Лекция тақырыбы:Әдебиеттану – сөз өнері жайлы ғылым. Лекция тезисі: : Әдебиеттану сөз өнерін зерттейтін ғылым екені баршамызға мәлім. Оның ішінде өнер түрлерін де қарастырады. Табиғат дүниесінен шыққан жаратылымды дүие бәрі табиғат дүниесі болып табылады. Адам ішінен нәрсенің бәрі өнер дүниесі болады. Өйткені жасалымды нәрсенің істсй шыңына адам ақылы, әдіс - амалы, шеберлігі өнер үшін кіріскен деген қағидасына сүйене отырып айтатын болсақ, көркем әдебиет өнер оның ішінде сөз өнері де өнер. Өйткені адам ақылының әдіс амалының шебер өнер күшінің жемісі, яғни сапалы адам болмаған жерде әдебиет деген ұғым болмақ. Одан әрі ғалым жалпы өнер атаулының өзін 1. Тірек өнері; 2. Көрнек өнері деп екі үлкен салаға бөледі. Тірек өнері - тіршілік үшін қажеттіліктен туған.
Көрнек өнері - көркемділік үшін жан қоштау үшін. Кезінде А.Байтұрсынов көрнек өнерінің 5 түрін көрсетеді. Бірінші - тастан, кірпіштен, ағаштан яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, тамақ сияқгы нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері деп аталады. Нәрсені - балшықган я металдан құйып, тастан я ағаштан жанып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын -сымбатын келтіріп сурет жасау өнері. Бұл сымбат өнері деп аталады. Үшінші -түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін кескін- келбетін келтіріп, суреттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері деп аталады. Төртінші - әуездің түрлі орайын, сазын, сайрамын келісітірім құлаққа жағым көңілді әсерлейтін эн салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері деп аталады. Бесінші - нәрсенің жайын, күйін, түрін түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері деп аталады. Өнердің ең асылы, ең биігі, ең алды – сөз өнері деп саналады. Сөз өнерінің бұлайша үлкен құрметке ие болуына бірнеше себептері бар.
Сөз өнері басқа онер түрлеріне қарағанда нақты да затты.
Қозғалыс әрекет үстінде көрінеді.
Нақты образға құралады.
Өзіндік мінезге негізделеді.
Тақырыбы мен идеясы айқын болады.
Басқа өнер түрлеріне қарағанда, қалың көпшілікке түсінікті болып келеді. Бірақ сөз өнерінің кейбір шектеулі қасиеттері болады. Кез -келген көркем шығарма белгілі бір ұлттың тілінде болатынын ұмытпау керек.
Сөз өнерін тек саналы адам ғана жасай алады. Ол өнерді жасаушы, қаламгер деген кім? Сол жасаушы суреткердің қандай қасиеті бар болуы керек. 3. Қабдолов қаламгерге тән ерекше қасиеттерін атап көрсетеді.Сезім, бақылау, қиял, интуиция, өмірбаян, парасат, шеберлік, шабыт.
Жазушы шеберханасын зерттеушілер бұдан басқа да көптеген қасиеттеріне ерекше тоқталып жатады. Сондықтан да бұл пікірді қатып қалған заң деп қабылдауға болмайды.
Әр қаламгер өз дәуірінің ұлы. Өйткепі сол озі омір сүріп тұрған ортаны дәріпейді, одан тыс қала алмайды. «Толстой орыс революциясының айнасы» дегенде, Ленин жазушы шығармаларынан көрінетін қоғамдық шындықты айтқан. Бұдан шығатын қорытынды кез келген белгілі шығарма адам өмірімен байланысты. Ол үш нәрсемен сипатталады.
1. Әдебиеттің таным тарапындағы мәні;
2. Әдебиеттің тәрбиелік мәні;
3.Әдебиеттің эстетикалық мәні. Мұндағы эстетика дегеніміз - адамның шындыққа эстетикалық қарым -қатынасының жалпы даму заңдылығын әсірсе қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылыми пән. Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Әдебиет туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиеттану да болмақ емес. Жазу, сызу, өнері ерте дамыған елдерде әдебиеттану ғылымы да ерте дамып қалыптасты. Ал біздің қазақ сияқты көшпелі өмір сүрген, бұрын болған жазу, сьзуын жоғалтып, сергелдең кешкен қалыптарда кештеу дамыды.