Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні


-лекция. Тақырыбы: Көне түркі руникалық алфавитінің генезисі



бет11/36
Дата14.12.2021
өлшемі111,05 Kb.
#126494
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
turkitanugai kirispe darister

8-лекция. Тақырыбы: Көне түркі руникалық алфавитінің генезисі.

Жоспары: 1) Көне түркі алфавитінің шығу тегі проблемасы.

    1. Көне түркі мәдениетінің тарихы.

    2. Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар.

    3. Түркі руникалық таңбаларының полеографиялық және фонологиялық байланыстары.

Лекция мақсаты: Лекция барысында студенттерге көне түркі руникалық алфавитінің шығу тегі, тарихы жайлы болжамдар мен деректер туралы дәлелді мысалдар келтіре отырып теориялық мәліметтер беріу, түсіндіру.

Лекция мәтіні: Тек түркі жұртшылығының ғана емес, жалпы адамзат өркениетінің рухани-мәдени құндылықтарының бірі болып табыдатын көне түркі руникалық жазуларының тілі ХІХ ғ. соңынан бастап түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасының алтын арқауы, олардың өзара туыстық деңгейін белгілеудің негізгі критерийі болып келеді.

Д.Миссершмидт, И.Страленберг, Н.Ядринцев, В.Томсен, В.Радловтардың есімдерімен тығыз байланысты ғылымға енген көне түркі руникалық жазбалары сырының ашылуы түркологияға үлкен бетбұрыс әкеліп, көшпенді дала мәдениетін бүкіл әлемге паш етті. Руна жазулы көне түркі ескерткіштері жайлы алғашқы деректер ХVІІ ғ. соңына қарай белгілі бола бастады.

Ғылыми әдебиеттерде Орхон-Енисей жазбаларының ашылуына байланысты түркі халықтарының жазу тарихы б.з. V- VІ ғ.ғ. қалыптсқандығы жайлы пікір қалыптасып қалды. Әйтсе де, соңғы 30-40 жыл көлемінде Қазақстан аумағында табылған археологиялық қазба материалдары бұл пікірдің жаңсақтығын көрсетіп, түркілердің әріптік жазу мәдениеті б.з.д. V- VІ ғ. сақ дәуірінен бастау алатынын дәлелдеп отыр. Біздің жыл санауымызға дейінгі V- VІ ғ.бастау алатын, 2500 жылдық тарихы бар түркілердің алғашқы әріп жазуының шығу тегі туралы бірнеше ғылыми жорамалдар ұсынылғанымен әлі толық анықталған жоқ. Орхон-Енисей жазуларының құпиясы ашылмай тұрып-ақ, шығу тегі жайлы пікірлер айтыла бастайды. Құпия жазуларды оқуға жол ашқан В.Томсен көне түркі әліпбиі арамей жазуының тармақтары парсы және соғды жазуларының негізінде қалыптасқан, ал кейбір жекелеген таңбалар идиограммалардың негізінде пайда болған деген жорамал айтты. Бұл пікірін түркологтардың көпшілігі қолдады ( Е.Г. Поливанов, О.Доннер, В.Радлов, С.Толстов, П.Мелиоранский т.б.).

Қазақ ғалымдары Ғ.Айдаров пен Ә.Құрышжанов та көне түркі таңбаларының түркі халақтарының ру таңбаларымен ұқсастығын көрсетеді. Көне түркі руна жазуы мен ру таңбалары арасындағы байланысты кездейсоқ сәйкестік дейтіндер де бар. Дегенмен, Орхон-Енисей жазу таңбалары мен қазақ ру таңбаларының арасындағы 20-ға жуық таңбалар ұқсастығын кездейсоқ құбылыс деп айтуға келмейді. А.С.Аманжолов академик Ю.Клапроттың бір жарым ғасыр бұрын айтқан руникалық алфавит көне грек жазуымен тектес деген пікірінің негізділігін айтты.

Жалпы көне түркі руникалық ескерткіштері жазылу кезеңіне, сол кездегі әлеуметтік-саяси жағдайға, жанры мен тіліне, жазу таңбаларының ерекшеліктеріне орай 7 топқа бөлініп қарастырылады:


  1. Батыс түрік қағанатына тиісті ескерткіштер немесе Орхон ескерткіштері Орхон өзенінің және Алтай тауының айналасынан табылған ескерткіштер ( VІІ- ХV ғ.).

  2. Қырғыз қағанатына тән Енисей жазу ескерткіштері. Жазылу кезеңіне байланысты бірнеше пікір бар. Шамамен, V- VІІ ғасырларды қамтиды.

  3. Қарахан тайпалық одағына тиесілі Лена-Байкал өңірінен табылған ескерткіштер

(VІІІ- Х ғ.).

  1. Талас және Ферғанадан табылған ескерткіштер, оғыз ескерткіштері деп те аталады (VІ- VІІІ ғ.)

  2. Ұйғыр қағанатына тиісті Монғолиядағы Семиш және Қараболғасун ескерткіші (VІІІ- ІХ ғ.)

  3. Шығыс Түркістандағы ұйғыр мемлекетіне тән ескерткіштер мен тұрфан жазулары (ІХ-Х ғ.)

  4. Хазар қағанаты мен Печенег тайпаларына қатысты Шығыс Европадан табылған ескерткіштер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет