдардың  қарым-қатынасын  бiр  қалыпты  жағдайға  түсiру. 

Зорлықтан аулақ болу. 

 Шиеленiстi шешудiң әр түрлi әдiстерi қалыптасқан, мәселен

Бiрiншiден,  шиеленiстен  қашу  әдiсi.  Мысалы,  белгiлi  бiр  саяси  қайраткердiң  саяси 

аренадан өз еркiмен кетуi, елден эмиграция, «қарсыласымен» кездесуден қашу т.б. Бұл әдiс 

шиеленiстi толық шеше алмайды, оның негiзгi қарама-қайшылығын сақтап қалады. 

Екiншiден, бұл оны жоққа шығару немесе орнын ауыстыру әдiсi. Бұл тәсiл шиеленiстi 

бiр саладан екiншiсiне ауыстыруға мүмкiндiк бередi. 

Үшiншiден,  конфронтация  әдiсi.  Бұл  әдiс  шиеленiстi  саяси  тәртiбiмен  қосып 

жойылуына алып келедi  (1917 ж. революция мен 1991 ж. КССР-дегi қайта құрулар). 

Төртiншiден, шиеленiстi  тоқтата тұру әдiсi, шиеленiсушi жақтар назарын басқа жаққа 

ауыстыру, көбiнесе күш жинау үшiн, уақыт ұту үшiн қолданылады. 

Бесiншiден,  шиеленiстi  реттеу  әдiсi,  қақтығысушы  жақтардың  бағыттары  мен 

мүдделерiнiң  жақындастырылуы.  Бұл  татуластырушылық  шара  болып  табылады.  Мұнда 

шиеленiстi  шешуге  келiсiмдiк  комиссия,  шиеленiс  жөнiндегi  менеджерлер,  жеке  саяси 

қайраткерлер, мемлекеттер болуы керек. Бұл шиеленiстi шешу тәсiл Гаага конвенциясында 



(1907ж.) тiркелген.  

Алтыншы,  арбитраж  немесе  үшiншi  бiреудiң  қатысуымен  шиеленiстi  шешу  әдiсi. 

Шиеленiсушi екi жақтың өз тартыстарын шешудi үшiншi бiр жаққа беруi.  

 

 

ЛЕКЦИЯ-13. ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ҚАТЫНАС 

1.  Әлемдік  саясат  және  халықаралық  қатынастар  зерттеудің  нысаны  ретінде. 

Халыкаралык  катынастардың  негізгі  субьекгілері  мен  ұғымы.  Әлеуметтік-саяси  

ойлар    тарихындағы      халықаралык    қатынастар    мәселелері.  Халыкаралық 

қатынастардағы  құндылықтар мен нормалар,  қажеттіліктер мен  мүдделер. 

2.  Геосаясат ұғымы, халықаралык қатынастардағы геосаяси факторлар. 

3.  Қазіргі 

халықаралык  қатынастардың  негізгі  даму  тенденциялары. 

Жаһандану.  Сыртқы  саясат  -  халықаралык  катынастар  жүйелерінің      негізгі 

компененті.  

4.  Сыртқы      саясаттың      қызметі,     мақсаты,     міндеті      мен     мәні.     Сыртқы   

Саясаттың әдістері. Саясат пен дипломатия. 

5.  Халыкаралык  жүйе.  Әлемдік  саяси  процестегі  халықаралық  ұйымдар. 

Қазіргі әлемдік тәртіп. 

 

Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік 

саханадағы  іс-әрекетінің  жиынтығын  айтамыз.  Ол  әлемдік  қауымдастықтың  өміріне 

қатысты  шешімдерді  шығару,  қабылдау  және  оларды  жүзеге  асыруды,  мемлекеттердің 

түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.  

Халықаралық қатынастар тақырыбында жиі қолданылатын ұғымдар- сыртқы саясат, 

халықаралық  саясат,  халықаралық  қатынастар.  Сыртқы  саясатқа  жеке  мемлекеттердің 

дүниежүзілік  дәрежеде  жүргізген  іс-әрекеттері  жатады.  Халықаралық  саясатқа 

мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар 

және  т.б.  арасындағы  қоғамдық  қатынастар  кіреді.  Халықаралық  қатынастар  деп 

халықтар,  мемлекеттер,  мемлекеттік  жүйелер  арасындағы  дүниежүзілік  деңгейде 

жүргізілген саяси, экономикалық, саяси күштер  мен ұйымдардың өзара  қатынастарының 

жиынтығын айтады. 

Бұл 

ұғымдардың 



айырмашылықтары, 

біріншіден, 

халықаралық 

қатынас 

субъектілерінің саны көбеюімен байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер 

жүргізеді. Ал, халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен бірге саяси партиялар мен 

қозғалыстар,  әлеуметтік  топтар  мен  жеке  адамдар  және  т.б.  мемлекеттік  емес  ұйымдар 

қатысады. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың 

негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады.   

Мемлекеттің  халықаралық  қатынастардағы  жағдайы,  ондағы  орны  көптеген 

себептерге  байланысты.  Олардың  ішіндегі  ең  маңыздысы-  мемлекеттің  күшінің 

арақатынасы, арасалмағы. Көптеген жылдар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында 

деп  саналды.  Сонымен  бірге,  қазіргі  таңда  мемлекеттің  күші  көптеген  көрсеткіштермен 

бағаланады.  Оған  мемлекеттің  жер  көлемі,  адам  саны,  табиғи  байлығы,  өнеркәсіп    және 

ауыл  шаруашылық  өндірісінің  мөлшері  мен  сапасы,  мемлекет  құрылысының  сипаты, 

әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.б. кіреді.  

Халықаралық  саясатта  әр  түрлі  теориялар  мен  тұжырымдар  қалыптасқан.  Мәселен, 



идеализм, саяси реализм, модернизм, жаһандану, неомарксизм теориялары. 

Идеализмнің идеалық тамыры Э. Канттың философиясында, ол адамзат бейбіт өзара 

әрекеттесуге  жетеді  деп  санады.  Кант  адамның  моралдық  жетілуі  әлемдік 



қауымдастықтың  моралдық  саяси  тұтастығы  сезімін  тудырады  деп  санады.  Идеализм 

теориясының  жақтастары  мемлекеттер  арасындағы  әлемдік  соғыстар  мен  әскери 

қақтығыстарды 

құқықтық 

реттеу 

мен 

халықаралық 

қатынастарды 

демократияландыру,  адамгершілік  пен  әділеттілік  нормалар,  халықаралық  ұйымдардың 

рөлі мен халықаралық әріптестікті күшейту арқылы тоқтату қажет және мүмкін деп 

санады. Бұл мақсатқа  ерікті қарусыздану мен  соғыстан бастартуға негізделген ұжымдық 

қауіпсіздік  жүйесін  құру  арқылы  жетуге  болады  деп  санады.  Идеализм  бірінші 

дүниежүзілік соғыстан кейінгі  АҚШ президенті Вудро Вильсонның Ұлттар Лигасын құру 

бағдарламасында  бейнеленді.  Идеализм  идеясы  ұзақ  уақыт  бойы  үмітсіз  болды,  ақиқат 

өмірден алыста болды. Оның дәлелі ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Еуропадағы оқиғалар 

болды, фашизмнің саясаты, Ұлттар Лигасының құлауы мен ІІ д.ж.соғыс. 

Бұл  халықаралық  қатынастар  теориясында  жаңа  ағым  реализмнің  пайда  болуына 

алып келді. Бұл бағыт жақтастары «күш», «күштер теңдігі», «шиеленіс» деген ұғымдарды 

ендірді.  Реализмнің  идеалық  қайнар  көзі  ХVII  ғ.  ағылшын  философы  Т.Гоббстың 

саясаттың мәні жауласушы қоршаған ортада қауіпсіздік үшін күрес деген пікірі болды.  

    Реализм ІІ ші  д.ж.  соғыс  біткен соң АҚШ тың халықаралық саясатының жетекші 

теориясы  болды  және  европалық  кейбір  елдерге  де  тарады.  Бұл  теорияның  классиктері 

Г.Моргентау «Ұлттар арасындағы саяси қатынастар» (1948 ж.), Р.Арон «Бейбітшілік және 

соғыс»,  Дж.Херцтің  «Ядролық  ғасырдағы  халықаралық  қатынастар»  болды.  Реалистер 

халықаралық қатынастарды әскери күш арқылы өлшеуге көп назар аударды. «Суық соғыс» 

саясаты қалыптасты. ХХ ғ. 80-90-жылдары жаһандану жағдайында социализмнің құлауы 

халықаралық  қатынастарға  күшті  ықпал  етті.  Кейбір  реалистер  өздерінің  теориялары 

біржақты  болғандығын  түсінді.  1979  жылы  Кеннет  Уолтцтың    «Халықаралық  саясат 

теориясы»  кітабы  шықты,  онда  реализм  теориясына  кейбір  өзгерістер  енгізілді,  бұл 

«неореализм»    мектебінің  қалыптасуының  бастамасы  болды.  Неореалистер  жаңа 

халықаралық  қатынастар  жүйесі  көпжақты,  әскеримен    қатар  экономикалық,  саяси  және 

әлеуметтік те қажеттіліктер де бар деп санады.  

«Модернизм» теориясының өкілдері реализмді әлемдік саясатта әскери стратегиялық 

аспектіні  шешуші  деп  санағаны  үшін  сынға  алды.  Бұл  бағыт  компьютерлік  техника  мен 

мәліметтерді жинау мен математикалық талдауды қолдануға жол ашты.         

«Жаһандану»  парадигмасы  халықаралық  қатынастарды  талдауда  халықаралық 

акторлар  шеңберін  ауқымды  алды.  Реалистерді  халықаралық  қатынастарды  ұлттық 

мемлекеттер мен ұлттық қауіпсіздік арқылы қарастырады деп кінәлады. 

«Неомарксизм» жақтастары әлсіз дамыған  мемлекеттердің дамыған мемлекеттерге 

экономикалық  тәуелділігін,  олар  арзан  жұмыс  күші  мен  экономикалық  дағдарысқа 

ұшырамау үшін тауар өткізу көздері болып табылады деп санады. Бұл бағыт халықаралық 

қатынастарды  кедейлер  мен  байлардың  күресі  негізінде  талдады.    Олар  да  модернистер 

сияқты көпұлтты бизнес пен трансұлттық коалициялар мен элитарлық топтар туралы айтты. 

Соңғы  жылдары  мәдени-өркениеттер  қақтығысы  атты  теория  танымал,  авторы 



С.Хантингтон.  Ол  қазіргі  халықаралық  қатынастар  жүйесі  бірнеше  кезеңдерден: 

монархтар, ұлттық мемлекеттер, идеологияны алып жүрушілер арасындағы жанжалдардан 

өтті деп санады. Хантингтон «суық соғыс» аяқталған соң дін, философия, тарихи тәжірибе, 

тіл  мен  өмір  сүру  салтын  бейнелейтін  мәдени-өркениет  ерекшелігі  маңызды  болады  деп 

санады.  Ол  қазіргі  әлемдегі  негізгі  мәдени-өркениеттің  бірнеше  блоктарын:  батыстық, 

иудо-  христиандық,  конфуциандық,  исламдық,    индуистік,  православяндық, 

латынамерикалық, африкалық атап өтті. Ол өркениеттер қақтығысының бірнеше себептерін 

атады: 


1.  Әр  түрлі  өркениеттерде  адамдар  құдай  мен  адам,  жекелік  пен  қоғам,  құқық  пен 

міндет, бостандық пен билік, теңдік пен теңсіздік деген ұғымдарға түсініктері де әртүрлі. 

2.  Өркениеттік  блоктар  арасындағы  алшақтық  қысқаруда,  әлем 

біршама 


жақындасуда, сондықтан бұл айырмашылықтар бір бірімен қақтығысуда; 

3.  Жаһандық экономикалық  және техникалық модернизациялау процесі адамдарды 

ұлттан ажыратуда. Осыған жауап ретінде өркениеттік, көбіне діни сәйкестікті сақтау мен 

қалпына келтіруге деген талпыныс күшеюде.     

Халықаралық қатынаспен байланысты тағы бір ұғым «ұлттық мүдде». Ұлттық мүдде 


деп  өз  халқыңның,  мемлекеттің  мақсат  мүддесін  сезіп,  біліп  оны  іске  асыруға 

тырысушылықты айтады. Оған ұлты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы 

қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс халін өрлетіп дамыту, халықаралық майданда 

мемлекеттің  экономикалық  және  саяси  бағытын  қорғау,  әлемдік  саясатта  өз  ықпалын 

кеңейту жатады.  

Американ  ғалымы  Г.Моргентау  1969  жылы  «Америка  Құрама  Штаттары  үшін 



сыртқы  саясат»  деген  еңбегінде  АҚШ  сыртқы  саясатта  ең  алдымен  ұлттық  мүддесін 

бірінші кезекке қоюы керек деп есептейді. АҚШ-тың сыртқы саясатының екінші қатардағы 

мүддесі-  жер  шарының  қай  жерінде  болмасын  бейбітшілік  пен  қауіпсіздік,  басқарудың 

демократиялық тәсілдерін қорғау және бекіту.  

Бірақ оларды іске асыру төмендегідей екі шартқа байланысты. Олар: 

1. қатардағы үлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуі керек; 

2. қатардағы мүдделер ақылға сыйымды болуы керек. 

Сонымен  бірге,  Г.Моргентаудың  ойынша  «АҚШ  басқа  елдерге  еліктерліктей  үлгі 

болуы,  өз  ұлтын  одан  да  жоғары  дәрежеге  көтеріп,  экономикалық  жүйенің  өміршеңдігін 

қамтамасыз  етуі  тиіс.  Ол  үшін  қымбат  және  пайда  келтірмейтін  бөтен  бір  елдің  өміріне 

зорлықпен  қол  сұрудың  бағдарламасын  жобалағаннан  гөрі  өз  үйінде  тіртіп  орнатуға  бар 

күш-жігерін жұмсаған жөн» − дейді. 



Геосаясат.  Кез  келген  мемлекеттің  геосаяси  жағдайы  −    саяси  күштердің 

орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның 

саяси  өмірінің  кеңістікте  ұйымдастырылуының  өзара  байланысымен  белгіленеді. 

Геосаясаттан  дәстүрлі  түрде  географиялық  детерменизм  принципін  негізге  алып, 

мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың қүралын көреді. «География 

мемлекеттердің  сыртқы  саясатындағы  анағұрлым  іргелі  факторы,  өйткені  ол  мейлінше 

тұрақты,  өзгеріссіз  сипатымен  ерекшелінеді.  Министрлер  келеді  және  кетеді,  тіпті 

диктаторлар  да  қайтыс  болады,  ал  тау  тізбектері  өзгеріссіз  қалады»  −  деп  жазады 

американдық геосаясаткер Спайкмен. 

Осы  заманға  түсініктегі  геосаясат  –  негізінен  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға байланысты.   

Чжень Кунь Фу  геосаясат  туралы ойын былай білдіреді: «геосаяси тұрғыда ойлау − 

өркениеттің гүлденуімен бірге туындады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға 

бақылау жасау жолында ғаламдық жарыс тұрғысында дамып отырды». 

Геосаясаттын негізін салушының бірі − неміс ғалымы Фридрих Ратцель.  Ол өзінің 

«Саяси  география»  атты  еңбегінде,    мемлекет  −  бұл  топыраққа  тамырландырылған  тірі 

организм деп жазады. Мемлекет − бұл кеңістіктік құбылыс, сол кеңістікпен басқарылады 

және тіршілік етеді, оны сипаттайтын, салыстыратын, өлшейтін география деп жазады. Ол 

бірінші  болып  ірі  елдерде  географиялық  экспансия  тенденциясы  пайда  болатындығын 

айтты.  Нағыз  әлемдік  держава  оның  ойынша  теңізге  ие  елдер  −    Рим,  Испания,  Англия 

болады.  Мемлекеттің  кеңеюі  немесе  тарылуы  −  табиғи  процесс,өмірлік  циклмен 

байланысты.  Ф.  Ратцель  мемлекеттің  кеңістіктік  дамуының  мына  жеті  принципін  атап 

көрсетті: 

•  мемлекет кеңістігі оның мәдениеті дамуымен бірге өседі; 

•  мемлекет өсуі сауда мен қоғам өмірінің барлық саласы дамуын қажет етеді; 

•  мемлекет өсуі ұзақ мемлекеттерді қосып алу арқылы жүзеге асады; 

•  шекара  −  бұл  мемлекеттің  перифериялық  органы,  ол  оның  өсуінің,  күші  мен 

әлсіздігінің белгісі, ол оның организміне өзгеріс әкелу мүмкіндігі; 

•  мемлекет  өзіне  қоршаған  ортаның  ең  құнды  элементтерін  иеленуге  тырысады: 

жағалау аймағын, өзен аңғарын, ресурсқа бай ауданды; 

•  территориялық даму дамыған өркениеттен келеді; 

•  бірігу  тенденциясы  −  мемлекеттің  өзіндік  сипаты,  барлық  уақытта  өз  күшінде 

болады. 


Р. Челлен алғаш рет  «геосаясат» ұғымын енгізген швед ғалымы болып табылады. Ол 

«геосаясат»  ұғымы  бұл  мемлекет  кеңістікке  енгізілген    географиялық  организм  ретінде 

қарастыратын ғылым деп түсіндірді. Оның негізгі тезисі, мемлекет тірі организм, оны өзінің 

«Мемлекет өмір формасы ретінде» деген кітабында дамытты. Ф. Ратцель мемлкетті өзінің 

биологиялық жүйесінде организмнің төменгі типіне теңесі, ал Р. Челлен мемлекет тарихтан 

байқағанымыздай  адам  сияқты,  сезетін    және  ойлайтын  жәндік  деді.  Осында  ол  барлық 

организмнің  мәні      «өмір  сүру  үшін  күрес»,  сондықтан  да  мемлекет  те  «өмір  сүру  үшін 

күреседі» деп тұжырым жасайды. Оның «өмір сүру үшін күресі» кеңістік үшін күрес. Үлкен 

мемлекеттер  өз  кеңістігін  ұзату  негізінде  кеңейтіп  отырады  деп  санады.  Басқа  сөзбен 

айтқанда, мемлекет организмінің өсуі соғыс арқылы өтеді, бұл фактілер жанында адамдар 

әлсіз деп айтады.  

Челлен автаркия заңын енгізді. Мемлекеттің өмір сүруі үшін күш маңызды фактор, ол 

заңнан да күшті деп санады. Оның ойынша, заңның өзі күш арқылы сақталынады. Егер заң 

мемлекетке  адамгершілік-рационалды  элементтерді  енгізсе,  ал  күш  табиғи  органикалық 

импульстерді  береді  деп  санады.  Ол  жаһандану  геосаясатында  үш  негізгі  географиялық 

фактор шешуші рөл атқарады: олар кеңею, территориялық монолиттілік, еркін қозғалу.  

Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар 

береді,  сонымен  бірге  геоэкономикалық  көзқарасы  тұрғысынан  елеулі  қиындықтар 

туғызады.  Екі  ірі  державалар  арасында  ұлан-байтақ  аумақта  орналасқан  біздің  еліміз 

белсенді  саясат  жүргізудің  қосымша  мүмкіндігін  алады.  Мұндай  саясат  ұзақ  мерзімді 

мүдделерді  қамтамасыз  етудегі  табандылықпен  қатар  жоғары  деңгейдегі  ептілік  пен 

табандылықты талап етеді. Әлемдік теңіз  комуникацияларына тікелей жолдың жоқтығы, 

халықтың  шашырап  орналасуы,  аумақтың  көлемімен  салыстырғанда  қазақстандық 

экономиканың  ауқымының  аздаға  сияқты  әлсіз  тұстарымыз  баршылық.    Бір  жағынан 

географиялық  жағдайдың  өзгермейтіндігі  экономикалық  және  саяси  ахуалдың 

тұрақтылығын білдірмейді.  



 

ЛЕКЦИЯ-14. ХАЛЫҚАРАЛЫК   КАТЫНАС   ЖҮЙЕСІНДЕГІ   ЕГЕМЕНДІ   

ҚАЗАҚСТАН.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫН СЫРТКЫ САЯСАТТАҒЫ 

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ 

1.  Қазіргі  кезеңдегі егеменді  мемлекет ретінде  Қазақстан  Республикасының 

әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  даму  ерекшеліктері    және  оның  әлемдік 

қауымдастықка   интеграцияланудағы   әлеуетті    мүмкіндіктері.  

2.  Геосаясат  ерекшеліктері  және  тұрғындардың  этнодемографиялык  құрамы, 

сыртқы саясат курсын  жасауда  есепке  алу.   Қазақстан   Республикасының  әлемдік  

аренадағы ұлттық мемлекеттік мүдделері және сыртқы саясаттың басым міндеттері. 

Республиканың әскери доктринасы. Сырткы саясаттың бағыты Қазақстанның   коп   

жосарлы   серіктестігі,   ТМД   елдерімен   қатынастағы субъект ретінде.  

3.  АҚІІІ және еуропалык елдерімен қатынасының дамуы. 

4.  Қазақстан және Орталық және Таяу Шығыс.  

5.  Болашақтағы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттары. 

 

Халықаралык      катынас      жүйесіндегі      егеменді      Қазақстан.  Егеменді 



Қазақстанды  дүниежүзілік  қауымдастықтың  тануы.  1991  жылғы  16  желтоқсанда 

Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа 

енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас 

орнатты.  Тәуелсіз  Қазақстанды  әлем  мемлекеттерінің  арасында  бірінші  болып  бауырлас 



Түрік Республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер 

шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария 

т.б. 

1999  жылдың  басына  қарай  дүние  жүзінің  150  мемлекеті  танып,  106  мемлекетпен 



дипломатиялық қатынас орнатылды. 

Қазіргі  Қазақстан  шет  елдерде  30-дан  астам  дипломатиялық  және  консулдық 

өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, 

ұлтаралық  ұйымдардың  16  өкілдігі  жұмыс  істейді.  Республикамыздың  сыртқы  саясат 

ведомствосы  ұлттық  мүддемен  жалпы  адамзаттық  мүдделерді  үйлестіріп  жүргізетін 

дипломатиялық саясатқа кірісті. 

1992 жылы наурыздың 2-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының 

(БҰҰ)  мүшесі  болып  қабылданды.  Осы  жылы  өткен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-

сессиясының трибунасынан ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы 

Н.Ә.  Назарбаев  өз  ойын  айтқан  болатын.  Бірақ,  ол  кезде  оның  бұл  сөзіне  онша  сене 

қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім 

әрекеттестік  шаралар  туралы  саммиті  өтті.  Саммит  жұмысына  16  мемлекет  басшылары 

қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар - Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды. 

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының 

жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің 

территориясында 2,8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды. 

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы. 

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:  

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ,  Тынық  мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен 

халықаралық байланысты өркендету. 

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті 

елдердің қатарына қосылу. 

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және 

ірі  көрші  мемлекеттермен,  солтүстікте  –  Ресеймен,  шығыста  –  Қытай  Халық 

Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 



Қазақстан-Ресей байланыстары.  

Қазақстан  мен  Ресейдің  екі  онжылдықтағы  жемісті  қарым-қатынастары  үшін  берік 

негіз қаланды: 

Біріншіден,  өз  тарихында  алғаш  рет  Қазақстан  мен  Ресей  тек  өткен  тарихының 

ортақтығымен ғана емес,  сонымен бірге  бүкіл  еуразиялық өңір мен әлемнің қазіргі және 

болашақ  дамуын  бірдей  болжауымен  де  көршілес  тәуелсіз  мемлекеттер,  БҰҰ-ның 

толыққанды мүшелері ретінде өзара қарым-қатынастар қалыптастырды. 



Екіншіден, КСРО ыдырағаннан кейін мемлекетаралық бөлінудің іс жүзінде барлық 

мәселелері бір-бірінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, сындарлы негізде шешім тапты. 



Үшіншіден,  түрлі  салалардағы  480-нен  астам  келісім-шарттар  мен  келісімдерден 

тұратын екіжақты қарым-қатынастардың көлемді құқықтық базасы құрылды. 

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және 

өзара  көмек  туралы  шарт  жасалды.  1995  жылғы  20  қаңтарда  –  Қазақстан  мен  Ресей 

ынтымақтастығын  кеңейту  туралы  Декларация  жариялады,  ал  1996  жылғы  27  сәуірде 

Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:  

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу. 

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 

1998  жылғы  6  шілдеде  Мәскеуде  ХХІ  ғасырға  бағдарланған  «Мәңгі  достық  пен 

ынтымақтастық туралы»  Декларация жарияланды. Нәтижелері:  

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.  

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды. 

Қазақстан-Ресей  мемлекеттік  шекарасы  туралы  келісім-шарт  бекітіліп,  оны 

демаркациялау жөніндегі жұмыстар оң сипатта жүргізілді. 

Төртіншіден,  Қазақстан  мен  Ресейдің  екіжақты  өзара  іс-қимылдары  мен  ықпал-

дастығы екіжылдық Бірлескен іс-қимылдар жоспары негізінде дамуда. 

2007  жылдан  бастап  осындай  екі  жоспар  жүзеге  асты,  ал  биылғы  жылы  2011-2012 

жылдарға арналған Жоспарды орындау аяқталып келеді. Қазір екі ел сарапшылары алдағы 



жылдарға арналған жоспардың жобасын әзірлеуде. 

Бесіншіден, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары бағыттардың кең ауқымды кешені 

бойынша табысты әртараптандырылған және іс жүзінде ықпалдастықтың барлық маңызды 

салалары  –  сауда-экономикалық,  инвестициялық,  өңіраралық,  саяси,  әскери-техникалық, 

т.б. салаларды қамтиды. 

2011  жылдың  қорытындысы  бойынша  тауар  айналымы  шамамен  24  миллиард 

долларды құрады. 

1700 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары табысты жұмыс істеуде. 

Екі  онжылдықта  Ресейдің  әскери  жооларында  4  мыңнан  астам  қазақстандық 



офицерлер даярланды. 

Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша 60-



тан астам бірлескен келісімдер жүзеге асырылуда. 

Алтыншыдан,  Қазақстан  мен  Ресей  іс  жүзінде  ортақ  рухани-өркениет  өлшемінде 

өмір сүруде. 

Ғылыми  білім  беру,  сол  сияқты,  гуманитарлық  мәселелер  жөніндегі  Қазақстан  мен 

Ресей арасындағы өзара іс-қимылдар аясы кеңеюде. 

Шамамен 20 мыңдай қазақстандық жас азаматтар Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, 

Омбының,  Екатеринбургтің,  Новосібірдің,  Томның  және  Ресейдің  басқа  да  бірқатар 

қалаларының ЖОО-ларында білім алуда. 

Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастық саласындағы жоспарлары

1  Каспийдің  мұнай  байлығын  бірлесіп  өндіру,  Каспий  құбыр  консорциумының 

қуатын 2015 жылдан бастап 67 миллион тоннаға дейін ұлғайту, ресейлік компаниялардың 

қатысуымен Қарашығанақ газ кен орнын игеру; 

2  Екібастұздағы  ең  ірі  көмір  кен  орны  мен  электр  стансасының  құрылысы 

бірлесіп  игеру. 

3 Уран өндіру жөнінен 3 бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны құру. 

4 Қазақстан-Ресей Нанотехнологиялар қоры құрылды. 

5  «Байқоңыр»  ғарыш  айлағында   «KAZSAT»  байланыс  спутниктері  серияларын 

ұшыру, ГЛОНАСС жүйесін бірлесіп, пайдалану. Байқоңыр инновациялық форумын құру. 

6  2000  жылы  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  құрылып,  ойдағыдай  жұмыс 

істеуде. 

7 2010 жылы Қазақстан мен Ресей Белоруссиямен бірлесіп Кеден одағын құрылды.  

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және 

өзара  көмек  туралы  шарт  жасалды.  1995  жылғы  20  қаңтарда  –  Қазақстан  мен  Ресей 

ынтымақтастығын  кеңейту  туралы  Декларация  жариялады,  ал  1996  жылғы  27  сәуірде 

Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:  

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу. 

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 

1998  жылғы  6  шілдеде  МәскеудеІІІ  ғасырға  бағдарланған  «Мәңгі  достық  пен 

ынтымақтастық туралы»  Декларация жарияланды. Нәтижелері:  

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.  

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды. 



Қазақстан-Қытай байланыстары. 

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына алғаш 

сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында 

Қазақстан  мен  Қытай  арасында  шекара  аумағын  заңдастырып  белгілеу  (делимитация) 

жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық). 

1996  жылғы  сәуір  айында  алғашқы  Шанхай  келісімі  жүргізілді.  Бұл  келісім 

барысына  Ресей,  Қытай,  Қазақстан,  Тәжікстан,  Қырғызстан  қатысты.  Мұнда  негізінен  - 

шекараларды  бұзбау,  бейтарап  аймақтық  қашықтықты  100  шақырымға  дейін  жеткізу 

сияқты  мәселелер  қаралды.  1997  жылғы  25  қыркүйекте  Алматыда  болған  келіссөздің 


нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын 

жүргізу  жөніндегі  шартқа  қол  қойылды.  Қытай  үкіметі  бұл  жұмысқа  9,5  млрд.доллар 

жұмсауға келісті. 

1998-1999  жылдары  Қазақстан-Қытай  арасында  келісімдер  нәтижесінде,  шекараны 

нақтылау негізінен аяқталды. 



Қазақстан-АҚШ байланыстары. 

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 

жылғы  25  желтоқсанда  АҚШ  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігін 

таныды.  Қазіргі  кезде  АҚШ-Қазақстан  экономика-сының  аса  ірі  инвесторы.  1997  жылы 

Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. 

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде 

келісімдерге қол қойылды. 

1999  жылғы  желтоқсанда  Қазақстан  мен  АҚШ  арасындағы  келісімде  –  екі  ел 

арасындағы  серіктестікті  одан  ары  дамыту,  АҚШ-тың  Қазақстанға  демократиялық, 

экономикалық  өркендеуде  қолдау  көрсету,  аймақтық,  ғаламдық  негізде  тұрақтылықты 

қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты 

мәселелер қаралды. 

АҚШ  Қазақстанға  мәдениет  пен  білімді  дамыту  саласында  үлкен  қолдау  көрсетуде 

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия 

оқу орындарында оқиды. 

Қазақстан  және  ТМД  елдерімен  тығыз  өзара  байланыста  болу  –  біздің  ел  үшін  өте 

қажет.  1994  жылы  –  Орталық  Азия  экономикалық  қауымдастығы  құрылды  (Қазақстан, 

Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан). 

Қоғамдық  және  әлеуметтік-экономикалық  өмірдің  барлық  саласындағы  дағдарыс 

ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. 



Қазақстан және халықаралық ұйымдар. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен 

Ұлттар  Ұйымына  кіруі  маңызды  тарихи  оқиға  болды.  Бұл  елімізді  тәуелсіз  мемлекет 

ретінде әлемдік қауымдастық қатарына қабылдануын ресми тұрғы бекіту болып табылады.  

Қазақстанның  і  әлемдік  қауымдастық  алдында  беделі  өсуіне  1991  жылы  Семей  ядролық 

сынақ  алаңын    жабуы    мен  1992  жылы  Лиссабонда  «Ядролық  қаруды  таратпау»  туралы  

шартқа  қол  қоюы  ықпал  етті.  Бұл  Қазақстанға  БҰҰ  Бас  Ассамблеясында  халықаралық 

қауіпсіздік проблемасын көтеруге мүмкіндік берді.   

 Біріккен  Ұлттар Ұйымы ұлы мемлекеттер – КСРО, АҚШ және Англия бастамасымен 

1945  жылы  шілде  айында  Сан-Франсиско  конференциясында  құрылды.  Конференцияға  

КСРО,    АҚШ,  Англия,  Қытай  мемлекеттері  шақыруымен    фашистік  Германия  мен 

империалистік  Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер қатысты. 

Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы қабылдады, мақсаттары мен міндеттері 

белгіледі.        Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  штаб  пәтері  Нью-Йорк    (АҚШ)  қаласында 

орналасқан.    Оның  Еуропа  бөлімінің  тұратын  орны  –  Женева  қаласы.  БҰҰ-на    алғаш  51 

мемлекет кірді, қазір мүшелер саны 189-ға жетті. БҰҰ-ның  негізгі және тұрақты органдары 

−    Бас  Ассамблея,  Қауіпсіздік  Кеңесі,  Экономикалық  және  әлеуметтік  Кеңес,  Бақылау 

Кеңесі,  Халықаралық  сот  және  Секретариат  болып  табылады.  БҰҰ-ы    талқыланған 

мәселелер жөніндегі шешім Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда 

ғана толық қабылданды. Шешімнің  бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір 

мемлекеттің    БҰҰ-на  билік  жасауына  мүмкіндік  бермейді.    Біріккен  Ұлттар  Ұйымын 

құрудағы негізгі мақсат мынада: 

- Дүние жүзіндегі халықаралық бейбітшілікті орнату; 

- Ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту; 

- Халықаралық 

әлеуметтік, 

экономикалық, 

мәдени 


және 

гуманитарлық 

проблемаларды шешу. 

Қазақстанда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы қызмет жасайды: БҰҰ Даму бағдарламасы, 

БҰҰ  Балалар  қоры,  БҰҰ  Халық  қоныстану  қоры  (ЮНФПА),  БҰҰ  есірткі  және  қылмыс 



мәселелері  жөніндегі  басқармасы,  БҰҰ  Жоғары  комиссарының  босқындар  ісі  жөніндегі 

басқармасы,  БҰҰ  Еріктілері,  БҰҰ  әйелдерді  дамыту  қоры,  Халықаралық  еңбек  ұйымы, 

БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік 

денсаулық  сақтау  ұйымы,  БҰҰ  өндірісті  дамыту  жөніндегі  ұйымы,  Дүниежүзілік  банк, 

Халықаралық  валюта  қоры,  Қоғамдық  ақпарат  департаментінің  өкілеттілігі,  БҰҰ 

гуманитарлық қызметті реттеу бойынша басқармасы, т.б. 

Еліміз 

ірі 


халықаралық 

ұйым 


саналатын 

Солтүстік 

Атлантикалық 

ынтымақтастық кеңесіне 1992 жылдан бастап мүше. 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан 

«Бейбітшілік  үшін  әріптестік»  құжатына,  ал  1996  жылы  Қазақстан  мен  НАТО  арасында 

қауіпсіздік  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Осыған  орай  Қазақстан  НАТО-ның  дағдарыс 

жағдайларын  басқару  бойынша  жаттығуларына  белсене  қатысуда.  2002  жылы  Қазақстан 

Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып НАТО-ның «Жоспарлау 

және  шолу  үдерісі»  бағдарламасына  қосылды.  Сонымен  бірге  бітімгершілік  күштерін 

дамыту  бағдарламасын  әзірледі.  2002  жылы  НАТО  елдерімен  әскери-техникалық 

ынтымақтастықтың нәтижесінде НАТО стандарттары бойынша «Қазбат» жасақталды 

2000  жылы  ақпанда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

Орталық  Азия  мемлекеттерінің  одағын  құру  туралы  бастамасын  аймақ  басшылары  оң 

қабылдады.  2005  жылы  «Орталық  Азия  Ынтымақтастығы  ұйымына  мүше  мемлекеттер 

басшыларынығ саммитінде  бұл аталған ұйым Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 

(бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) бірікті.  

Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастық  (ЕурАзЭҚ)  2000  жылғы  10  қазанда 

Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы 

мемлекеттердің  басшылары  қол  қойған  ЕурАзЭҚ  құру  туралы  шартқа  сәйкес  құрылады. 

ЕурАзЭҚ  бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы 

шеңберінде  өткен  Қазақстан,  Өзбекстан  және  Қырғызстан  мемлекет  басшыларының 

кездесуінде  Біртұтас  экономикалық  кеңістікті  құру  туралы  қабылданған  шешіммен 

байланысты. 

ТМД  шеңберінде  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастықтың  қалыптасуы 

Достастық  елдерінің  ықпалдастықтың  жаңа  деңгейіне  ұмтылатындығын  көрсетті.  ТМД-

ның ішкі мәселелрі де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті. 

Бұл  ұйымға  Қазақстан,  Белоруссия,  Қырғызстан,  Ресей  Федерациясы,  Тәжікстан, 

Өзбекстан,  Армения,  Молдова  республикалары  мүше,  ал  Украина  бақылаушы  мемлекет 

болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық 

кеңістікті  тиімді  қалыптастыру»  мақстаында  қалыптастырылған  сауда-экономикалық 

ынтымақтастық 

тұжырымы 

алынды. 

ЕурАзЭҚ-тың 

басқару 

органдары 

− 

Мемлекетаралық Ассамблея және Қоғамдастық Соты болып табылады. 

2003 жылы мамыр айында БҰҰ  ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. 

ЕурАзЭҚ-тың  2003  жылдың  27  сәуірде  Душанбе  қаласында  өткен  Мемлекетаралық 

Кеңесінде  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Еуразиялық  экономикалық 

қоғамдастықтағы  іс-ахуалы  және  интеграциялық  ынтымақтастықты  жеделдету  жөніндегі 

ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.  

Аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жолындағы  келесі  қадам  −  Ұжымдық 



қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҮ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы 

ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-

саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік 

туралы  шартқа  ресми  түрде  1992  жылы  15  мамырда  Ташкент  қаласында  қол  қойылды. 

Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті − Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, 

Өзбекстан  қол  қойды.  Кейіннен  Белоруссия  қосылды.  Ұйымның  жоғарғы  органы  − 

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, 

Сыртқы  істер  министрлері  кеңесі,  Қорғаныс  министрлері  кеңесі,  Қауіпсіздік  кеңестер 

хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды. 

Қазақстан  тек  Орталық  Азия  аймағында  ғана  емес,  Еуразия  аймағында  да 



ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе,  Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны 

ерекше.  Ол  бүгінгі  күні  қол  жеткізген  нәтижелерімен  ерекшеленеді.  Олар:  аумақтық 

мәселені  шешу;  лаңкестікке  қарсы  күрестегі  жетістіктер;  әскери  саладағы  тығыз 

ынтымақтастық;  басқа  халықаралық  ұйымдармен  байланыс  орнату;  экономикалық 

ынтымақтастықты терендету жолындағы нақты жобалар. 

1996  жылы  26  сәуірде  Шанхайда  бес  мемлекет  −  Қазақстан,  Ресей,  Қытай, 

Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім-

шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым 

«Шанхай  бестігі»  деп  аталғанымен,  кейін  2001  жылғы  саммитте  «Шанхай  бестігіне» 

Өзбекстанның  кабылдануымен  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымы  деп  аталды.  Саммиттен 

кейін  «Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымын  құру  туралы»  декларация  жарияланды. 

Сонымен  бірге  «Лаңкестік,  сепаратизм  және  экстремизмге  қарсы  күрес  туралы  Шанхай 

конвенциясы»  деп  аталатын  тағы  бір  маңызды  құжат  қабылданды.  Сөйтіп,  аймақтық 

саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. 

Ақиқатында, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта 

қабылданған  еді.  Шанхай  Ынтымақтастық  Ұйымы  әскери  одақ  емес,  ол  аймақтық 

қауіпсіздік  саласындағы  ықпалдастықпен  қатар,  экономика  саласындағы  байланыстарға 

ұмтылатын ұйым болып табылады. 



Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім  шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). 

АӨСШК-ні  құру  туралы  идеяны  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  1992  жылы  5  қазандағы 

БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-сессиясында  ұсынды.  Ұйымның  негізгі  мақсаты  −  Азия 

аймағындағы  бейбітшілік,  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге  қатысты  көп 

жақты  қарым-қатынастарды  орнату  және  осы  мәселелерді  шешу  барысында 

ынтымақтастықты нығайту. 

I саммитте екі маңызды құжатқа − Алматы актісі мен АӨСШК Лаңкестікті жою және 

өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды. Осы 

құжаттар  негізінде  АӨСШК  Азиадағы  дау-жанжалдар  мен  қақтығыстарды  реттеу 

мақсатындағы форумға айналды. 

2004 жылы қазан айындағы АӨСШК-ге мүше елдерінің II кездесуінде Сенім шаралар 

каталогы  қабылданды.  Бұл  әскери-саяси,  экономикалык,  гуманитарлық  және  басқа 

салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларының 

шешімімен  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1992  жылы  БҰҰ  47-сессиясында 

кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. 

АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды. 

II саммит 2006 жылы маусым айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан айынан бастап Азия 

кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Қазақстан − 

АӨСШК-ні  құру  туралы  идеяны  ұсынушы  ғана  емес,  осы  идеяны  іс  жүзіне  асырушы 

мемлекет. Бұл еліміздің ұйым  төрағалығына екі мерзімге, яғни 2002-2006 жылдардағы 

(бірінші  мерзім)  және  2006-2010  жылдардағы  (екінші  мерзім)  сайлануынан  да  көрінеді. 

АӨСШК-тің 2010 жылы  III саммиті Қазақстанда өтті. 



ШЫҰ  мен  АӨСШК  −  тұрақтылық  пен  қауіпсіздік  шараларын  қамтамасыз  ету 

жағынан  мақсаттары  мен  міндеттері  ұқсас  құрылымдар.  Бірақ  бұл  екі  ұйым  бірін-бірі 

қайталамайды әрі бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық 

жүйесін  толықтырып  отыр.  Егер  Шанхай  ынтымақтастык  ұйымы  оған  мүше 

мемлекеттердің  нақты  құқықтары  мен  міндеттемелеріне  негізделген  бірлестік  болса, 

АӨСШК өзекті де өткір мәселелерді еркін талқылауға және оны шешу жолдарын іздеуге 

арналған  кеңейтілген  форум  болып  табылады.  ШЫҰ  мен  АӨСШК  Азия  құрлығындағы 

қазіргі  заманғы  халықаралық  қатынастардағы  айрықша  маңызы  бар  фактор  ретінде 

танылып отыр. 

2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері 

Біртұтас экономикалық кеңістікті (мұнан әрі БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК 

Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД 



құрамына  кіретін  төрт  мемлекет  ықпалдастықтың  жаңа  деңгейіне  көшу  туралы  шешім 

қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК-ті құру 

туралы  заң  күшіне  енді.  2004  жылы  24  мамырда  Ялтада  БЭК-тің  дамуының  басым 

бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті. 



Қазақстан  және  ЕҚЫҰ.  ЕҚЫҰ  құрамына  56  қатысушы  мемлекет  кіретін  жалпы-

еуропалық ұйым. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдың алдын алу 

және оны болдырмау, көрініс берген жанжалдарды реттеу мәселелерін қарастырады. Сол 

сияқты қару-жараққа бақылау жасау, алдын алу дипломатиясы, сенім шаралары мен қауіп-

сіздікті нығайту, адам құқықтары, сайлауға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық және 

экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. 

2010 жыл 1-қаңтар айынан Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның Төрағасы болды. 2010 жылдың 

1-2  желтоқсаны  күндері    ЕҚЫҰ-ның  кезекті  Саммитін  Астана  қаласында  өтті.  Саммитке 

ЕҚЫҰ-ға шетелдерден 73 ресми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, 

ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік 

емес  ұйым  өкілдері  қатысты.  Саммит  жұмысын  1000-нан  аса  отандық  және  шетелдік 

журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар, газеттер мен ақпарат агенттіктері таратты.  

ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  қаржы-экономикалық  қауіпсіздікті  және  «Жаңа 

онжылдықтағы  төзімділікке»  бағдарламалық  құжатын  бірлесе  әзірлеу  арқылы 

конфессияаралық  төзімділікті  жеке  өлшемге  бөліп  шығарып,  ЕҚЫҰ-ның  себептері  мен 

институттары санын ұлғайтуды ұсынды. Президент ЕҚЫҰ-ның Маастрихт стратегиясын 

келісілген валюта-қаржы саясатының, экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияның 

қағидаттарын бейнелеуге болатын «Маастрихт-плюс» құжатымен толықтыруды ұсынды. 

Ол  ЕҚЫҰ  құрылымында  энергетикалық  қауіпсіздік  және  экономикалық  өзара  іс-

қимыл  жөніндегі  кеңестер,  Экологиялық  форум,  сондай-ақ  Қарусыздану  және  қаруды 

таратпау саласында арнаулы форум құруды ұсынды. Су проблемаларын құқықтық реттеу 

мақсатында  Президент  «Су  және  құқық»  бағдарламасын  әзірлеуді  ұсынды.  Трансше-

каралық  қылмысқа, есірткі трафигіне және жасырын көші-қонға қарсы күресті үйлестіру 

үшін  ЕҚЫҰ-ға  мүше  елдер  министрлері  деңгейінде  кеңес  қалыптастыруды,  қақ-

тығыстардың және әлем экономикасындағы келеңсіз үдерістердің алдын алып отыру үшін 

орталығы  Астанада  орналасқан  ЕҚЫҰ-ның  Қауіпсіздік  институтын  құруды  ұсынды. 

Қазақстанда  өткен  ЕҚЫҰ  Саммитінде  «Жалпыға  ортақ  қауіпсіздік»  атты  Астана 

Декларациясы қабылданды. 

Қазақстанның  мына  халықаралық  ұйымдар  деңгейінде  ынтымақтас-тық,  қауіпсіздік 

пен  толеранттылық  сияқты  өзекті  мәселелерді  шешу  бағытында  қарқынды  жұмыстар 

жүргізді:  

1 Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  кеңесі  (Азия  кеңесі,  АӨСШК).  

АӨСШК-ні  құру  туралы  идеяны  Н.Ә.  Назарбаев  1992  жылы  5-қазанда  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. АӨСШК елдерінің толеранттылық 

мәселелері жөніндегі азаматтық форумы өтті; 

2 Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі  (ТМЫК) мүшесі, 2009 жылы 3-

қазанда құрылған. 

3 Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы.  2010  жылдың  маусымынан  бастап  2011  жылдың 

маусымына дейін төрағалық етті; 

4  Еуропадағы  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық  Ұйымының  2010  жылғы  төрағасы. 

ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2010 жыл 1-2 желтоқсан; 

5 Ұжымдық  қауіпсіздік  туралы  шарт  ұйымына  төрағалық  ету  2011  жылы  20-

желтоқсанда өтті; 

6 Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық, 2011 жыл. 2011-2015 жылдарға арнал-

ған Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы ИЫҰ Іс-шара жоспары қабылданды.  

Қазақстан  халықаралық  ұйымдарға  төрағалық  ету  және  белсенді  мүшелік  қызметі 

арқылы мынадай нәтижелерге де қол жеткізді: 



− халықаралық деңгейде мойындауға қол жеткізу және елде тұрақтылықтың қалыпты 

дамуы; 


− әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті 

сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалауы; 

− халықаралық  маңызға  ие  мәселелер  бойынша  өзіндік  бастамаларын  іс  жүзінде 

асыруға зор мүмкіндіктеріне ие болуы; 

− әлемдік  қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен 

қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға 

көңіл аударту. 

 

 



ЛЕКЦИЯ-20. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2050 ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 

1.   Мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  Жаңа  бағыттың  экономикалық  сясаты. 

Әлеуметтік  саясаттың  жаңа  кағидалары.  Мемлекеттілікті  әрі  карай  бекіту  және 

Қазақстандық демократияның дамуы. 

2.   ҚР  сыртқы  саяси  мен  аймақтық  және  жаһандық  кауіпсіздікті  нығайту. 

Экономикалық  және  сауда  дипломатиясының  дамуы.  Күшті  және  сәтті  мемлекет. 

Демократияландыру  мен  либералдандырудың  тұрақты  процесі.  «Мәңгілік  ел»  - 

ұлттық идеясы. 

3.   КР  Мемлекеттік  жастар  саясаты,  оны  жүзеге  асырудың  ерекшеліктері. 

Студенттік жастар саясатының нысаны ретінде. Жастардын саяси қатысуы. Жастар 

ұйымдары. Қазіргі жастардың саяси мәдениеті. 

4.   Жаңа  Қазақстандық  патриотизм.  Азаматтық  қалыптасу  мен  жастарды 

патриоттык тәрбиелеу. 

 

Мемлекеттік институттардың саяси даму  – сапалық өзгерістерге негізделінген, ішкі 



және  сыртқы  факторлардың  ықпалына  тәуелді,  эволюциялық  сипаттағы  көпқырлы  және 

күрделі процесс. Саяси даму, бұл саяси жүйенiң негізгі институты мемлекеттің  өзгерушi 

әлеуметтiк  жағдайға  икемдi  бейiмделу  қабiлетiнiң  дамуы  және  талап-қолдау  мен  саяси 

шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуы.  

Қазақстан  егеменді  мемлекет  болып  қалыптасу  үшін  саяси  дамудың  ұзақ  жолынан 

өтті.  Қазіргі  әлемдегі  мемлекеттердің  даму  қарқыны  мен  бағыты  көп  жағдайда  

стратегиялық  бағытының    дұрыстығы  мен  көлеміне  тәуелді  болып  табылады.  Еліміздегі 

саяси  даму  стратегиясының  негізгі  бағыттары  «Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде 

қалыптасу  және  даму»  стратегиясында  (1992  ж.),  «Қазақстан-  2030.  Барлық 

қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық 

бағдарламасында (1997 ж.) және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» стратегиялық бағдарламасында (2012 ж.) айқындалған.  

Белгілісі,  ұзақ  мерзімге  белгіленген  саяси  дамудағы  стратегиялық  міндеттерді 

шешуде  кедергілер  мен  қиыншылықтар  да  кездесті.  Дегенмен,  Президент  Н.Ә. 

Назарбаевтың  ұстанған  саяси  стратегиялық  бағытының  тиімділігі  нәтижесінде 

Қазақстанның саяси жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына 

ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев «Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс 

стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық 

жоспар  назарды  жинақтайды,  тәртіпке  жұмылдырады  және  жәрдемдеседі»  –  деп  атап 

көрсеткен болатын.  

Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл 

объективті  және  субъективті  факторлар  ықпал  ететін  қолдан  жасалған  процесс. 

Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз 

болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, 

өздерінің  саяси  шешімдерінде  саясатта  маңызы  зор  саяси  көрегендік  қабілеттеріне    ғана 

емес,    сондай-ақ  саяси  дамудың  болжамдық  нұсқаларын  құрастыру  мен  жағымды  және 



жағымсыз  сәттерді  қатал  есептеуге  негізделген  салауатты  прагматизмге  де  сүйенулері 

болып табылады.  

 Н.Ә. Назарбаевтың:  «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам 

да  өмір  сүре  алмайды.  Саналы  мұратсыз,  асқақ  армансыз  өмір  сүретін  адамдар  ұсақ, 

тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз 

арбап  алады.  Сөйтіп,  соның  салдарынан  қоғамдық  азғындау  басталады.  Бүгінде  біздің 

қоғамымыздың  бағытын  көруге,  оқиғаны  болжап  білуге,  түпкі  мақсатқа  қол  жеткізуге 

әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты 

тұжырымдамасы, міне сондықтан да қажет» –  деген сөзі бұл істің қаншалықты жауапты 

және аса күрделі екендігін көрсетеді.   

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы  «Қазақстан жолы  – 2050: Бір мақсат, бір 

мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан-2050» Стратегиясын әрі қарай тарата түсетін 

Жолдау  болып табылады 

Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану 

міндетін  ұсынды,  дегенмен,  қоғам  өмірінің  барлық  саласында  жүргізілетін  реформалар 

тиімділігі  саяси  тұрақтылық  пен  демократиялық  қағидалардың  қоғам  өмірінің  барлық 

саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050» 

Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді 

деп атап көрсетілген болатын, олар:  

• 

мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау; 



• 

әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау; 

• 

қоғамдық сананы қайта өзгерту 



Қазақстанда  саяси  тұрақтылықтың  сақталынуы,  бұл  мемлекеттіміздің  даму 

кезеңдерінде  саяси  реформаларға  басымдық  мән  беруінің  нәтижесі  деп  санаймыз. 

Қазақстан-2050 Стратегиясында қалыпасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді, олар 

мыналар: 

1. Қуатты да табысты мемлекет; 

2. Демократияландыру мен  ырықтандырудың орнықты процесі; 

3. Түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен  татулығы; 

4. Ұлттық экономика. Халықаралық  еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз; 

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен  әлеуметтік саясат; 

6. Әлемдік қауымдастық таныған ел; 

7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі  біздің белсенді рөліміз. 

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа 

саяси бағыттың  негізі болуға тиіс деп атап көрсетті. 

Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай мықты  мемлекеттің,  дамыған 

экономиканың  және  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде  берекелі  қоғам  құру,  ол  үшін 

мемлекеттік  басқарудың  жаңа  түрін  қалыптастыру  міндеті  ұсынылды.  Мемлекеттік 

басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар: 

8.   Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;  

9.   Басқаруды орталықсыздандыруды  сауатты жүргізу,  

10.  Кәсіпқой мемлекеттік аппаратты  қалыптастыру;  

11.  Мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл  

жүйесін құру;  

12.  Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;  

13.  Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс

14.  Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.  

Қазақстан  Республикасының    Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан    жолы  – 

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің 

әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасы  негізінде  ұсынған 

ұзақмерзімді  басымдылықтың  жетіншісі  –  мемлекеттік  институттар  жұмысын  жетілдіру, 

мына міндеттерді ұсынды: 



1.  Адал  бәсекелестік,  әділеттілік,  заңның  үстемдігі,  жоғары  құқықтық  мәдениет 

ахуалын қалыптастыру;  

2.  Мемлекеттің  үкіметтік  емес  сектормен  және  бизнеспен  өзара  іс-қимылының 

жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;  

3.  Сот  жүйесі    ашық  және  қолжетімді,  қарапайым  және  барлық  дауды  тез  шеше 

алатындай болуға тиіс;  

4. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің 

кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;  

5.  Аса  маңызды  міндет  –  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жаңа  стратегияны 

қалыптастыру;  

6. Жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру . 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  еліміздің  мемлекеттік  институттарының  саяси  

дамуына,  мемлекеттің  өзгерушi  әлеуметтiк  жағдайға  икемдi  бейiмделу  қабiлетiнiң 

жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi 

механизмiнiң  қалыптасуына  алып  келеді.  Еліміздегі  саяси  жаңғыртудың  мақсаты 

мемлекеттік    институттар  және  ашық  түрдегi  саяси  билік  арқылы  бiрте-бiрте  күрделенiп 

келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.  

Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму  саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып 

қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара 

байланысының  жиынтығы  деп  сипаттаған  болатын.  Демек,    қоғамдағы  саяси  даму  бүкіл 

қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші 

рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады. 

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттің 

болашақ  даму  міндеттері  мен  саяси  бағытын  айқындайтын  кешендік  және  жүйелілік 

сипатқа  ие  тарихи  құнды  құжат.    Қоғамдық-саяси  тұрақтылық  уақыт  бойынша  тұрақты 

және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан 

жасалған  процесс.  Қазақстанның  22  жылдан  аса  әлеуметтік  күйзеліссіз  және 

этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның 

командасының  зор  еңбегінің,  өздерінің  саяси  шешімдерінде  саясатта  маңызы  зор  саяси 

көрегендік  қабілеттеріне    ғана  емес,    сондай-ақ  саяси  дамудың  болжамдық  нұсқаларын 

құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал  есептеуге негізделген  салауатты 

прагматизмге де сүйенулері болып табылады.  

  

 



 

 

 



 

 

 



 

Document Outline

  • 1-Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет