Бақылау сұрақтары:
Манихей жазуы қай ғасырда пайда болды.
Манихей әріптік жазуымен жазылған көне түркі ескерткіштері.
«Манихейліктердің жалбарыну дұғасы» туралы.
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Манихей жазуы жайлы конспекті жазу.
Қажетті әдебиеттер:
А.Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – А., 1996.
Қазақ тілі. Энциклопедия.
М.Ескеева. Қазақ жазуының тарихи негіздері. – А., 2002
№ 10 лекция. Тақырыбы: Ұйғыр жазуындағы көне, орта түркі ескерткіштері.
Жоспары:
1. Ұйғыр жазуындағы көне түркі ескерткіштері.
2. Ұйғыр жазуының кеңінен пайдаланылған кезеңі, пайда болуы.
Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу.
Лекция мақсаты: Көне ұйғыр жазуындағы түркі ескерткіштерінің тіліне, ұйғыр жазуының пайда болған, кеңінен пайдаланылғанкезеңінен толық теориялық мәлімет беру.
Лекция мәтіні: Тарихи деректер VІІІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістанды мекендеген түркі тайпалары мен одақтары арасына көне түркі руникалық руникалық жазуымен бірге көне ұйғыр жазуы да таралғандығын көрсетеді. Кейбір әдебиеттерде ұйғыр жазуы түркі тайпаларына ІХ ғасырда будда дінімен бірге келген деген пікір бар.
Көне ұйғыр жазуы б.з.б. І ғасыр мен б.з. ІХ ғасыр ралығында қолданылған, бастауын арамей жазуынан алатын соғд жазуы негізінде б.з. VІІІ ғасырында Ұйғыр қағанатына қарасты түркі тайпаларының тілдік ерекшеліктеріне сәйкес пайда болған жазу. Орта Азия, Жетісу, шығыс Түркістанда соғды жазуының қолданылуы осы аймақтағы түркі тайпалары арасында соғды тілінің де таралуына байланысты. Соғды тілі түркі және соғды тұрғындары арасында халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде пайдаланылған. Соғды тілінен аударылған көне түркі ескерткіштері манихей әріптік жазуымен жазылған. Манихей алфавиті б.з. ІІІ ғасырында қалыптасып, парсы елдерінде, Үндістан мен Орта Азияда таралған діни ілім манихейлік жалбарыну дұғаларын насихаттау барысында батыс түркі тайпаларынаV ғасыр шамасында жеткен, одан шығысқа таралған.
VІІІ ғасыр Ұйғыр қағанатында үстемдік еткен манихей діні зороастризм, ислам, христиан, будда діндерінің ығыстыруына ұшыраған. Соғды, манихей жазуларының үлгісімен қалыптасқан ұйғыр жазуымен түрлі діни уағыздардың аудармалары, заң ережелері, жылнамалар жазылған. Ең көне үлгілері VІІІ ғасырдан белгілі. Ұйғыр жазуын алдымен қоғамның білімді өкілдері мен дін басылары пайдаланды, бара-бара халық арасына тарады. Түрлі керамикалық бұйымдар мен айналардағы жазулар осыны дәлелдейді. Ұйғыр жазуының тасқа қашалған үлгілері де бар. Мысалы, 1927 ж. Ұлытау жоталарынан табылған шағатай тілінде жазылған ескерткіштер. Бұл жазуларды ХІV ғасырдың соңында Ақсақ Темірдің қашатқаны анықталды.
ХІІІ ғ. басында ұйғыр жазуын кеңінен қолданған керей, найман тайпаларын Шыңғыс әскерлерінің жаулап алуына байланысты бұл жазу монғолдарға да тарады. Ал ХV- ХVІ ғасырларда көне ұйғыр әліпбиін манчжурлар қабылдады. Көне ұйғыр жазуы түркілер арасында ХІ-ХІІІ ғасырларда араб жазуымен қатар ХVІІІ ғ. дейін қолданылған, кеәін ислам дінінің үстемдік етуіне байланысты араб әліпбиі толық ығыстырып шығарды. Сары ұйғырлар көне ұйғыр жазуын ХІХ ғ. басына дейін қолданғандығы жайлы дерек бар.
Көне ұйғыр жазуымен жазылған көне түркі ескерткіштері бізге негізінен ҚХР Шыңжан өлкесінен табылған қолжазбалар арқылы жетіп отыр. Бұл ескерткіштердің көпшілігі Москва, Санкт-Петербург шығыстану институттарында, Париж, Лондон, Берлин сияқты ірі қалалардың кітапханалары мен мұражайларында сақталған. Ескі ұйғыр жазбаларының көне үлгілері «Манихейлердің жалбарыну дұғасы», «Жәдігөйлердің табынуы» (VІІІ ғ.), «Алтын жарық» (ХІ ғ.) шығармаларын жатқызуға болады. Ұйғыр жазуы жайлы деректер М.Қашқаридың сөздігінде де кездеседі. Европа елдерінде көне ұйғыр жазуындағы ескерткіштерді зерттеу Ю.Клапроттың 1812 ж. ұйғыр жазуының сырын ашудан басталған. Көне ұйғыр жазулы түркі ескерткіштерін зерттеуге В.В.Радлов, С.Е.Малов. Ф.Б.Банг, Г.Пелло, А.Вамбери, В.Томсен т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді.
«Құтты білік». Көне ұйғыр жазуымен жазылған түркі ескерткіштерінің ең көлемді де көрнектілерінің бірі – Ж.Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны. Дастанның үш қолжазбасы сақталған, біреуі ұйғыр жазуымен, екеуі араб әліпбиімен жазылған. Қазір Венадағы Карольдер кітапханасында сақталған. Араб жазуымен жазылған нұсқалардың біріншісі – Мысырдағы Каир кітапханасында, екіншісін 1913 жылы өзбек А.З.Валидов Копенгаген кітапханасынан тапқан, қазір Өзбекстан ҒА Әбу-Хайан Әл-Бируни атындағы шығыстану институтының кітапханасында сақтаулы. Түркі халықтарының ортақ мұрасы, ХІ ғ. ескерткіші- «Құтты білікті» қазақ тіліне толық аударып (поэзиялық үлгіде) әдеби тілде талдау жасаған – А.Егеубаев. Ал дастанның лингвистикалық тұрғыдан нақты ғылыми аудармасы толық жасалған жоқ. Б.Сағындықов кейбір үзінділерін аударды. 200 бетке жуық, 85 тараудан тұратын бұл құнды еңбек тарихшылардың айтуы бойынша қазіргі Қазақстан аумағындағы Шу бойындағы Баласағұн (Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе елді мекені) қаласында бастап жазылып, Қашқарда аяқталған.
«Хибат-ул-хақайық» («Ақиқат сыйы»). ХІІ ғ. жазылған дидактикалық дастан. ХІІ ғ. ұлы ақыны, ойшыл А.Иүгінекидің бұл шығармасының түпнұсқасы сақталмаған, ХІV- ХV ғ. жасалған үш түрлі көшірмесі және үш түрлі үзінділері бар.
Бірінші нұсқасы 1444 ж. Самарқандта ұйғыр жазуымен калиграф (жазу өнерінің шебері) Зәйнүл Әбидин ибн сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған, 508 өлең жолынан тұрады. Қазір Стамбұлдағы София кітапханасында сақтаулы. Екінші нұсқасын 1480 ж. Шайықзада Әбдіразақ бақсы ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұрады. Үшінші нұсқа ХІVғ. Аяғы мен ХVғ. Басындаараб жазуымен көшірілген.
Бұғұт ескерткіші ұйғыр жазуымен тасқа қашалып жазылған көне түркі ескерткіші. Монғолияның Арханғай аймағы, Бұғұт елді мекенінің батысындағы көне қорымнан табылған. Ханиу-гол өзенінің аңғарында орналасқан көне түркі қорымы VІ- VІІ ғ. жатқызылады. Ескерткішітің түпнұсқасы Архангай мұражайында сақтаулы. Төрт жағында бірдей жазуы бар тасты алғаш зерттеген монғол археологыДж. Джордж Сурэн (1956) тастағы жазудың біразыұйғыр жазуы екендігін алғаш байқаған В.Ричен.
Достарыңызбен бөлісу: |