Көрмейтін және нашар көретін, бірақ интеллектуалдық бұзылыстары жоқ балалар, білімді
негізгі орта немесе жалпы орта білімді немесе арнайы психологиялық–
педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бірігіп оқу процесінде
алады.
Соқырлар (көрмейтіндер) – көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы
олардың көру түйсіктері мүлдем жоқ, қалдықты көру немесе сәуле қабылдау түйсіктері
бар (көзілдірік) түзетуімен жақсырақ көретін кезде - 0,04-ке дейін және прогредиентті
аурулары мен көру шеңбері тар (10-15-ке дейін), көру өткірлігі 0,08-ге дейінгі тұлғалар.
Көру бұзылысының деңгейіне байланысты тұлғалар бөлінеді: абсолютті (тотальды)
соқырларға (екі көзге де), көру қабылдауы жоқ және соқыр адамдар,
олардың сәулені,
түсті заттардың пішінін қабылдауға мүмкіндік беретін сәулені қабылдау түйсіктері
сақталған.
Нашар көретіндер – көзілдіріктің көмегімен жақсырақ көретін көзді түзетуде 0,05-
тен 0,2-ге дейін көру өткірлігі сақталған, көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір
категориясы. Көру өткірлігінің төмендеуімен қатар нашар көретіндердің көру
қызметтерінің қалпында басқа да бұзылыстар болуы мүмкін (түсті және сәулені қабылдау
түйсіктерінде және т.б.).
Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен
басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар
кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады.
Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек –
нашар көруге
сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және
техникалық құралдары:
- офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (көзілдірік, линзалар, лупалар,
телескопиялық көзілдірік);
- табиғи жарықты реттеуге арналған құралдар;
- оқу, жазу, сурет салу, суреттерді қарау кездерінде дұрыс отыруды қамтитын
арнайы бір орындық парталар;
- оқушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтар (Брайль жүйесі
бойынша жазуға
арналған құралдар, оқу машиналары, Брайль шрифті орнатылған жазу машиналары,
рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» құралы, оптикалық құралдар - лупалар,
линзалар, телескопиялық құралдар);
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар,
электрондық
құралдар).
Тәрбиелеу – білім беру процесі кемістіктің құрылымы, деңгейі және көру
бұзылысының мінездемесін ескере отырып тифлотехникалық тәсілдер мен арнайы құрал-
жабдықтарды міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі. Соқырлар мүмкіндігінен кеш
айырылған балаларға арналған құралдар сипап сезу мен көру-сипап сезу қабылдауды
қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру бұзылыстары бар балаларға оқу және
басқа да мәліметтердің қолжетімдік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше
дидактикалық материалдар мен арнайы көрнекіліктер қолданылады.
Дамуында бұзылыстары бар балалардың ауытқушылықтарын түзету
жұмысын
топтық және жеке түзету сабақтары арқылы мұғалім-дефектолог (тифлопедагог) жүргізеді
(көріп қабылдауын, сипап сезу және ұсақ моториканы, әлеуметтік-тұрмыстық және
кеңістікте бағдарлануын дамыту).
Көру мүмкіндігі шектеулі бала үшін мектепке кіре берістегі текпешектің соңғы
баспалдақтарын анық түстермен сырлау керек, міндетті түрде
ұстағыштары болуы тиіс,
олардың биіктігі үлкен сыныптар үшін 70-90 см, ал бастауыш сыныптар үшін 50 см. Есік
қанық түсті болуы қажет, егер есіктер әйнектен болса, онда оның ашылатын бөлігі қанық
түсті болуы керек. Дәліздің периметрі бойынша ұстағыш жасалуы керек, бала оның
көмегімен мектепте қозғалып, бағдарлана алуы тиіс. Әрбір бөлмеде еденнің қапталуы
түрлі материалдардан болған жағдайда бала оңай қозғала алады. Киім шешетін бөлмеде