Кіріспе келесілерден тұрады: 1) зерттеудің өзектілігі - өзінің шешімін талап ететін ғылыми проблеманың маңыздылығын , заманауилығын , мәнін қарастырады.
2) Зерттеудің мақсаты – үйлестірілген іс-қимылдарды анықтау нәтижесінде қойылған ғылыми проблеманы шешудегі ғылыми зерттеудің бағыты.
3) Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатына жету үшін шешімдерді қажет ететін өзара байланысқан және келісілген сұрақтардың жиынтығы.
4) Зерттеудің нысаны – шешілуі ғылыми зерттеуді қажет ететін проблемалардың бар екендігін сипаттайтын объективті әлемнің бөлігі.
5) Зерттеудің дереккөздері – шығаруларға арналған бастапқы деректер.
6) Зерттеу әдістері – объективті әлемді дамытудың жалпы және жеке заңдылығымен негізделген теориялық және практикалық зерттеудің жолдары, әдістері, мақсатқа жету тәсілдері.
7) Зерттеудің жаңалығы – автор алғаш рет қол жеткізген жаңа, сирек кездесетін, өзіндік нәтижелер.
8) Қорғауға ұсынылатын қағида – бұл жұмыстың мәнін топшылайтын өзара байланысқан және өзара келісілген ғылыми бекітулер жүйесі
9) Зерттеудің теориялық және практикалық мәні – адам мен қоғамның ғылыми-теориялық және практикалық қызметіндегі зерттеулер нәтижелерінің оңтайлы ролі.
10) Зерттеудің құрылымы – жұмыстың қанша бөлімнен тұратындығын көрсетеді.
Негізгі бөлім жобаның әрбір бөлімі зерделеніп жатқан тақырыптың басты мәселелерінің бірін ашуы керек. Негізгі бөлікте орындалған ғылыми жобаның мәнін, әдісін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіреді. Негізгі бөлімде зерттеу тақырыбын таңдау негізі, зерттеу әдістерінің сипаттамасы, нәтижелерді қорытындылау және қойылған проблемалар шешімінің толық бағасы қамтылуы керек.
Тарау – негіздің басты бөлімдері. Ғылыми жобалар, әдетте, бір тараудан аспайды. Шын мәнінде, ғылыми жұмыстар кемі екі тараудан тұруы қажет. Тарау ішкі бөліктерде айтылған тұжырым, қорытындыларды жеткізуге мүмкіндік береді. Тарау аталымы қысқа да нұсқа, әрі ішкі жүйелену жүйесіне сай келіп отыруы қажет. Оның жазылуында да белгілі тәртіп бар. Ол бірыңғай үлкен әріппен, араб сандарынан кейін еш тыныс белгісінсіз жазылады. Тарау атауын парақ бетінің ортасына орналасатындай етіп жазу көзделеді. Тармақ – тараудан кейінгі кіші бөлік. Олардың өзі екі-үш сандық дәрежеде, яғни кемі екі бөліктен болады. Кез келген бөлік тарауда қамтылған мәселеге қатысты өрбиді. Тармақ тарау көздеген міндеттің бір бөлігін шешу мүмкіндігін береді. Тармақ атауы да қысқа да нұсқа қалыпта болғаны дұрыс.
Тармақша – тармаққа бағынған бөлік. Ол жұмыстың ашылу жағдайына байланысты қабылданады. Демек , тармақты тармақшаға бөлу міндетті емес. Бөле қалған жағдайда, тармақша тар ұғымда тармақ мақсат еткен , ал кең мағынада тарау мақсат еткен шешімді шешу жолдарын қарастырады. Тармақшаның да аталуы тарау-тармаққа байланысты: солардың негізінен өрбіп, соларда қамтылған тұжырымдарды таратуға қызмет етеді. Тұжырым – логикалық ой қорыту арқылы алынатын жаңа пікір (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы). «Қазақ тілі сөздігінде» тұжырым белгілі бір істің қорытындысы, байламы, шешімі деп түсіндіріледі. Көлемі де аз: бір бет. Бірақ мұнда баяндалған жұмыстың нәтижелері , соның негізінде жасалған қорытындылар санамалап берілгені абзал. Сонымен қатар ғылыми және практикалық мақсаттағы нақты ұсыныстар болғаны жөн.
Мазмұн парағында негізгі бөлім атаулары бірыңғай үлкен таңбамен беріледі және жаңа беттен басталады. Негізгі бөлімдер ретінде кіріспе , басты тараулар , тұжырым мен пайдаланылатын әдебиеттер саналады. Мұның ішінде басты тараулар ғана бірнеше тармақтармен сараланады. Ол тармақтардың өзінің жеке атаулары болуы қажет. Тармақтарды жеке тармақшаларға жіктеу мүмкіндігі бар. Ол ізденушінің зерттеуі мен жұмысының орындалу барысына орай шешіледі.
Қорытынды қорғауға шығарылған мақсаттар, нақты міндеттер, ережелермен байланысты алынған нәтижелердің қисынды дұрыс мазмұны. Қорытынды әрбір бөлім бойынша тұжырымдарға негізделген түйіндерден тұруы тиіс. Тұжырымдар – қол жеткізілген жетістіктер туралы өзара байланысты ойтұжырымдар нысанындағы нақты шешімдерді зерделеудің қорытындысы.
Әдетте, мәтін ішінде дәйексөз белгілі бір еңбектен алынады. Дәйексөз жоба жазушының ойымен үндесетіндей, болмаса қарама-қарсы пікірді білдіретіндей болып келеді. Үндесу ғылыми дамудың байланыстылығын көрсетсе, қарама-қарсылық – жаңа ой, тұжырым, болжам тудырудың жолы. Дәйексөзді ұзын- сонар көшіріп берудің қажеті шамалы. Қайта оның жұмысқа тигізер әсерін ескеріп отыру керек. Берілген дәйексөзді әдебиеттер тізімінен табуды тік жақша [ ] ішіндегі сандар көрсетеді. Оның алғашқы саны пайдаланған әдебиет тізіміндегі ретін, екіншісі сол әдебиеттің нешінші беті екендігін білдіреді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыруда автордың тегі, одан соң аты-жөні қысқартылып беріліп, еңбек аталымы, оның қай қалада басылғаны, қай баспадан жарық көргені, қай жылы және жалпы бет саны қанша екендігі басты өлшем ретінде саналады. Әдебиеттер тізімінде берілетін еңбектер төмендегідей ыңғайда және тыныс белгілердің орны бөлек. Тырнақша аталымның екінші мағынасында екендігін білдірсе, жақша негізгі атаудың жалғасы іспетті.
Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар (Wort, 14 шрифт, 1 интервал, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, асты – 25 мм, үсті – 20 мм. Бет саны орта тұсының астыңғы жағында беріледі және титул мен мазмұны көрсетілген бетке сан қойылмайды). Титул парағында мыналар көрсетіледі: • жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы; • автордың (біріккен автордың) тегі, аты; • жұмыстың атауы; • жұмыстың дайындалған бағыты, жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты; • қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.
Абстракт (аңдатпа) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның қысқаша мазмұнын білдіреді. Кіріспе екі беттен артық емес болады. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден тұруы мүмкін. 6. Қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [5]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы тиіс.