Ғылыми жетекшінің міндеттері:
- ізденушіге жобаның тақырыбын таңдауға және оны орындау жоспарын әзірлеудегі практикалық көмегі;
- зерттеу әдістерін таңдауда көмек көрсету;
- әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуде кәсіби кеңес беру;
- әзірленген жоспарға сәйкес жобаның орындалуын жүйелі қадағалау;
- ұсынылған талаптарға сәйкес жобаның орындалу сапасын бағалауы және оны ғылыми жетекшінің өз жазба пікірінде көрсетуі.
Жоба мынадай элементтерді қамтуы тиіс:
- титул парағы;
- абстракт (аннотация);
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
-пайдаланылған дереккөздердің тізімі;
- қосымша.
Абстракт зерттеу немесе әзірлеу объектісін, жұмыстың мақсатын, ғылыми болжамын, зерттеу әдісін немесе әдіснама кезеңдерін, зерттеудің жаңалығын, жұмыстың нәтижелері мен қорытындыларын, нәтижелерді практикалық қолдану саласын қамтиды.
Аңдатпа – еңбек мазмұнына қатысты қысқаша тұжырым. Бұл еңбек жазылған тілде және басқа екі тілде , 250 сөзден артық емес көлемде беріледі. Яғни жоба қазақ тілінде болса , аннотация (абстракт) орыс және ағылшын тілінде жазылады. Мұны жазылған жобаның халықаралық дәрежеге көтерілу жолдары және мемлекетіміздің ғылым саласындағы танытар жетістіктерінің жолдары деп түсінген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |