Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет10/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Эпентеза (гр. Ерепіһезіз-қыстырылу)-екі дыбыстың аралығында қосалқы дыбыстың келіп кіруі. Мысалы: метр, литр деген сөздер қазақша метір, литір түрінде айтылады. Трактор, трамвай деген сөздердің тырактыр, тырамвай деп айтылуы да осыған мысал бола алады.
Апокопа-кейбір сөздердің соңындағы дыбыстардың түсіп қалу құбылысы. Апокопа құбылысына ұшырайтындар көбіне кірме сөздердің соңынджағы элемменттер. Мысалы, иран тілдерінен енген тахт деген сөздің соңғы дауыссыз дыбысы түсіп қалып, қазақ тілінде тақ (орысша ″трон″) түрінде айтылады.
Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың әлсіреп көмескіленуі, соның нәтижесінде олардың дыбысталуының өзгеруі редукция деп аталады.
Әдетте бір фонетикалық жағдайға ұшырайтындар-екпін: түспеген буындағы дауыстылар. Мынадай түбір сөздерге аффикстер жалғанғанда, түбірдің соңғы буынындағы қысаң дауысты екпіннің аффикске ауысып кетуінен редэукцияланып, мүлдем түсіп қалады:
а) сонор дыбыстардың аралығындағы қысаң дауыстылар: орын+ы › орны, мұрын+ы › мұрны, мойын+ы › мойны, ауыл+ы › аулы;
ә) сонор дыбыс пен ұяң дыбыстың аралығындағы қысаң дауыстылар: ұлұғ+ай › ұлғай, ауыз+ы › аузы;
б) сонор дыбыс пен қатаң дыбыстың аралығындағы қысаң дауыстылар: көрік+і › көркі, бөрік+і › бөркі, халық+ы › халқы.
Тіл-дыбыстау мүшелерінің жұмысының нәтижесі. Физиологиялық жақтан ұқсас бола тұрып, әр ұлттың дыбыстау мүшелерінің жұмысы әр басқа. Солай бола тұрса да тіл-тілдің бәріне ортақ бір заң бар. Ол-үнем, айту, жазуда неғұрлым аз күш жұмсауға тырысу. Қысқарған сөздер-соның нәтижесі.
Дыбыстық үнем сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады, басқаша айтқанда, сөзді ықшамдау деген сөз.
Дыбыс, буын санының кемуі-әсіресе байырғы сөздерге тән құбылыс.
Осы күнгі қосымшалардың көпшілігі-бір кездегі толық мағыналы сөздердің дыбыстық, буын жэақтан ықшамдалуынан жасалғаны белгілі. Бұған факті ретінде –тын,-тін жұрнағы мен көмектес септіктің жалғауын айтуға болады.
Кейбір кіріккен сөздердің буын жағынан ықшамдалып жасалғаны айқын: әкел (алып кел), апар (алып бар), әкет (алып кет), әрмен (әрі таман).
Буындардың кему құбылысы әсіресе сөз бен сөздің, буын мен буынның арасында көбірек ұшырайды. Осы күнгі сосын формасы содан соң сөздердің ықшамдалуынан пайда болған.
Есімшенің өткен шақ (-ған, ген) және көсемшенің келер шақ (-а, -е) формалары жіктіктің жекеше, бірінші жағында айтуда да, жазуда да бір буыны кеміп қалатыны бар : бар-ғам (барғанмын), барам (барамын), келгем (келгенмін), келем (келемін).
Қысқасы, сөздің құрамындағы буындар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады да, бірде артып, бірде кеміп отырады. Мұның өзі сөзге, сондай-ақ тілге оралымдылық, серпінділік беретіні айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет