Семинар сабағында орындалатын тапсырмалар: 1-тапсырма



Дата28.01.2018
өлшемі243,44 Kb.
#35550
түріСеминар
СЕМИНАР САБАҒЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР:
1-тапсырма.

а) Мәтінді түсініп оқыңыз: мәтін не туралы, негізі ой-тұжырым қандай?

ә) Мәтіндегі басты мәселенің қазіргі кезеңде де өзектілігі туралы өз пікіріңізді тұжырымдаңыз.

б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

в) Мәтіннің қысқаша мазмұны жазыңыз.

г) Мәтіннің маңызды бөліктерін анықтаңыз.

ғ) Мәтінге тақырып қойыңыз.
«Қазақ білімпаздарының 1-съезі» бекіткен қағидат негізінде толықтырылып, жүйеленген терминология қағидаттары жөніндегі баяндаманы Бакуде өткен Бірінші бүкілодақтық  түркологиялық құрылтайда А.Байтұрсынұлы жасады.  Ол қағидаттары  мыналар: а) Ең алдымен термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу. Бұл қазақ тілінің жоғарыдағылар мен төмендегілердің, дәлірек айтқанда, сауаттылар мен сауатсыздардың тілі болып жіктелмесі үшін керек. Қай жерде  және кім бастырып шығарса да баспа өнімдері, газет-журналдар, кітапшалар  пайда әкелуі үшін, тіл қалың көпшілікке түсінікті болуға тиіс. Сонда аз ғана пайызды  құрайтын сауаттылар көптеген сауаты жоқтарға қызмет көрсете алады. б) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден   алу. Олай етуіміздің себебі: 1) туыстас тілдердің көптеген сөздерінің тұлғалары бірдей болмаса да олар ортақ түбірден тараған, сол себепті туыстас емес тілдердің сөздеріне қарағанда оларды түсіну жеңіл және естігенде де айтқанда да бөтен болып  сезілмейді; 2) түркі халықтары қашанда өзара қарым-қатынаста болған  және бола береді, сондықтан да бір тілдің көптеген сөздері ортақ түбірден өрбімесе де өзге тілдің тұтынушыларына таныс болуы мүмкін.   в) Жаппай  қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ  тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек. Оларды алмастыруға болатын қазақ   сөздері болған жағдайда таңдауды қоғамның өзі жасауы үшін, екеуі де қатар алынуы тиіс. Жаппай қолданылатын деп біз араб сөздерін  емес, қазіргі кең  тараған европа сөздерін айтып  отырмыз. Араб сөздеріне қарағанда оларға басымдық беріп отыруымыздың себебі біз қазір араб емес европа мәдениетіне ден қойып отырмыз. Европа мәдениетінің барлық жетістіктері тұтастай европа тілдерінде атала алады. Алайда кірме терминдер біздің қазақ тілінің айтылуына бағынуға тиіс, яғни оларға тілдің қалыпты артикуляциясынан бастау алатын   біздің тіліміздің дыбыстық заңдылықтары үстемдік етуі (таратылуы) керек. Шет  тілдерінің сөздерін өзіміздікі ету үшін, бұл міндетті түрде солай болуы қажет.  г) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл  қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек. Бұл дегеніміз, біріншіден, құрамында қазақ тіліне жат дыбыстары бар барлық сөздердің тиісті төл дыбыстарымызбен алмастырылады, екіншіден, кірме сөздердің жұрнақтары қазақ жұрнақтарымен қабылданады, төртіншіден, қазақ тіліне жат қосымшалар Оренбург-Орынбор, Самара-Самар, пуховой-бөкебай, покров-боқырау, Адамовский-Адамау т.б сияқты тілге қажетті талап шеңберінде өзгертілуге тиіс» [150, 417-425].
2-тапсырма: Осы мәтін бойынша:а) Тіл білімі терминдерін теріп алып, сөйлемдегі қызметі мен орнын анықтаңыз.

ә) Тақырып қойыңыз.

б) Концептуалдық кестесін жасаңыз.

в) Мәтіндегі терминді тауып, соған меңгерілген сөзді табыңыз.

г) Терминмен сөз тіркестерін құраңыз.

д) Оң жақтан сәйкес терминдерді табыңыз.

е) Мағыналарына қарай топтау.

ж) Жасалу жолын табыңыз.



з) Халықаралық терминдердің орнына төл сөздер қойыңыз.
3-тапсырма.Мәтінді оқып, тіл білімі терминдерін тауып, Ғ.Қалиевтың «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі» сөздігі бойынша мағыналарын түсіндіріңіз.
Стильаралық фразеологизмдерден ауызекі сөйлеу стильіне тән фразеологизмдердің 2 түрлі айырмашылығы бар. 1) Тек ауызша қолданылатыны; 2) төменсіну, кекету, еркелету, қалжың мән-мағынасы басым болып келеді. Мысалы: Малтасын езу – (көп сөйлеу), төбесі тесік (тіл біледі деген мағынада), аруақ атсын, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты, құлақ миын жеу, т.б. Ауызекі сөйлеу тіліне тән фразеологизмдер әрқашан образды ұғымды аңғартатындықтан,олардың мағыналарын жеке сөзбен беру мүмкін болмайды.Айталық малтасын езу – сөйлеу, құлақ миын жеу – жалықтыру, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты – ұрысты деген синонимдермен салыстырсақ фразеологизмдегі әлдеқайда кең айтылған мағынаны тарылтып түсінген болар едік.

Кітаби стильге тән фразеологизмдер.Бұл топқа жататын фразеологизмдердің ауызекі сөйлеу тіліне тән фразеологизмдерден өзгешелігін екі белгімен атауға болады: 1.Тек жазба текстерде қолданылатындығы; 2.көтеріңкі салтанатты, поэтикалық бояулары қанық болып келетіндігі. Олар да өз ішінде терминологиялық, поэтикалық (көркем әдебиет стилі),публицистикалық фразеологизмдер деп үшке бөлінеді. Мысалы, тағдыр тәлкегі, әуе кеңістігі,шешуін табу, шеп бұзды, хан көтеру, тақтан түсу, өнер тапты, өнеге алды, ой салды, қайшы келді, сұрау белгісі, леп белгісі, құрмалас сөйлем, түбір етістік т.б. [151, 64].
4-тапсырма. Мәтінде кездесетін терминдерді қолданып, мәтін мазмұнын анықтайтын концептуалдық кесте жасаңыз.
Қос қызметті аффикстер.Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша термині алғашқы грамматикаларда «приставка», «послелог», «частица» делініп түрліше аталды. «Қосымша» терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің орнына «үстеу» терминін қолдануды ұсынған.

Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды [4, 226 б.].

Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның «Лекциялар курсы» қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов «Екі функциялы аффикстер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1973).

Қазақ тіл білімінде жоғарыда аталған қосымшалар Ә.Болғанбаев, Ә.Төлеуов, Ибатов, Ғ.Қалиев, М.Томанов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар еңбектерінде сөзжасамдық қырынан біржақты ғана қарастырылған.

Бұл аффикстердің форма тудыру қызметін ашып айтпағанмен, өзіндік ерекшелігіне баса назар аударған Ғ.Мұсабаев пен Н.Оралбаева болды.

Бұдан кейінгі кезекте әртүрлі пікір қалыптастырып, әр бағытта қарастырылып жүрген аталған қосымшалар туралы айтқан Ы.Е.Мамановтың пікірлеріне жүйелі түрде талдау жасалады. Бұл қосымшалар А.Ә.Жаңабекованың кандидаттық диссертациясында талданып, Ы.Мамановтың тұжырымдарын басшылыққа алады [152, 9-10].

5-тапсырма.Мәтінді оқып, терминдерді А.Байтұрсынұлы терминдерімен салыстырмалы кесте сызыңыз.
1939 жылы шыққан орталау және орта мектепке арналған С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» жай сөйлемге қатысты аралас баяндауыш [153] десе, ал құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты бірнеше терминдер берілген.

1.Бейтараптық салалас сөйлем.

2.Нұсқаулы сабақтас сөйлем.

3.Сілтеулі сабақтас сөйлем.

4.Тіркесті салалас сөйлем.

5.Үдетпелі салалас сөйлем.

6.Іргелі сабақтас сөйлем.

М.Балақаевтан жай сөйлем синтаксисіне байланысты 1.Зат анықтауыш; 2.Қосалқы анықтауыш; 3.Сын анықтауыш [154, 128],ал құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты дара бастауышты сабақтас сөйлем [154,136] деген терминдерді кездестіреміз.

Қ.Жұбанов еңбектерінде де «леп сазды сөйлем [155,141], негізгі мүшелер [155,144] сұрау сазды сөйлем, хабар сазды сөйлем» [155,141], ал тыныс белгісіне қатысты «көп ноқат ноқат» [155,141] сияқты қазіргі кезде қолданылмай, бірақ уақытында белгілі дәрежеде пайдаланылған терминдер жеткілікті.
6-тапсырма.Мәтінде қамтылған қандай терминдер мен еңбектер бар, олар жөнінде тағы қандай мәліметтер білесіз, әрі қарай толықтырыңыз.
Терминологиялық сөздіктер саны мол.Бұл соның ішіндегі мамандыққа қатысты лингвистикалық терминдерді қарастырмақпыз.Орыс тіліндегі ең жинақы, әрі толық сөздік О.С. Ахманованың сөздігі болса [71], қазақ тілінде С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың лингвистикалық терминдер сөздігі бар екендігі айқын [76]. Сол сияқты қазақ тіліндегі жалпы лингвистикалық терминдер туралы Ж.М.Молдажаров кандидаттық диссертация қорғады [156]. Бұл жұмыстарда терминдер тілдің барлық саласы бойынша қаралып,көптеген мәселелер сөз болады.Әрине, лингвистикалық сөздіктердің қолданылу аясы, дамуы өте күрделі мәселе.Қоғамның басқа да салаларының өсуі сияқты лингвистикалық терминдерде де О.С.Ахманованың сөзімен айтқанда, «соңғы ширек ғасыр ішінде лингвистикалық мектептердің саны мен алуан түрлері шектен тыс ұлғайып қана қоймай, лингвистикакалық ұғымдар мен терминдер де орасан зор өсті» [71,4].Міне бұған қарағанда лингвистикалық терминдерді тілдің қай саласы жағынан болмасын жан – жақты даму үстінде деп білген жөн.Тілдің орфография, орфоэпия, графика, фонетика, фразеология, лексика, сөз тудыру, морфология, синтаксис бұларға қоса тіл мәдениеті, стилистика мәселелері, тарихи грамматика, әдеби тілдің тарихы, диалектология, лексикография және жалпы тіл білімі, есептеу машинасы, экспериментальды лингвистика және методика, т.б әрқайсысы әртүрлі тарихи дәуірлерге сәйкес өзіне тән түрлі терминдерді енгізіп отыр.

Қазақ тіл білімінде «құрмалас сөйлем» деген терминді енгізген А.Байтұрсынұлы құрмалас сөйлем табиғатына тән басты қасиет ретінде құрмаласушы сөйлемдердің ішкі мағыналық және сыртқы қисындық жақындықтарын көрсеткен еді [54, 300].
7-тапсырма. Мәтінді оқып, автордың ой-пікірін дәлелдейтіндей, баспасөз беттерінен сәйкес терминдер теріңіздер.
Ə.Қайдаров былай дейді: «Қазақ тілі терминологиясы əртүрлі жағдайларғабайланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптеріжаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып,термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының нəтижесінде əркімніңөз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыруы тəріздібейберекет «бұқаралық» əрекетке (анархия) жол беріле бастады» [130, 4].
8-тапсырма: Ғ.Мұсабаевтың терминге берген анықтамасына ой-пікіріңізді қосып, әңімелеңіз.
«Термин сөздерге мына төмендегідей 3 түрлі шарт қойылады.а) Термин болу үшін сөздің мағынасы біреу-ақ болу қажет,оның екінші, қосымша, ауыс мағыналары болмау керек. Өйткені Қазіргі қазақ тілі лексикасы ауыс мағына – жалпы халықтық (жалпылама) лексикаға тəн. Жал-пы халықтық мəнге ие болған сөз тар көлемдегі термин шеңберіне симайды. Ондай атаулар жаңа сөз жасауға база болады, ауыс мағынада қолданылады, жалпы халық түсінеді. Сондықтан ол жалпы халықтық лексикаға ауысып кетеді. Соның нəтижесінде: электр, коммунист, совет, социализм, математика, физика, тағы басқалар бұрын термин болса, осы күнде терминнен шығып, жалпы халықтық лексикаға ауысты. Ұлт лексикасының ең ардақты саласы, жалпы халық қазынасы – жалпылама (жалпы халықтық) лексика болып табылады. Сөйтіп, термин атаулар – жалқы мағынада болып, басқа ұғымдармен шатаспайтын, нақты болуы шарт. ə) Ғылымның бір саласының ғана мамандары қолданатын болуы шарт. Елімізде мəдениеттің жоғары сатыға көтерілуіне байланысты көптеген терминдер бұл шартқа сай келмейді. Дегенмен бұл шартқа сай келетін терминдер де өте көп.б) Терминдер конкретті заттардың атауы емес, ғылымның тар аясындағы дерексіз ғымдардың атауы болуы шарт. Ендеше, трактор, электровоз, теплоход сияқты атау сөздер терминнің анықтамасынан тыс қалады. Сөйтіп, нағыз ғылыми термин – бір мағыналы, тар көлемді дерексіз ғылыми ұғымның атауы. Қазақ тіліндегі ғылыми терминология мəселесі Октябрь дəуірінен кейін ғана тəртіптеліп, жөнге түсіп, негізінен кейінгі он жылдың ішінде ғана жолға қойылды деуге болады. Қазақ тілінде қазіргі кезде ғылым мен техниканың барлық саласындағы терминология жасалып болды деп айта аламыз. Ғылыми ерминологияның элементтері Октябрь революциясына дейін болғаны да сөзсіз. Мысалы, революция, коммунизм, социализм, болылевик, алгебра, география, управление, начальник, сот, облыс, т.б. орыс мəдениетінің белгілі ұғымдарын қазақ тіліне қазақтың XІX ғасырдағы ағартушылары біраз енгізген болатын. Бірақ бұл сөздердің кейбіреулерінің аудармасы тым өрескел, ал кейде түсіндірме ретінде беріледі. Тілде бұл термин сөздергемағынасы сай келетін баламалар табылмаған жағдайлар да болды. Бірақ, соның өзінде де, бұл терминдерді аударды. Мысалы, революция (ол уақытта термин еді) сөзін бұрынғы аудармашылар төңкеріс деп аударды, оның мағынасы орыс тіліндегі переворот» [157, 271].

9-тапсырма. Мәтіндегі терминді тауып, соған меңгерілген сөзді табыңыз.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі-мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады.Мысалы,химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады. Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция моментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кез келген айналыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель,ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моментімен дене массасының сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы, квадратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады.

10-тапсырма.Мәтінге тақырып қойып, қысқаша пікіріңізді жазыңыз.

«Тіл-тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса, немесе аз болса,ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі» деп байбалам салудың бəрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдардың бəрін шет тіл сөздеріарқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытыпотырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы білеміз. Демек, ортақинтернационализмдердің қажеттігі ең алдымен елдің саяси-əлеуметтікжағдайына, даму дəрежесіне, оларға деген сұраным мен қажеттілікке, əр тілдіңөз мүмкіншілігіне байланысты екен»[180, 22].


11-тапсырма. Грек-латын текті сөз жасаушы терминбөлшектер арқылы халықаралық терминдердің жасалу үлгілерін түсіндіріңіз:
гипер-мәтін, -граф(ия), орфо/графия, -(о)лог(ия) морф/(о)/лог(и)я. Неонео/ним, нео/логизм, полиполи/семия, поли/глот, фоно жəне (о)фон(ия) фон/ема, фоно/граф, фоно/логия.
12-тапсырма. Халықаралық терминдер мəртебесі туралы Ш.Құрманбайұлының пікіріне өзіңіздің көзқарастарыңызды қосып, эссе жазыңыздар.
«Өзге тілден енген терминдердің мұндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл əлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыруды, арнайы мəн беруді қажет ететін тіл үшін маңызды мəселе. Мұндай нəрсеге қоғамдық сананың экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен немесе табиғи жолмен өзгергендігін, болмаса мəжбүрлеу жолымен өзгертілгендігін анықтауға негіз болатын тілдік-тарихи дерек ретінде қараған абзал деп ойлаймыз. А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Досмұхамедұлы сияқты ұлт зиялылары бастаған қазақ қауымы өзге тілден енген термин сөздерді «жат сөздер» десе, біз неліктен оларды «интернационализмдер», «халықаралық терминдер» деп атайтын болғанымыз жөнінде шындап ойланып, мұны назараударатын мəселе ретінде қарамаған да екенбіз......». Бізде сонау отызыншы жылдардан бастап күні кешеге дейін терминдердіөзге тілдерден өзгеріссіз қабылдауды прогресшілдіктің, интернационалистік-тің белгісі ретінде қабылдау, солай насихаттау орын алып келді. Тек 90-жылдардан бермен қарай ғана Ə.Қайдар, Б.Қалиұлы, Ə.Жүнісбек...» [60, 214].
13-тапсырма.Төмендегі дублет терминдердің сыңарларын табыңыз.
14-тапсырма.Орфография, лексикография, терминография, морфология, лексикология, терминология, фонология, мономия, монолог, полисемия, фонотека секілді грек-латын текті сөзжасаушы терминбөлшектерді талдаңыз.
15-тапсырма. Сөзжасамдық калька (сөзді дәл аудару) арқылы жасалған терминдерді табыңыз. Мағыналық талдау жасаңыз.

ауыспалы мағына - перенсосное значение, белгі-знак, атаулы сөйлем- назывные предложение, устная речь- ауызекі сөйлеу, бүйір дауыссыздар - боковые согласные, бейнелеуіш сөздер-образоподражательные слова, дауыс үндестігі-гармония согласных, дербес сөздер-самостоятельные слова, сөздік ұя- солвообразовательное гнездо, түбір-корень, түбір сөз –непроизводная форма, бағыныңқы сөйлем - придаточное предлолжение, жақсыз сөйлем - безличное предложение т.б.
16-тапсырма. Берілген тіл білімі терминдерінің антонимін табыңыз.

Антономия мәселесі – терминтануда да кездеседі, яғни жат құбылыс емес. Антономия құбылысы адам өмірінде философиялық тұрғыдан өте кең тараған ұғым. Себебі адамдардың, қоғамның дамуы да қарама-қарсылықтан тұрады.

Жақты- ... сөйлем, жалқы-..., дауысты-..., толымды- ..., тіл алды- ..., өнімді жұрнақтар - ..., моносемия-..., актив- ... сөздер.
17-тапсырма. Берілген терминдердің дублет жасаушы сыңарын табыңыз.
Абстарктілі - ..., уәждеме- ..., суффикс- ..., тосын сөз- ...(окказионал), генетив- ...(Ілік с.), табу- ...(тыйым сөз), ареалдық лингвистика- ...(аймақтық лингвистика), аталым- ..., көптілділік-..., әліпби -..., т.б.
18-тапсырма. Төменде берілген халықаралық терминдерге қосымша жалғаңыз.
космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, планета – ғаламшар, самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, аэропорт – әуежай, пирожное – балтоқаш, бухгалтериия – есеп-қисап, интернет – ғаламтор. 
19-тапсырма. Мәтін ішінен терминдерді тауып, сөздіктер арқылы дефинициясын түсіндіріңіз.


20-тапсырма. Берілген кірме терминдерді сөздермен тіркестіріп, мағынасын түсіндіріңіз.

Денотат, трансформация, транслят, рецептор, селектор, референт, символ, фраза, девальвация.
ТЕРМИНДЕНУ:
1-тапсырма. Б.Қалиевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқу құралындағы терминдердің қазақша нұсқасын талдаңыздар. Автордың жасаған терминдерінің төл терминологиямызды байытып, терминдердің ұлттық сипатын арттыра түсуге үлесін дәлелдеңіз.

лексика – сөзқұрам;

лексикология – сөзтаным;

түрпеттес сөздер – сөз варианттары;

мәндес сөздер – синонимдер;

қарсымәндес сөздер – антонимдер;

тұлғалас сөздер – омонимдер;

айтылымдас сөздер – омофондар;

жазылымдас сөздер – омографтар;

сыпайы сөздер – эвфемизмдер;

тұрпайы сөздер – дисфемизмдер;

тергеу сөздер – табу;

сипаттама сөздер – перифраз;

жұптас сөздер – плеоназм;

елтаным сөздер – этнографизмдер;

көшірме сөздер – калька;

бірқолданым сөздер – окказионализмдер;

жүрдек – актив сөздер;

сырдақ - пассив сөздер;

сөздену – лексикалану;

сөз төркіні – этимология;

сөздікжасам – лексикография;

түйдектаным (қазақ тілінің фразеологиясы);

фразеологизмдер – түйдектер

түрпеттер – варианттар

мәндес сөздер – синоним

қарсымәндес сөздер – антонимдер

тұлғалас сөздер – омонимдер [163, 150-151].

2-тапсырма: Қазақ тіл білімі терминжасамның ұлттық үлгілерін қалыптастыру мəселесінде қосар пікіріңіз қандай?

«Ұлт тіліндегі термин шығармашылығын дамытып, өз тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып та ұлттық терминқорымызды жүйелі қалыптастыруға болатындығын ғылыми негіздеп, терминологияның практикалық жұмыстарын сол бағытта жүргізуге көңіл бөлінбеді. Cалалық терминологиялары жүйеленген бірқатар тілдерде əр саланың өзіндік ерекшелігін, ұғымдар жүйесінің өзара байланысын дəл таңбалай отырып жасалған терминқорлары бар. Олар мұндай жүйеленген терминқор қалыптастыру үшін негізінен өз тілдерінің немесе қажеттілігіне қарай өзге тілдердің қосымшаларын, терминдік элементтерді пайдаланады» [160, 115].

3-тапсырма: Салааралық омоним терминдерінің мағыналарына талдаңыз.

Аббревиатура 1. тіл білімінде, 2. музыкада, акцент 1. тіл білімінде,2. музыкада, морфология 1. тіл білімінде, 2. геологияда, 3. өсімдіктануда, интонация 1. тіл білімінде, 2. музыкада, түбір термині 1. тіл білімінде, 2. математикада, буын термині 1. тіл білімінде ...

4-тапсырма. А.Байтұрсынұлының жасаған терминдерінің жасалу жолдарын түсіндіріңіз:

Жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ,рай, мүше, əдіс , жақша, сызықша, көсемше, есімше, дəйекші, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анық уыш, пысықтауыш, толықтауыш, əуреленіс, күліс, əлектеніс, əліптеме, зауықта ма, мазмұндама, ермектеме, қорытпа ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғау лық, есімдік,дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз,қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пы- сықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем т.б.

ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ:
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған тіл білімі терминдерін меңгертуде орындалатын тапсырмалар.

1-тапсырма. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені «Терминологиялық хабаршыда» бекітілген морфологиялық тәсіл арқылы жасалған тіл білімі терминдеріне талдау жасаңыз.

а). Қосымша арқылы жасалған терминдердіжасалу жолдарын талдаңыз.



төреші (арбитр), төрелік (арбитраж), қауымдастық (ассоциация), зейнеткер (пенсионер), бұрауыш (отвертка), ерітінді (раствор), демеуші (спонсор), тежеуіш (супрессор), жұдырықша (кулачок), қадауша (стояк).

ә). ..., ..., ..., ..., ..., ..., көп нүкте орнына әртүрлі қосымшалы терминдерді қойыңыз.



2-тапсырма. Мәтінді оқып, терминдерге өз сөзіңізбен анықтама беріңіз.

Термин сөздер (терминдер) ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын жалаң сөздер мен күрделі сөздер.Терминдердің өздеріне тән ерекшеліктері (қасиеттері) болады.Ол ерекшеліктер: терминдер - нақтылы ғылыми ұғымның атаулары; терминдер тек ғылыми жүйеде ғана термин бола алады (яғни әр ғылым салаларының өз терминдер жүйесі болады); терминдер тек тура мағынада ғана жұмсалына алады; терминдерде бейнелілік, образдылық, стильдік рең, ауыспалы мағына дегендер болмайды[167, 204].

3-тапсырма.Тіл білімі терминдерін тауып, синтетикалық тәсілмен жасалғандарын талдаңыз.

Профессор Қ.Жұбанов та грамматикаға байланысты зерттеулерінде сөзжасам мәселелеріне айрықша ден қойған. Оның 1936 жылы баспа бетін көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» [8] атты мектепке арналған оқулығының алғашқы бөлімінде морфологияға қатысты ғалымның пікірлері баяндалған. Онда сөздің жалпы морфологиялық құрылымы, оның қандай морфемалардан құралатындығы, сөз таптарының лексика-грамматикалық категория ретіндегі сипаттары анықталған. Сөз таптарын жаңа сөздермен байытудағы сөз тудырғыш қосымшалардың мәні мен қызметі жан-жақты, терең сараланған. Ғалымның «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах», «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» атты зерттеулері арнайы тоқталып өтуді қажет етеді. Өйткені автордың бұл еңбектері шыққанға дейін қазақ тіл білімінде тарихи лексикология мен тарихи грамматика, оның ішінде тарихи морфологияның негізгі әрі басты мәселелері (жекелеген морфологиялық единицалардан-морфемалардан, жеке формалардан, грамматикалық ерекшеліктерінен бастап ірі-ірі морфологиялық категориялардың туып қалыптасып, даму жолдары, сөз таптары жүйесінің дамуы т.б.) жүйелі зерттеу объектісі болмақ түгіл, қазақ тілінің грамматикалық құрылысы диахрондық аспекті былай тұрсын, статикалық тұрғыдан да жан-жақты талдана қойған жоқ еді. Қазақ тіл білімінде 1930 жылдардың ортасына қарай бұл салада алғашқы зерттеулер там-тұмдап қана жарық көре бастағаны белгілі. Қазақ тілінің нормативтік грамматикасы, оның негізгі категориялары, олардың мәні мен қызметі, қолдану аясы мен шеңбері қандай болу керек деген сауалдарға ғылыми жауап әлі жоқ еді. Сондықтан да профессор Қ.Жұбановтың жоғарыда аталған зерттеулері қазақ тіл білімінде осы олқылықтардың орнын толтырған алғашқы зерттеу болды. Жоғарыда аталған алғашқы зерттеуінде автор көмекші етістіктер қимылдың қалай жасалғанын дәлме-дәл көрсетеді дей келіп, оның орыс тіліндегі вид категориясынан мүлде бөлек құбылыс екендігін ескертеді. Бұл зерттеуде ерекше назар аударатын нәрсе - автордың қазақ тіліндегі аналитизм құбылысы туралы айтқан тұжырымдары. Қазақ тіліндегі осы шақ мәнін көрсететін етістіктердің аналитикалық тәсілмен жасалатынын айта отырып, аналитизм түркі тілдерінің барлығына да, соның бірі-қазақ тілінің грамматикалық құрылысында да үлкен орын алатынын атап көрсетеді. Оның пайымдауынша, аналитизм етістіктің грамматикалық категорияларына ғана тән құбылыс емес, жаңа сөз жасауға актив қатысатын сөзжасамдық тәсіл. Ғалым тілдегі қос сөздер мен біріккен сөздердің пайда болуы мен дамуын осы аналитизм құбылысының жемісі деп қарайды. Сөзжасамға қатысты қолданылатын сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, жұрнақ, туынды түбір, кіріккен сөз, қосар сөз, қосымша т.б. термин сөздердің мән-мағынасын айқындайды, сөздің сыртқы тұлғасы мен ішкі мағынасына үлкен мән беріп, сөздің сыртқы тұлғасының өзгеруі өз кезегінде оның ішкі мағынасына да әсер етіп, басқаша сипатта танылуына арқау болатынын айтады. Зерттеуші сондай-ақ сөздің сыртқы көрінісін сөз тұлға деп алып, оның іштей түп мүше мен жамау мүшеге ажыратады. Әрине, бұл жерде оның «түп мүше» деп түбір морфеманы, «жамау мүше» деп қосымшаны меңзеп отырғаны баршаға түсінікті болса керек. Профессор Қ.Жұбанов «Күрделі сөздердің жасалуы» (Образование сложных слов в казахском языке) атты еңбегінде күрделі сөздердің теориясы мен жасалу жолдары, құрамы мен түрлері, аналитикалық тәсіл, оның тілде күрделі аталымдар жасауда алатын орны т.б. хақында теориялық маңызы зор пайымдаулар жасайды .

Аналитикалық тәсіл:

1-тапсырма. Мәтінде белгіленген терминдердің жасалу жолын талдап,семантикалық өрісі мен терминологиялық өрісін анықтаңыз. Аналитикалық жолмен жасалған терминдерді жасалу жолына қарай талдаңыз.

«Сол сияқты қосымша арқылы жаңа сөз жасау тəсілінің жанданып ұштала түскенін, тұлғалы қатыстық сын есімдер -уда, -удетұлғалы баяндауыштар, ырықсыз етіс тұлғалы конструкциялар,терминдік мағынадағы лексикаланған атаулық тіркестер, изафет ІІсияқты т.б. конструктивті тұлғалардың сөйлем үлгілерінің санжағынан көбірек қолданылып, əдеби тілімізде жанрлық-стильдіксипат алуында да мерзімді баспасөздің орны ерекше» [4, 225].

2-тапсырма. Мәтіннен аналитикалық тәсіл арқылы жасалған, тіл білімі терминдерін тауып, мүмкіндігінше төл сөздермен ауыстырып, мәтін мазмұнындағы өзгерістерді айтып беріңіз.

Грамматикалық мағына әртүрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі – грамматикалық формалар. Яғни грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар жалғау, жұрнақ арқылы белгілі жүйе парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі.Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде, зерттеулерде грамматикалық форманы анықтағанда грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық мағынаны түр-түрге бөлмей, грамматикалық форманың ішкі мазмұны ретінде қаралып келді.Сөйтіп, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма деген ұғымдар біреуі әрдайым бір нәрсенің ішкі жағы, мазмұны, екіншісі оның сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік.Бұл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі жағы деп түсіну тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен гамматикалық форма) әр уақытта бір – бірімен балама, сай бола бермейді.Лексикалық мағынаның абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз берілетінін жоғарыдан байқадық .

3-тапсырма. Тіл біліміндегі жұрнақ, жалғаутерминдерімен тіркес жасаңыз. Бірі жалпыхалықтық лексика ретінде, екіншісі тіл білімі терминдері ретінде.
ЗЕРТТЕУШІЛІК-ІЗДЕНІМДІК КӘСІБИ БАҒЫТТАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР.

1-тапсырма.Халықаралық терминдер жөнінде Б.Қалиұлының «Жат сөздер жағадан ала бермесін. Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз» мақаласын оқып, пікіріңізді жазыңыз.

Ол: «Егер халықаралық терминдербүкіл дүниежүзі тілдеріне ортақ екендігі рас болса, ол сөздердің Еуропатілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка; араб, қытай, жапон, үнді, индонезиятілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралықтерминдер делініп жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты сөздерді ШығысАзия (қытай, жапон, корей, вьетнам), араб, үнді, индонезия халықтарыныңтілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қарағанда халықаралықтерминдер дегеніміз, сайып келгенде, белгілі бір аймаққа тəн ортақ сөздер болып шығады», дейді. [94, 38].

2-тапсырма. Тіл білімі терминдер жүйесіне ментальдік карта құрыңыз. Тіл білімі терминологиясы бойынша библиографиялық-хронологиялық көрсеткішін жасаңыз.

3-тапсырма. Жарияланған Қазақ тіл білімі сөздіктерінің хронологиялық кестесін жасаңыз.

4-тапсырма. Ә.Қайдардың, Ө.Айтбаевтың «Қоғамдық ғылымдар терминологиялық лексикасының қалыптасуы мен дамуы» (1992), Ә.Қайдардың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас», Ш.Құрманбайұлының «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі». (1999) еңбектері бойынша тіл білімі терминжасамының ұстанымдарын анықтаңыз.

5-тапсырма. «Кəсіби қарым-қатынастағы тіл білімі терминдерінің маңызды рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.

6-тапсырма.Дандай Ысқақұлының «Түркілік ортақ терминдер негіздері» кітабының аңдатпасын жазыңыз.

7- тапсырма. Төмендегі тіл білімі терминдерінің дифинициясын анықтап, оларменсөйлем құраңыз.

Мүкіс тіл, өсіңкі екпін, өшік дауысты дыбыс, шала үндесім, шашыраңқы дауыссыз, мәнмәтін, сөйлемше,будан сөздер, ғаламның тілдік бейнесі.

8-тапсырма. «Тіл білімі терминдерін түзудегі ұлттық үрдіс» тақырыбына ғылыми мақала жазыңыз.

9- тапсырма. «Ана тілі»,«Қазақ үні»,«Жас алаш» т.б. мерзімді баспасөз беттерінде қазақ терминдері жөнінде жарияланған мақалаларға талдау жасаңыз.

10-тапсырма. «А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» атты диссертациялық жұмысына сарапшы ретінде пікір жазыңыз.

11-тапсырма. А.Б.Жиекбаеваның «Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі» атты еңбегінде қазақ тіл біліміндегі араб,
парсы сөздерінің зерттелу жайы және араб, парсы терминдерініңқазақ тіліне енуінің тарихи-лингвистикалық себептері неде екеніне конспект жасаңыз.

12-тапсырма. Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы жəне əдістемесі» атты зерттеуінде: «Кəсіби тілдесім – тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады: ресми, бейресми, қалыптасқан тілдесім жəне т.б.» пікірінің кәсіби құзыреттілік үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.

13-тапсырма.«Қазақ тіл білімі терминологиясы» вебсайтындағы ақпаратты қолданып, мына тапсырмаларды орындаңыз.

1.Тіл білімі терминдері туралы ақпараттарға талдау жасаңыз, өзпікіріңізді жазыңыз.

2.Халықаралық терминдер туралы өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

3.«Мен тіл маманымын» тақырыбында ойтолғау жазыңыз.


КӘСІБИ-ЖАҒДАЯТТЫҚ ЖАТТЫҒУ, ТАПСЫРМАЛАРЫ
1-тапсырма: Түркі дүниесі тақырыбында конференцияға қатысушы ретінде бейнежазбаны көріп, баяндаманы тыңдап, пікіріңізді білдіріңіз.

2-тапсырма. «Тілші»,«Терминтанушы» топтарына бөлініп, термин алалығы жөнінде пікірсайыс ұйымдастырыңыз.

3-тапсырма. «Қазақ грамматикасы» авторлар ұжымы жазған,А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми кеңесі ұсынған академиялық еңбекболғандықтан 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту тəсілдері тәсілдеріне терминдерден мысалдар келтіріңіз.

4-тапсырма. Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты терминдер бойынша оң және теріс пікірлерді жинақтап, пікіріңізді білдіріңіз.

5-тапсырма. Мәтіндегі курсивпен жазылған сөздердің қазақша баламаларын тауып жазыңдар.Мәтін мазмұнына сүйеніп, мұражайда шетелдік әріптесіңе осы заттарды қалай таныстыратыныңды рөлмен орындаңдар (сұрақ-жауап сипатында).

6-тапсырма.eionet.europa веб адресімен берілген он-лайн сөздікпен танысып, түрік және азербайжан тілдерінен семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерді теріп жазыңыз, қазақ тіліндегі терминдермен салыстырыңыз.

Терминдік талдау - термин (ұғым) мәні мен маңызын түсіну үшін жаңа ғылыми білім алудың қайнар көзі. Тіл білімі ғылымның ұғымдық

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет