Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет55/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Фонет 7.15

Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. 
Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. 
Дәстүрлік принцип – сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу.
Бұған қазақ тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. 
Дифференциялаушы принцип – дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру.
Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік принцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан. Хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну қажет .
Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфография (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, сызба–кестелер
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
1. Морфологиялық,фонетикалық принциптерді талдап түсіндіріңіз.
2. Дифференциялаушы, дәстүрлік принциптерді талдап түсіндіріңіз.


Орта деңгей:
3.Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау қолданылатын қағидаларды мысалдармен түсіндіріңіз.
4.Тіл мәдениетінің басты талаптарын айтып беріңіз.
Жеңіл деңгей:
5. Орфография туралы жалпы түсінігіңізді айтып беріңіз.
6. Орфографияның емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін көрсетудегі ережелерін айтып беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет