Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет41/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15

В.В.Катаринскийдің жобасы
1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Орынбор, 1897) атты еңбегі жарыққа шығады. Ғалым қазақ тілінде 9 дауысты және 15 дауыссыз бар деп көрсете отырып, 21 әріптен тұратын мынадай әліпбиін жариялайды: а (а), е, ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш .
Үкімет тарапынан қазақ әліпбиін ғана емес, сол кезеңдері Ресей отары болып отырған барша түркі тілдес халықтардың жазуын өзгерту арқылы өз ықпалын күшейтуге тырысқан астыртын әрекеттер нәтижесі аяқсыз қалған жоқ. 1906 жылдың 31 наурызында Ресей патшалығының өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң да шығарып қойғанын тарихи деректерден көреміз. Жоспарланған саясаттың астарын білдірмеу үшін 1910 жылы маусымда Санкт-Петербург қаласында өткен кеңесте "орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын", деген қаулы қабылданған болатын .
Жалпы қазақ жазу тарихындағы өзгерістер мен әліпбилердің ауысуы себептерін талдап, салыстыра баға беру нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға тура келеді. Әліпби реформасына байланысты бұл кезде екі түрлі көзқарас болды. Бірінші топ — қазақ тілінің дыбыс жүйесін беруде араб жазуының мүлде жарамсыздығын дәлелдеп, оны басқа әліпбимен ауыстыруға шақырса, екінші топтағылар араб әліпбиін ғасырлар бойы пайдаланып отырғандықтанрухани мұрамыздан қол үзбеу үшін әліпбиді түбегейлі реформалауға қарсы тұрып, тек қана өзгерістер енгізумен шектелу керектігін қолдайды.
А.Е.Алекторовтың жобасы
1892 жылы А.Е.Алекторовтың «Русско-казахская азбука. К мудрости ступенька» деп аталатын еңбегі жарыққа шығады. Жұмыстың көлемі 114 бет. Онда қазақ тілінің 1300-дей сөзі қамтылған. А.Е.Алекторов орыс графикасындағы таңбаларды пайдалана отырып, 38 әріптен тұратын, орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастырады: а, с, ш, у, з, к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ә, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, е, ғ. Алекторов қазақ тіліндегі а-ә, о-ө, ы-і жұп дауысты дыбыстарына арнайы таңба арнайды.
Қазақ тілінің дыбыстық құрамында жоқ ъ, ь, в, ф, ц, ч, щ, я, ю, э, ë тәрізді дыбыстар да алынады. Автор бұл дыбыстарды ең соңынан барып оқытылуы тиіс деп көрсетеді: «Обучение грамоте должно быть начато на природном (казахском) языке учащихся, только в этом случае обучение будет сознательное и не пойдет вразрез с главными педагогическими правилами – идти от известного (казахского) и неизвестному (русскому), от легкого к трудному» дей отырып, «Азбука «к мудрости ступенька» составлена в строгой последовательности, переходя от изучения легких в произношении киргизов к более трудным звукам, что сочетания звуков в слоги и слова – самые легкие и доступные, как показала практика, детям даже шестилетнего возраста» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет