Лекция тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы Лекцияның оқыту нәтижелері


Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері



бет2/6
Дата03.11.2023
өлшемі45,99 Kb.
#189178
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
LXBPYCHKUYMM30102023092355

2.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
1905-1907 жж. Орыс революциясының Қазақстанға әсері: ХIХ ғасырдың соңында Ресей капиталистерi Қазақстанда өнеркәсiп өндiрiсiн ұйымдастырып өздерiнiң капиталын әкеле бастады. Қазақстандағы шикiзат, арзан жұмысшы күшi өнеркәсiптi дамытуға қолайлы болды.
Кен өндiрiсi Қазақстанда дами бастаған өнеркәсiптiң маңызды саласы болды. 1896 жылы бiр ғана Қарқаралы уезiнде 70-ке жуық шағын мыс өндiретiн, 170 күмiс-қорғасын, 3 темiр, 2 күмiс-никель, 4 мырыш руднигi, Атбасар уезiнде 15 жерден мыс, күмiс, қорғасын рудниктерi ашылды. Бiрнеше жерден таскөмiр кенi ашылды. Кәсiпорындарын пайдалану үшiн акционерлiк қоғам, әрiптестiк компаниялар орнады.
Өнеркәсiптiң келесi саласы балық кәсiпшiлiгi. Балық өнеркәсiбi Каспий мен Жайық өзенiнiң маңына топтасты. Каспийдiң жағасында 150-ден астам балық аулайтын кәсiпшiлiк болды. Балқаш, Iле, Зайсан, Арал теңiзi, Сырдария өзенiнен балық ауланды.
Өнеркәсiптiң келесi саласы тұз өндiру. Көл, өзендерден тұз өнiдiрiлдi. Өнеркәсiптiң дамуы жол қатынасын жолға қоþды талап еттi. Жайық, Ертiс, Iле өендерiнде кеме қатынасы дамыды. 1876 жылы Саратовты Орынбормен жалғастырған темiр жол iске қосылды. ұасырдың ақырында Орынбор-Ташкент темiр жолы салынып Қазақстан Ресейдiң Орталық бөлiгiмен байланысты.
Өнеркәсiптiң дамуына байланысты жұмысшы табы сан жағынан өстi. 1990 жылы Қазақстанда 11 мыңнан астам жұмысшы, оның 60% қазақтар болды. Жұмысшылардың жағдайы ауыр, жалақы аз, жұмыс 14-16 сағатқа созылды, жұмысшылар жер тамда тұрды. Алғашқы жұмысшы қозғалысы арыздану, қашып кету, стачка сияқты формада жүрiлдi.
Қазақстанда жұмысшы қозғалысының өрлеуі, социал-демократиялық үйірмелер мен топтардың пайда болуы жер аударылған орыс революционерлерінің көмегімен және инициативасымен болды. Мысалы, Петропавловск қаласында 1903 жылы пайда болған социал-демократиялық топ осында жер аударылған бірнеше социал-демократтар — Омбы теміржол шеберханаларының жұмысшылары — күшімен құрылды.
Алғашқы социал-демократиялық үйірмелердің бірі 1902 жылы Орал қаласында “Уралец” газеті баспаханасының жұмысшылары мен қызметкерлері арасында құрылды. Баспахана жұмысшылары бірінші рет бір күндік ереуіл өткізді. Баспаханадағы жұмысшы үйірмесіне басқа, Орал қаласында интеллигенция өкілдерінен тұратын социал-демократиялық үйірме болды, үйірме мүшелері теміржол жұмысшылары, диірмен жұмысшылары, орта оқу орындары оқушылары арасында жұмыс жүргізіп, жалпы-білім және саяси тақырыптарында лекциялар оқыды.
Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды.
Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да — Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты.
Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т.б. жерлерде болды.
1909—1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.
Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 майда Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 июльде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.
1905 жылғы революция жеңiлiске ұшырап революцияның алдында тұрған мақсаты -патша үкiметiн құлату мақсаты жүзеге аспады. Сондықтан Ресейде екiншi революция жасау қажет болды. Бұл революция 1917 жылы ақпан айында жасалды. Бұл революция да алдыңғы революция сияқты бұржуазиялық-демократиялық сипатта болды, революцияны буржуазия бастады, қозғаушы күшi жұмысшылар, мақсаты патша үкiметiн құлату.
Революция жеңiске жеттi. Патша тақтан түстi. Ресейде қос үкiмет орнады. Уақытша үкiмет деп аталатын үкiмет буржуазияның диктатурасы. Сонымен қатар Кеңес үкiметi орнады. Ресейдiң орталығында, барлық облыстарда, уездерде, қалаларда қос үкiмет орнады. Революцияны буржуазия бастап жұмысшылар оның қозғаушы күшi болғандықтан революцияның нәтижесiн бұл екi тап бөлiсiп, осы себептен қос үкiмет орнады.
Революцияның нәтижесiн революцияға қатысқан партиялар түрлiше бағалады. Буржуазия партиясы -кадет революция аяқталды, Ресей капитализм жолына түсiп дамиды деп есептедi. Революцияға қатысқан екiншi партия-социал-демократтар /кейiн большевиктер, коммунистер/ революция аяқталған жоқ, бiз жарты жолға тоқтамаймыз, буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистiк революцияға ұластырамыз деп есептедi. Осы мақсатпен олар «үкiмет билiгi кеңестерге» деген ұран көтердi. Мүның мәнi барлық жерде кеңес үкiметiн нығайту арқылы Уақытша үкiметтi құлатып, билiктi Кеңес үкiметiне өткеру арқылы социалистiк революцияны жеңiске жеткiзу едi. Коммунистердiң бұл үмiтi iске аспады, сондықтан олар шiлде айынан бастап, қарулы көтерiлiске дайындалды.
Ақпан революциясы Қазақстанға да әсер еттi. Патша тақтан құлап қазақ халқы тәуелсiздiкке қол жеткiземiз деп үмiттендi. Қазақстанның барлық жерлерiнде қос үкiмет орнады.
Ресейде социалистiк революцияны бейбiт жолмен, яғни барлық жерлерде Кеңес үкiметiн нығайтып, уақытша үкiметтi құлату арқылы жеңiске жеткiзбекшi болған коммунистердiң үмiтi аяқталмаған соң олар қарулы көтерiлiске дайындалды. Қарулы көтерiлiстiң уақыты жеттi деп есептеген коммунистер жұмысшыларды қаруландырып 1917 жылы қазан айының ақырында қарулы көтерiлiстi бастап Уақытша үкiметтi тұтқындады. Ресейдiң барлық жерлерiнде Уақытша үкiмет құлады. Петербургте Ленин бастаған Кеңес үкiметi билiк басына келдi. Жергiлiктi жерлерде де осылай болды. Кеңес дәуiрiнде қазан оқиғасының маңызын өте жоғары бағалады. Қазан оқиғасы Ресейдi социализм жолына түсiрдi, дүние жүзi халықтарына капитализмнен социализмге өтетiн жаңа дәуiр ашқан өлы Қазан революциясы деген қорытынды жасалды.
Ал шын мәнiсiнде қазан оқиғасы революциялық сипатта емес, табиғи заңдылық негiзiнде үкiмет басына келген буржуазияның үкiметiн құлатып үкiмет билiгiн коммунистер тартып алды. Ресейдi табиғи даму жолынан тайдырып социализм жолына түсiрдi. Сондықтан қазан оқиғасын ғалымдар бүгiнгi таңда мемлекеттiк төңкерiс деп сипаттайды.
Қазан төңкерiсi Қазақстанға да әсер еттi. Қазақстанның барлық жерлерiнде уақытша үкiмет құлап кеңес үкiметi орнап жатты. Қазан төңкерiсiнiң нәтижесiнде Қазақстан социализм жолына түстi деп есептелдi. Бiрақ Қазақстанда орнаған социализм халыққа оң нәтижесiн бермедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет