Лекция тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы Лекцияның оқыту нәтижелері


«Алаш» партиясының негізгі бағдарламалық ұстанымдары



бет4/6
Дата03.11.2023
өлшемі45,99 Kb.
#189178
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
LXBPYCHKUYMM30102023092355

«Алаш» партиясының негізгі бағдарламалық ұстанымдары. Алаш қозғалысының жетекшілері ұлттық және мемлекеттік құрылыстың негізгі тұжырымдамаларын әзірледі. Партия бағдарламасының негізгі демократиялық құндылықтары: тұлға және сөз еріктігі, тең құқықтық, мемлекеттік биліктің зайырлы болуы міндеттерін шешуді көздеді.
«Алаш» партиясының бағдарламасының жобасын Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Ғұмарұлы, Е.Тормұхамедұлы, Ғ.Жөндібайұлы, Ғ.Бірімжанов және тағы басқа Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері әзірледі.
Бағдарлама жобасы 10 тараудан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік һәм сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі.
Алаш партиясының бағдарламасында социал-демократтық идеялар нақты көрінс тапты. Бағдарламада тегін білім беру және медициналық қызмет көрсету; демократиялық сайлау, соның ішінде әйелдердің тең құқықтығы жарияланып, халықтық милиция және әкімшілік мекемелер құру мәселелері жоспарланды.
Алаш қайраткерлері әзірлеген партия бағдарламасы мемлекеттің құқықтық негізгі құжаты ретінде халықтың қолдауын тапты. Алаш идеяларының өзектілігін бұдан әрі 1936 жылғы ҚазКСР Конституциясы және тәуелсіз Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ресми құжаттарымен жанама дәлелдеді.


Оқытудың техникалық құралдар слайдтар, презентациялар, электрондық оқулық
Лекцияның оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі
Күрделі деңгей:
1.Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа ұстанымдар туралы тұжырымдаңыз
Орта денгей:
1.Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі туралы сипаттаңыз
Жеңіл денгей:
1.Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері туралы баяндаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет