Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау Лекцияның оқыту нәтижелері: Ғылыми мақала жазу әдіснамасын үйреніп, шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау жолдарымен танысады


Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері



бет15/17
Дата19.03.2022
өлшемі104,97 Kb.
#136215
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
15 лекция

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері
Магистрлік диссертация стандартты А4 (210х297) форматында баспалануы керек және қатты мұқабада мұқабалануы керек.
Мәтіннің мазмұны компьютерлік тәсілмен парақтың бір шетінде келесі шаблон бойынша теріледі: қаріп – «Times New Roman», қаріп мөлшері 14, интервалы – бірқалыпты, қадағалуы – қарапайым, тегістелуі – ені бойынша, шегініс – 1,25 см. өріс мөлшерлері – сол жақ – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм.
Магистрлік диссертацияның көлемі техникалық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтары үшін 60-80 бет, және гуманитарлық ғылым мамандықтары үшін 80-100 бет болуы керек.
Белгілі бір терминдер, формулаларға түрлі гарнитура қаріптерін қолданып назарды аударудың компьютерлік мүмкіндіктерін қолдану рұқсат етіледі.
Диссертациядагы адам тегі, ұйымдардың, өнеркәсіптердің, бұйымдардың атаулары және басқа да атаулар түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Ұйымдардың, өнеркәсіптердің атауларын аудармалағанда, қосумен диссертация тіліне келтіруге рұқсат беріледі (түпнұсқа атауын бірінші атаған кезде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет