САЯСИ ҒЫЛЫМДА ДЕИДЕОЛОГИЯ МЕН РЕИДЕОЛОГИЯ БІРНЕШЕ КЕЗЕҢДЕРІН БӨЛІП КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ:
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ ҚҰРЫЛЫМЫ
саяси билік, саяси үдерістер туралы, ғылыми қоғамдастық әзірлеген тұтастай саясат туралы пайымдар немесе пікірлер жиынтығы, олар арқылы қандай да бір саяси оқиғалар, үдерістер, қоғамда болып жатқан құбылыстар түсіндіріледі.
Саяси теориялар
Саяси идеалдар
мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын асқақ мақсаттар мен міндеттер жиынтығы, саяси құрылымның ең үздік нысаны, саяси қайраткерлер үлгісі.
Саяси нормалар
қоғамдағы бірлікті нығайтуға ықпал ететін тұлғаның және әлеуметтік топтардың саяси қызметін реттейтін саяси әрекеттердің, тыйымдардың, стандарттардың жиынтығы
Саяси қағидаттар
саяси жүйенің негізін құрайтын және қоғамдағы сабақтастық пен заңдылықты қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық ережелер жиынтығы. Мысалы, Қазақстан біртұтас мемлекет болып табылады, сондықтан елде біртұтастық қағидаты қолданылады, бұл біртұтастық мемлекеттің құрамдас бөлігінің егеменді белгісі болмайтынын білдіреді.
Саяси көзқарастар
Жұмыс істеп тұрған саяси режим, саяси жүйе, тұтастай саясат туралы адамның сенімдері мен құндылықтары, пікірлері жүйесі. Саяси көзқарастардың қалыптасуына адам ұстанатын дін әсер етеді, бұдан өзге тұлғаның саяси көзқарастары оның саяси әрекетіне саяси қатысуы мен белсенділігіне де әсер етуі мүмкін.
Саяси ұрандар
Әрекетке шақыратын қысқа, нақты үндеулер, идеологияның негізгі идеясын білдіретін кең және есте қалатын сөз тіркесі.
Достарыңызбен бөлісу: |