Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы Конференцияға (Баку) Қазақстан атынан барған О. Жандосов1928 жылға дейін қабылданған жобалардың авторларымен бірлесіп жасалған әліпби жүйесімен таныстырады (Жоба Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының қатысуымен жасалған): а /a/, в /б/, c /ш/, ς /ж/, d /д/, e /e/, g /г/, q /ғ/, һ /х/, i /і/, k /к/, q /қ/, l /л/, m /м/, n /н/, ŋ /ң/, o /o/, ө /ө/, j /й/, p /п/, r /р/, s /с/, t /т/, u /ұ/, u /у/, у /и/, z /з/, ь /ы/.
Жобада дауыссыз «қ», «к»; «ғ», «г» дыбыстарына, дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына жеке-жеке таңба арналады, ал дауысты, жіңішке «ә» дыбысы арнайы таңба арқылы белгіленбейді. Сондықтан «ә» фонемасын да арнайы жеке таңбамен белгілеу қазақ зиялы топ өкілдерінің арасында талқылатып, көпшілігі еуропа стандартына сай келетін «ä» таңбасын ұсынады. Бірақ бұл таңба бүкіл түркі халықтары үшін унификацияланған әліпби жүйесіне сәйкес келмейтіндіктен «ә» таңбасы алынады. Сонымен әліпби жүйелерін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңба алынады.
Осыдан кейін ресми түрде барлық мерзімді басылым беттерінде қазақтың жаңа әліпби жүйесі жарияланады. Жалпы бұл әліпби ұлттық жазу негізінде құрылды. Ал ұлттық жазу дегеніміз — ана тілдің дыбыстық жүйесінен ауытқымайтын, ережесі де, әліпбиі де ұлттық дыбыстардың негізінде болатын жазу түрі.
1930 жылы қабылданған әліпби Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады .Олар: