Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Қазақстан  Республикасындағы  саяси  модернизация



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Саясаттану лекция


Қазақстан  Республикасындағы  саяси  модернизация.  Еліміздегі  саяси  жаңғырту 

мен  даму  стратегиясының  негізгі  бағыттары  «Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде 

қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-

дың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  стратегиялық  бағдарламасы 

(1997  ж.),  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

(2012  ж.)  сияқты  бағдарламаларда  айқындалған.  Сонымен  бірге,  еліміздің  саяси  даму 

бағыттары  ҚР  Президентінің  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  арналған  жолдауларында 

және  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  отырыстарында  сөйлеген  сөздерінде  жан-жақты 

талданып,  одан  әрі  дамыту  жолдары  ұсынылып  отырылады.  Президенттің  «Ғасырлар 

тоғысында»  (1996  ж.),  «Тарих  толқынында»  (1997  ж.),  «Сындарлы  он  жыл»  (2002  ж.), 

«Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.),  «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі 

саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз 

дамуының  стратегиялық  жоспарындағы  негізгі  басымдылықтарды  анықтауға  мүмкіндік 

береді.   

Саясаттану оқулықтарында саяси жаңғыртудың түрлерін атап көрсетіледі, олар:  

1.  классикалық спонтанды үлгі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық 

қоғамның  әртүрлі  құрылымының  жүйелі  жаңғыруы  негізінде  қазіргі  қоғамның  басты 

құрылымдарының пайда болуы;  

2. жаңғыртудың кешіккен және негізгі емес үлгісі, (Жапония,  Бразилия, Аргентина, 

Пиреней  түбегі)  жаңғыртудың  кейбір  алғышарттарының  (нарықтық  қатынас,  азаматтық 

қоғам,  құқықтық  мемлекет  т.б.)  болмауымен  ерекшеленді,    өзгерістер  синхронды  емес, 

авторитарлы сипатқа негізделінеді; 

3. кешігу жаңғырту үлгісінде  (Испания, Португалия)  бірінші саясат екінші экономика 

деген қағида ұсталынады. Дамыған қоғамға өту саяси мәселелерді шешуден, мемлекеттік 

институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекеттік құрылымның жалпы 

қағидаларын анықтаудан басталды. Ал, экономикалық жаңғырту кейінге қалдырылып, оған 

тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта келеді.  

 Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында 

(1992  ж.)  саяси  жаңғыртудың  стратегиялық  жоспары  мен  тактикалық  әрекеттері 

белгіленген  болатын.  Бұл  стратегиялық  бағдарламада  күшті  президенттік  республиканы 

қалыптастыру, көппартиялық жүйені құру,  тұрақтылықты қалыптастыру,  әрбiр азаматтың 

құқығы мен еркiндiгiн қорғауға бет бұру,  қолайлы геосаяси жағдайға ие болу міндеттері 

қойылды. Сонымен бірге, стратегия негізінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш рет 

қарулы күштер, дипломатиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік институттар 

қалыптастырылды.  Мемлекеттік  шекараны  айқындап,  нығайту  жөнінде  шаралар 

қабылданды. 

«Қазақстан  -  2030»  Президенттік  стратегиясы    ұлттық  бірлік  пен  әлеуметтік 

әділеттілік орнаған,  халқының экономикалық әл-ауқаты жетілген, тәуелсіз, гүлденген және 

саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған 

жетудiң жолдары мен әдiстерiн айқындаған құжат. «Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің 

саяси жүйесінің дамуына, саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу 

қабiлетiнiң  жетілуіне  және  талап-қолдау  мен  саяси  шешiм-әрекет  арасында  керi 

байланыстың  тиiмдi  механизмiнiң  қалыптасуына  алып  келді.  Еліміздегі  саяси  дамудың 

мақсаты саяси институттар және ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп 

келе  жатқан  экономикалық  және  әлеуметтiк  мәселелердi  шешу  болып  табылады. 

«Қазақстан-2030»    стратегиясы  жалпы  ұзақмерзімдік  мақсат  пен  ірі  көлемді  міндеттерге 



бағытталынған,  мемлекет,  партия  және  т.б.  саяси  институттардың  саяси  қызметті  атқару 

бағыттары мен тәсілдерін анықтайтын басты құжат болып табылады.   

2007  жылы  16-мамырда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  палаталарының 

«Қазақстанды  демократияландырудың  жаңа  кезеңі  –  еркін  демократиялық  қоғамның 

жеделдетілген дамуы» атты бірлескен  мәжілісінде Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік 

басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын қазақстандық қоғамды әрі қарай  саяси 

дамыту  мен  жаңғырту  міндеттеріне  аударды.  Стратегиялық  маңызды  «Қазақстан 

Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында 

билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу, саяси партиялардың рөлін нығайту, 

жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту,  сот  жүйесін  жетілдіру,  ұлтаралық  келісімді 

қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту, азаматтардың құқықтары 

мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту сияқты жеті негізгі бағыт бекітілген болатын.  

Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану 

міндетін  ұсынды,  дегенмен,  қоғам  өмірінің  барлық  саласында  жүргізілетін  реформалар 

тиімділігі  саяси  тұрақтылық  пен  демократиялық  қағидалардың  қоғам  өмірінің  барлық 

саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050» 

Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді 

деп атап көрсетілген болатын, олар:  

• 

 мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау; 



• 

 әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау; 

• 

 қоғамдық сананы қайта өзгерту. 



Қазақстанда  саяси  тұрақтылықтың  сақталынуы,  бұл  мемлекеттіміздің  даму 

кезеңдерінде  саяси  реформаларға  басымдық  мән  беруінің  нәтижесі  деп  санаймыз. 

Қазақстан  -  2050  Стратегиясында  қалыптасқан  мемлекеттің  жетістіктері  атап  көрсетілді, 

олар мыналар: 

1. қуатты да табысты мемлекет

2. демократияландыру мен  ырықтандырудың орнықты процесі; 

3. түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен  татулығы; 

4. ұлттық экономика. Халықаралық  еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз; 

5. қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен  әлеуметтік саясат; 

6. әлемдік қауымдастық таныған ел; 

7. ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі  біздің белсенді рөліміз. 

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа 

саяси бағыттың  негізі болуға тиіс деп атап көрсетті. 

Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай мықты  мемлекеттің,  дамыған 

экономиканың  және  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде  берекелі  қоғам  құру,  ол  үшін 

мемлекеттік  басқарудың  жаңа  түрін  қалыптастыру  міндеті  ұсынылды.  Мемлекеттік 

басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар: 

1.   мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;  

2.   басқаруды орталықсыздандыруды  сауатты жүргізу,  

3.   кәсіпқой мемлекеттік аппаратты  қалыптастыру;  

4.   мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл  

жүйесін құру;  

5.   мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;  

6.   мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс

7.   құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру  2.   

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы  «Қазақстан жолы  – 2050: Бір мақсат, бір 

мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауы  Қазақстан  –  2050»  Стратегиясын  әрі  қарай  тарата 

түсетін  Жолдау  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының    Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың «Қазақстан  жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 

халқына  Жолдауында  еліміздің  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру 



тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік 

институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды: 

1.  адал  бәсекелестік,  әділеттілік,  заңның  үстемдігі,  жоғары  құқықтық  мәдениет 

ахуалын қалыптастыру;  

2.  мемлекеттің  үкіметтік  емес  сектормен  және  бизнеспен  өзара  іс-қимылының 

жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;  

3.  сот  жүйесі    ашық  және  қолжетімді,  қарапайым  және  барлық  дауды  тез  шеше 

алатындай болуға тиіс;  

4. мемлекеттік кәсіпорындардың,  ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің 

кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;  

5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;  

 6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру . 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  еліміздің  мемлекеттік  институттарының  саяси  

дамуына,  мемлекеттің  өзгерушi  әлеуметтiк  жағдайға  икемдi  бейiмделу  қабiлетiнiң 

жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi 

механизмiнiң  қалыптасуына  алып  келеді.  Еліміздегі  саяси  жаңғыртудың  мақсаты 

мемлекеттік    институттар  және  ашық  түрдегi  саяси  билік  арқылы  бiрте-бiрте  күрделенiп 

келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.  

Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып 

қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара 

байланысының  жиынтығы  деп  сипаттаған  болатын.  Демек,    қоғамдағы  саяси  даму  бүкіл 

қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші 

рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады. 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын 

өзгертуде  емес,    оның  іс-әрекеті  мен  қызметін  жетілдіруде.    Сондықтан,  саяси  жүйені 

жаңғырту мыналарға: 

−  саяси институттардың жаңа проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға;  

−  қоғаммен ашық сипаттағы қатынасын жетілдіруге; 

−  саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн көтеруге; 

−  талап-қолдау  және  саяси  шешiм-әрекет  арасында  керi  байланыстың  тиiмдi 

механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс.   

Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттің 

болашақ  даму  міндеттері  мен  саяси  бағытын  айқындайтын  кешендік  және  жүйелілік 

сипатқа ие тарихи құнды құжат.  

Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл 

объективті  және  субъективті  факторлар  ықпал  ететін  қолдан  жасалған  процесс. 

Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз 

болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, 

өздерінің  саяси  шешімдерінде  саясатта  маңызы  зор  саяси  көрегендік  қабілеттеріне    ғана 

емес,    сондай-ақ  саяси  дамудың  болжамдық  нұсқаларын  құрастыру  мен  жағымды  және 

жағымсыз  сәттерді  қатал  есептеуге  негізделген  салауатты  прагматизмге  де  сүйенулері 

болып табылады.  

 

ЛЕКЦИЯ-19. САЯСАТТАҒЫ КОНФЛИКТ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТЫК 



ЖАҒДАЙЛАР 

1.  Конфликт  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  және  оның  саясаттағы  ролі.  Саяси 

конфликтілер, олардың қоғамдық өмірдегі орны. Саяси конфликт құрылымы. Саяси 

конфликтілердің жіктелуі және қызметі.  

2.  Саяси  конфликтілердің  жіктелуі  және  қызметтері.  Саяси  конфликт 

динамикасы. Саяси конфликтілердің алдын алу амалдары мен көздері. Қазақстанда 

саяси конфликтілердің алдын алу амалдары мен көздері 

3.  Саяси 

дағдарыс.  Сыртқы  және  ішкі  саяси  дағдарыстар.  Саяси 

дағдарыстардың алдын алу тәсілдері

 

Саясаттанудағы  саяси  шиеленіс  теориялары.  Шиеленiс  дегенiмiз  әрбiр  қарсы 

жақты  қолайсыздыққа  ұшыратып,  iстi  насырға  шаптыратын  қарама-қарсы  мүдделердiң, 

пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас. 

Саясаттану  ғылымында  ұзақ  жылдар  бойы  қоғамдағы  қайшылықтар,  дағдарыстар, 

шиеленiстер,  төңкерiстер,  яғни  мемлекеттегi  тұрақсыздық,  ойдағыдай  дамымауы  ауру 

болып саналды. Көптеген ойшылдар қоғам, мемлекет бiрқалыпты, тұрақты дамуы керек деп 

санады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық ең негiзгi құндылық болып саналды. 

Бiрақ ол мүмкiн нәрсе емес едi, өйткенi қоғамда әр түрлi әлеуметтiк топтар, таптар, 

қабаттар  тұратын  болғандықтан,  олардың  мақсат-мүдделерi,  талап-тiлектерi  де 

соншалықты  әр  түрлi  болып  келедi.  Бұл  әр  түрлiлiк,  сәйкес  келмеушiлiктер 

айырмашылықтарды  тудырады,  олар  дер  кезiнде  шешiлмей  шиеленiстерге  айналып 

отырады. 

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында: «Егер 

әртүрлi  топтар  оларды  қандай  саяси,  идеология,  дiни,  этникалық  немесе  топтық 

мүдделердiң  бiрiктiретiндiгiне  қарамастан  қарама-қарсылық  күйде  болса,  бұл  халықты 

ортақ  игiлiкке  қол  жеткiзу  мен  өзiнiң  ұлттық  мүдделерiн  iске  асыру  мақсатынан 

жаңылыстыратын  қауiптi  жағдайға  әкеп  соғады»  –  деп  шиеленiстердiң  қоғам  үшiн 

қауiптiлiгiн баса айтады. 

Адамзат шиеленiстi зерттеуге өте ертеден-ақ көңiл бөлген, б.з.д. VІІ-VІ ғасырлардағы 

қытайлық философтар дүниедегi нәрселердiң бәрiнiң қозғалысының көзi оң (ян) және терiс 

(инь)  бастаулар  болады  деп  айтады.  Ежелгi  грек  ойшылы  Гераклит  заттар  мен 

құбылыстардың  дамуы  қарама-қарсылықтардың  күресiнен  туады  және  ол  күрес  жаппай, 

барлығы  мүмкiндiгiне  қарай  күрес  арқылы  болып  өтедi  деп  жазады.  Бұл  пiкiрдi  Сократ, 

Платон, Эпикур де мойындаған.  

Қоғамдағы  шиеленiстi зерттеуге Н. Макиавелли ерекше көңiл бөлдi. Рим тарихына 

арналған  еңбегiнде  шиеленiстiң  әр  түрлi  деңгейiн  қарастыра  отырып,  оның  қоғам 

дамуындағы маңыздылығын айтты. ХVІІІ ғасырдағы саяси шиеленiстi зерттеушi ойшылдар 

оны үстемдiк пен тәуелдiлiкке әкеп тiредi және ол мемлекет реттеуiмен шешiлiп отырады 

деп есептедi.  

Шиеленiстi  әлеуметтiк  құбылыс    ретiнде  зерттеген    А.  Смит  болды.  Бұл  зерттеуiн  

«Халық байлығының себептерi мен табиғаты туралы зерттеулер» (1776 ж.) атты кiтабында 

жүргiзген.  А.  Смит  шиеленiстiң  негiзiне  қоғамның  таптарға  қысым  жасауы  мен 

экономикалық бәсекелестiктi жатқызады, әрi оны қоғамның қозғаушы күшi деп есептедi. 

Шиеленiстi зерттеуде Гегельдiң iлiмi ерекше орын алады. Ол қоғам дамуындағы қарама-

қарсылықтардың қайшылықтары мен күресiн жоғары бағалады. 

Шиеленiстiң өзiнiң теориялық негiзiн ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында 

әлеуметтану  ғылымында  алды.  Бұл  кезеңдегi  әлеуметтану  ғылымы  биология  ықпалында 

болды,  сондықтан  шиеленiстi  дарвиннiң  теориясы  негiзiнде  түсiндiрдi.  Кейiнен 

әлеуметтануда  психологиялық  бағыт  қалыптасты,  сөйтiп  шиеленiске  әлеуметтiк-

психологиялық  көзқарас  таратылды.  Одан  кейiн  әлеуметтануға  функционализм  күштi 

ықпал  еттi,  ол  шиеленiстi  жағымсыз  рөл  атқарады  деп,  оны  зерттеудi  соңғы  орынға 

шығарды.  



Сөйтiп шиеленiстi зерттеудiң мынадай төрт концепциясы қалыптасты: 

1 «Шиеленiстiң жағымды-функционалды» концепциясы /Л. Козер/; 

2 «Қоғамның шиеленiстiк моделi» концепциясы /Р. Дарендорф/; 

3 «Шиеленiстiң жалпы теориясы» концепциясы /К. Боулдинг/; 

4 «Шиеленiстiң маркстiк теориясы» /К. Маркс,Ф. Энгельс/. 

Л. Козер шиленiстерге құндылықтар, мәртебе, билiк, қаржы-қаражат үшiн күрестердi 

жатқызды.  Л.Козер  концепциясының  мәнi  –  қоғамға  әлеуметтiк  теңсiздiк,  мәңгiлiк 



психологиялық  қанағаттанбаушылық  тән,  сондықтан  индивид  пен  топтар  арасында 

қайшылық, сезiмдiк – көңiл күйiнiң тұрақсыздығы пайда болады, олардың қарым-қатынасы 

бұзылады.  Сондықтан  Л.Козер  әлеуметтiк  шиеленiске  белгiлi  әлеуметтiк  пен  индивид 

сезiмдерiнiң қайшылығын жатқызады. 

Немiс  әлеуметтанушысы  Р.  Дарендорф  «қоғамның  шиеленiстiк  моделi»  атты 

теорияны қалыптастырды. Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленiстер» 

деген еңбегiнде билiктi бөлуге байланысты адамдар арасында теңсiздiк пайда болады, олар 

шиеленiске  әкелiп,  қоғамның  құрылымын  өзгертедi  деп  санады.  Бұл  өзгерiстердi 

шиеленiстер  өздерi-ақ  жүзеге  асырады,  сондықтан  К.  Маркс  айтқан  революциялық 

төңкерiске жол бермеу керек деп есептедi. Сонымен бiрге жаншылған шиеленiстер қоғам 

организмiндегi қатерлi iсiкке айналады деп жазады. 

Қоғам  өмiрiнiң  iшкi  және  халықаралық  жағдайына  да  қолдануға  қолайлысы    К. 



Боулдингтiң  «шиеленiстiң  жалпы  теориясы»  концепциясы  болып  табылады.  Бұл  теория 

оның «Шиеленiс және қорғау. Жалпы теория» деген кiтабында қалыптасқан.  Оның пiкiрi 

бойынша  шиеленiс  қоғамдық  өмiрден  ажыратылмайды.  Әлеуметтiк  шиеленiстiң  мәнi 

адамның  қалыпты  реакциясына  байланысты.  Қандай  кикiлжiң  болмасын  тiтiркендiр-

гiштер,  қоздырғыштардың  әрекеттерi  арқылы  реакцияларды,  құндылықтарды,  жеке 

адамдардың құштарлықтарын өзгертуге  болады.  Соның нәтижесiнде  қоғамдық  құрылыс 

түбiрiмен өзгерiске түседi деп санаған. Сонымен бiрге, К.Боулдинг шиеленiстiң алдын-алу 

керек немесе шектеп отыру керек деп есептеген. 

Саяси шиеленiстерге ерекше көп көңiл бөлген марксизм. К. Маркс пен Ф. Энгельс 

«Коммунистiк  партияның  манифесi»  атты  еңбектерiнде  тап  күресi  таптық  қоғамдардың 

дамуының заңдылығы деп жазады.  

2 Шиеленiс шығуының бiрнеше себептерi бар,  мәселен

Шиеленiстiң  бiрiншi  себебiне,  адамдардың  қоғамдағы  мәртебесi,  қызметi,  билiкке 

қатынасының  теңсiздiгi  жатады.  Қоғамда  адамдардың  бiр  тобы  үстемдiк  етедi,  екiншiсi 

көпшiлiк адамдар бағынады, алғашқылардың айтқанын iстейдi.  

Шиеленiстiң  екiншi  себебi,  қоғамдағы  адамдардың  сұраныстарының,  мұқтаждық-

тарының,  мүдделерiнiң  өтелмеуi  немесе  қанағаттандырылмауы.  Бұдан  байқайтынымыз 

шиеленiс мәңгiлiк, өйткенi қоғамдағы барлық адамдардың, барлық уақытта мүдделерiнiң, 

талап-тiлектерiнiң орындалуы мүмкiн емес. Ондай қоғам еш жерде жоқ. 

Шиеленiстiң  үшiншi  себебi,  қоғамда  әр  түрлi  әлеуметтiк,  этникалық,  дiни  т.б. 

бiрлестiктерге  жататын  адамдардың  өмiр  сүруi.  Осы  жоғарыдағы  ерекшелiктерiне  сай 

қоғамнан  орын  алуы  мүмкiн,  онда  өздерiнiң  жағдайларына  қанағаттанбай,  басқалардың 

қысымын сезiнуi. Бұл шиеленiстiк ахуалды тудырады. 

Шиеленiстiң төртiншi себебi адам санасында. Қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен 

жеке адамның түсiнiктерiнiң сай келмеуi, адамдар үмiтiнiң ақталмауы, iшкi сезiмдерiнiң сай 

келмеуi. 

Саяси шиеленiс дегеніміз саяси субьектiлердiң саяси қызығушы-лықтарының, 

құндылықтары,  мақсаты  мен  көзқарастарының  қарама-қайшылықтарына  

негiзделген  қақтығыстар  мен  күресулер.  Саяси  шиеленiс  ұғымы  бiр  субьектiлердiң 

екiншiсiмен  саяси  қатынас  жүйесiне  ықпал  ету  мақсатындағы  күресiн  бiлдiредi.  Саяси 

шиеленiс әлеуметтiк шиеленiстен ерекшелiгi, ол барлық азаматтар үшiн мiндеттi, мүдделер 

мен  мемлекеттiк  билiк  субьектiлерi  арасындағы  өзара  әрекет.  Саяси  шиеленiстердiң 

обьектiсi  мен  пәнi  саяси  және  мемлекеттiк  билiк,  оны  иелену,  билiк  институттарының 

құрылымы, әлеуметтiк топтардың саяси статусы, саяси құндылықтар мен рәмiздер болып 

табылады. Мұнда әңгiме адамзат индивидi, топтар, билiктi алып жүрушi ұйымдар туралы 

болып отыр. Әрбiр саяси жүйе өзiндiк саяси статустық құрылымға ие: бiрi үстемдiк етедi, 

бiрi бағынады, бiрi басқарады, бiрi басқарылады т.б. Бұл моделдердiң әрқайсысына билiк 

субьектiсi  мен  оның  обьектiсi-  үстемдiк  етушi  мен  бағынушы  арасындағы  қарама-

қайшылық енгiзiлген. Бұл саяси шиеленiстiң көзi болып табылады. Оның болуы обьективтi 

және субьективтi себептер мен жағдайларға байланысты. 



Саяси  шиеленiстер  даму  барысында  бiрнеше  кезеңдерден  өтедi.  Алғашқы 

кезеңдерiнде  шиеленiстерге  негiз  туады.  Оларға  қажеттi  көңiл  бөлiнбесе  өрши  түседi. 

Мысалы, адамдардың өмiр сүру деңгейi төмендейдi, құқық сақтау, адамгершiлiк тәртiптер 

бұзылады.  Әдiлетсiздiктi  бұрынырақ  сезетiн  қарсы  жақтың  алдыңғы  қатарлы  адамдары 

өздерiнiң келiспеушiлiктерiн бiлдiре бастайды. Екiншi кезеңiнде, келiспеушiлiк, наразылық 

ашық  айтылып,  алғашқы  қақтығыстар  болуы  мүмкiн.  Шиеленiстер  кезiнде  басқарушы 

топтың  әр  түрлi  қылмыстары  ашылып,  беделдерi  кетiп,  сенiмсiздiк  туады.  Одан  кейiн, 

үшiншiден екi жақта ашық қарсылық, қақтығыстар болуы мүмкiн. Екi жақты да адамдардың 

көпшiлiк топтары қолдап, даудың шеңберi кеңеюi мүмкiн. Егер мұның бәрiне жол табылып, 

шешiлмесе, қарулы қақтығысқа айналады. 



Саяси  шиеленістердің  түрлері.  Шиеленістердің  алғашқы  классификация-сын 

жасауға талпынған американдық социолог П. Сорокин. Ол шиеленісті тұлғааралық немесе 

топаралық,  яғни  жеке  адам  немесе  әлеуметтік  топтар  арасында  деп  бөлуді  ұсынды.  Бұл 

классификация  бойынша  халықаралық,  этникалық,  және  т.б.  басқа  шиеленістер  екінші 

топқа енеді. 

Кейінен ғалымдар шиеленістің нақты классификациясын жасауғ,а тырысты. Оны К. 

Боулдинг,  Й.  Галтунг,  С.  Чейс,  К.  Холсти  жасады.  Бұл  классификациялардың  барлығы 

зерттеуші ғалымдар шиеленіс феноменнін қалай түсінетіндігін көрсетті. 

   Шиеленістің  дәстүрлі  классификациясында,  шиеленістер  мына  негіздер  бойынша  

анықталынады:  

1  оған  қанша  жақтар  қатысады,  шиеленістің  тікелей  және  жанама  қатысушылары 

қандай.  Бұл  өлшем  бойынша  ішкі,  халықаралық,  өлкелік  шиеленістер,  дүнеи  жүзілік 

соғыстар  жіктелінеді.  Егер  қатысушылар  екеуден  көп  болса,  ол  көпжақты,  бұндай 

шиененісті реттеу қиын болады.; 

2 шиеленістік  өзара әрекеттің  жылдамдығы мен сипаты қаншалықты, шиеленіс тек 

шиеленістік  қатынаспен  ғана  шектеледі  ме  әлде  қарулы  қақтығысқа  орын  берелді  ме. 

Жауласу деңгейі жоғары болған сайын шиеленісті реттеу де қиын болады. 

Қарама-қайшылық  негізі  не  (этникалық, діни, идеология) және айтыс-тартыс пәні не 

(территория, ресурстар, ықпал саласы). Бұл параметрлер бойынша  шиеленісті анықтау өте 

қиын, онсыз реттеу де қиынға соғады.  

Американ ғалымы Дж. Стоссинджер пікірі бойынша ХХ ғасырдағы көптеген қарулы 

қақтығыстардың  болуының  себебі  саяси  лидерлердің  қабылдау  қателіктері  болды.  Бұл 

қателіктер мыналарда бейнеленді:  

1 өз мүмкіндігін дұрыс бағаламау; 

2 қарсы жақ лидерін бұрыс бағалау, оның тұлғалық сапасын ескермеу; 

3 қарсы жақтың ойындағысын қате қабылдау, олардың күшін, мүмкіндігін ескермеу. 

Саяси шиеленiстi саясаттану ғылымында жiктеудiң мынадай түрлерi кездеседi: 

1 Көрiну саласы мен облысы бойынша, мұнда iшкi және сыртқы саяси шиеленiстер 

көрiнiс  бередi.  Халықаралық  шиеленiстер  «соғыс  жағдайындағы»  шиеленiс,  онда  бiр 

мемлекет екiншiсiне талаптар қоя отырып, екiншi мемлекет күрескеннен гөрi шегiнiстерге 

барады деп үмiт күтедi.  

«Жауласушылықты  ақтау»,  көбiнесе  арандатушылық  әрекет,  қалыптасқан  ахуалда 

орындалуы мүмкiн емес талаптар қойып, екiншi жақты әдейi қақтығысқа шақыру (гитлерлiк 

Германия). 

2 lшкi саяси шиеленiстiң өзi әр түрлi билiк субьектiлерi арасында өтедi. Билеушi және 

оппозициялық  элита,  бәсекелесушi  партиялар  мен  мүдделер  тобы,  орталық  билiк  пен 

жергiлiктi билiк құрылымдары арасындағы шиеленiстер. 

3  Нормативтi  реттелу  деңгейi  мен  сипаты  бойынша.  Бұл  жағдайда  институттанған 

немесе институттанбаған шиеленiстердi айтуға болады, адамдардың саяси ойын ережесiне 

бағыну немесе бағынбау қабiлеттiлiгiн айтуға болады. 

4 Сапалық сипатына қарай шиеленiстi бөлу,  «терең» және «таза» шиеленiстер (Дж. 

Бертон);  адам  санасына  байланысты  «нөлдiк  сомадағы»  немесе  «нөлдiк  емес  сомадағы» 



шиеленiстер (П. Шарон); антогонистiк немесе антогонистiк емес шиеленiстер (К. Маркс). 

5 Ашық және жасырын саяси шиеленiстер: 

1 манифестация, шеру, сайлауға қатысу. 

2  жасырын  саяси  шешiм  қабылдауда  билеушi  элита  арасында  кездеседi  немесе 

билiктiң әр түрлi тармақтары арасында болу мүмкiн. 

6  Мерзiмiне  қарай  жылдам,  қысқамерзiмдiк,  ұзақмерзiмдiк  шиеленiстер  болып 

бөлiнедi. 

7 Тiк немесе көлденең саяси шиеленiстер де болады. 

Кейде  билiк  басындағылар  шиеленiстi  байқаса  да  байқамағансуы  мүмкiн.  Ондайда 

шиеленiс бықсып, жанып өрiстеуi мүмкiн. Сондықтан, шиеленiстi шешу керек. Бұрын одан 

шығудың екi жолын қолданған: 

1  қоғамның  «таза»  дамуына  сәйкес  келмегендi  өз  арасынан  аластатып  сыртқа 

ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келген. 

2  керексiз  жағдайды,  құрылымды  тура  жаншып  құрту,  жою.  Бұл  шиеленiстердi 

шешудiң екi жолында шиеленiс шешiлген сияқты, алдамшы түсiнiк бар. Ал, шын мәнiнде 

ол ауруды iшке тыққанмен тең. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет