Лекция саяси мәдениет пен идеология, саяси әлеуметтену саяси мәдениет түсінігі мен мазмұны саяси идеологиялар: ТҮсінігі мен түрлері



бет5/11
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85654
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 6 КАЗ

САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ ФУНКЦИЯЛАРЫ




Функциялар

Негізгі мазмұны

1

Дүниетанымдық

идеология арқылы адамдардың қолданыстағы саяси, экономикалық, қоғамдық үрдістерге қатынасы мен оларды бағалау көзқарасы қалыптасады, сонымен қатар адамдар қандай да бір саяси оқиғаларды, құбылыстарды өзінің мақұлдайтын немесе сынайтын көңіл-күйін білдіреді.

2

Интегративтік

белгілі бір идеологияның басты идеялары мен құндылықтары жұмылдыруға, әлеуметтік немесе саяси топтың бірігуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде саяси күштердің шоғырлануын және саяси мақсаттарға мейлінше тиімді түрде қол жеткізуін қамтамасыз етеді

3

Жұмылдыру функциясы
 

идеология әлеуметтік топтың өз саяси мүдделері үшін күресте ұйымдасуына немесе топтасуына ықпал етеді, өз саяси мақсаттарына жету бойынша белгілі бір әрекеттерге итермелейді.

4

Мақсат құраушы немесе насихаттық

белгілі бір идеология негізінде мемлекет дамуының стратегиялық бағыты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері әзірленеді, елдіңкелешек дамуының өзіндік моделі немесе жобасы жасалады.

5

Сыни

әлеуметтік топтардың идеологияның басты құндылықтарын тарату және қабылдау дәрежесіне қарай орнықты қатынастар мен көзқарастар дамиды, бұл өз кезегінде жағымсыз, ыдырату идеяларын сыни дамуына ықпал етуі мүмкін. Егер идеологияның басты құндылықтарымен қоғам мүшелерінің көпшілігі келіссе, онда бұл құндылықтар жүйесі қоғамды жалған, тексерілмеген идеялардың енуінен қорғауы мүмкін.

6

Әлеуметтендіру функциясы

саяси қызметті жүзеге асыру үшін қажет саяси әрекеттің, саяси нормалар мен құндылықтардың, саяси сенімдердің, саяси ұстанымдардың, білімдер мен дағдылардың үлгілерін, стандарттарын мақсатты түрде, жүйелі және дәйекті меңгеру үрдісі

7

Билікті заңдастыру функциясы

идеология саяси ақталулар мен қандай да бір саяси шешімдердің негізі бола алады, оған қоса ол мемлекеттік келешектегі образын, мемлекеттік органдардың пәрменді имиджін жасауға, заңдылықты қамтамасыз етуге әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет