Бала |
Жасы
|
6
|
7
|
10
|
12
|
15
|
17
|
Ер бала
|
1200
|
1400
|
1630
|
1975
|
2600
|
3520
|
Қыз бала
|
1100
|
1200
|
1460
|
1905
|
2530
|
2760
|
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымылығын құрады.
Тыныс алу жиілігінің адамның жасына сай өзгеруі
Жасы
|
1 минуттегі тыныс алу жиілігі, рет
|
1
|
44
|
5
|
26
|
15-20
|
20
|
20-25
|
18
|
25-30
|
16
|
30-35
|
18
|
Газдың алмасуы. Адам мен жануардың өмірі үшін ауадағы газдарың ішіндігі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқы айдалатын ауадан өзгеше.
Тыныс ауасының құрамы
|
Газдардың мөлшері, %
| Газдар |
Сырқы ауада
|
Дем шығарған ауада
|
Азот
|
78
|
78,8
|
Оттегі
|
20,92
|
16-17
|
Көмір қышқылы
|
0,033
|
3-4,5
|
Кестеде көрсетілген газдардан басқа дем алған ішке кіретін ауаның құрамында судың буы, аргон, криптон, ксенон, неон, гелий және сутегі ауадан жоғары болады, сондықтан сәл көбірек, бұл жылытылғаннан кейін азот молекулаларының кеңеюіне байланысты. Ауадағы азот пен басқа газдардың организм үшін маңызы әлі толық анықталған жоқ. Олар пайдаланылмай сыртқа қайта айдалады.
Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 литр ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минөтте 8 литр болса, аласа бойлы кісіде 4,5 литр.
Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуғы болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек кажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 литр, кейде 7 литр ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. Гипер+вентилияция-желдету) баланың дем алуының ерешелігіне жатады. Осыған байланысты балардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылының сыртқа айдалуы байқалады.
Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4% көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері анағұрмлым аз, мысалы, 5 жаста балада -1,7%.Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газынаң мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты . ал денеге айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелу әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстығы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газдардың тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а)нейрондарды коректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторы жолмен көмірқышқыл назының арнайы хемореценторларға әсері.
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жартышарларының қатыстары да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алыды.
Тыныс алу мүшелерінің қазметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар.
Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болғанда, организмде аз болса, организмде физиологиялық өзгерістер пайда болады. Тауға шаққанда дам оттегісі аз аумен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілер өзін нашар сезінеді.
Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсу майлармен қосылуы үшін химиялық заттар- ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.
Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысынан қанға өтуі газдардың парциалдық қысымына байланысты. Парциалды қысым- газдардың қосымдысындағы белгілібар газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, яғни ол газдардың жиынтығындағы әрбір жеке газдың пайыздық мөлшері. Өкпе қуысындығы отегінің парциалдық қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе көп болады. Ал ұлпалардағы оттегі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді.
Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн.
Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Баланың дауыс аппараты және тыныс алу органдарының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
2. Дұрыс тыныс ала білуге тәрбиелеу және оның баланың
қалыпты дамуы мен дауыс дұрыс қалыптасуындағы маңызы.ырудың ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |