Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет54/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Фонет 7.15

ОРФОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 
Жалпы қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Графика және орфография – бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика – тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады.Қазақ орфографиясы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік міндеттерге толық жауап беріп отырған,кемел дәрежедегі орфографиялардың бірі. Қазақ орфографиясы бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулардан өтті; қайта қарап, толықтырудың әрбір сатысынан өткен сайын қазақ емлесінің жалпы және жекелеген мәселелері жетіге, жетіле түсті. Дегенмен, тіл ұдайы қозғалыстағы, үздіксіз даму, өзгеру процесіндегі құбылыс екендігін ескерсек,онда оның қалыптасқан,тұрақталған емлелік қағидаларының өзінде де тыңнан қарап, жаңаша тиянақтауды қажет ететін проблемалардың туып отыратындығы – заңды жағдай.
Тарихтың әрқилы даму жолдарынан өтіп, бүгінгі күнге жеткен жазуы бар тілдер адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы болуға тиіс міндетін шама шарқынша атқарып келеді.
Пайда болып, дамып қалыптасуы тарихтың тереңінен келе жатқан қазақ тілінің графикалық формасы осы күнгі қалпына қалай жеткендігін «Қазақ тілі энциклопедиясында» берілген Ә. Қайдардың деректері бойынша былай көрсетуге болады: «Қазақстан жерін мекендеген көне ғұн, сақ, скиф, тайпалары (б.э.б. V-IVғғ.) пайдаланған көне («Есік») жазуы сол тайпаларға тән мәдениетінің, жазуының тарихи мұрагері қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ, Орхон, Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (V-XIIғғ.), көне ұйғыр жазуы, VIIIғ. бастап күні бүгінге дейін (ҚХР қазақтары тілінде) қолданылып келе жатқан араб жазуы, бір кездерде (1929-1940; ҚХР 60-70жж.) қолданыста болған латын жазуы, (1940ж. кейін) кирилл жазуы – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі кезінде А. Байтұрсынұлы тарапынан тіл ерекшеліктеріне сай жетілдіріліп, 30 жылға дейін «төте жазу» деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі принципке негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957, 1970) әр түрлі өзгерістер енгізіліп келеді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 ж. бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізінде қалыптастыру мәселесі қойылып көбірек көтерілуде». Соңғы уақытта латын қарпіне көшу мәселесінің көтерілуінде жалпытүркілік ортақ бір қаріпке түсу, компьютерге бейімделу деген сияқты тағы басқа себептердің бар екені жасырын емес.
Қандай тіл болмасын, оның орфографиясында шешілмеген сұрақтардың қатар өмір сүріп отыруы заңдылық, өйткені тіл бір орында семіп тұрмайды, әрдайым өзге тілдермен қарым-қатынаста қоғам өмірімен бірге өсіп, дамып отырады. Сол себепті тіл мәселесі қай елде болмасын, ауық-ауық күн тәртібіне қойылып отырады.
Орфография (грек orfhosдұрыс, grophoжазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.
Олар:
 Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;
 халықаралық сөздердің жазылуы;
 сызықша арқылы жазылатын түрлері.
Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Ережелер жүйесі:
 дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру,
 сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу,
 сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу,
 бас әріпті пайдалану,
 тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды.
Орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет